ТІЛДЕСІМ АРҚЫЛЫ ТІЛДІ ДАМЫТА ОТЫРЫП ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақ тілін тілдесім арқылы дамыта отырып үйрету тәсілдері – білім алушылардың тілдік
құзіреттілігін көтеруге ықпал ететін әдіс. Тілдесім сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше
құбылыс болғандықтан, оқытушы мен студент тарапынан жан-жақты жауапкершілік қажет. Себебі
тілдесім тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның
іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Қазіргі ақпарат көздері көп уақытта мемлекеттік тілді
үйретуде заманауи әдіс-тәсілдердің, инновациялы оқытудың алар орны ерекше. Студенттердің өздік
жұмысын ұйымдастыру, рөлдік ойындар, жазылым жұмыстарына негізделген тапсырмалар, өзін-өзі
бағалау өлшемдері тұтаса келе тілдесім әрекетінің дамуына ықпал етеді.
Түйін сөздер: тілдесім әрекетінің түрлері, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, жаңаша оқыту
тәсілдері, бағалау критерийлері.
Қай заманда, қай қоғамда болмасын, уақыт талабына сай адам санасын, оның ойлау қабілеті
мен мәдени деңгейін жоғары сатыға көтеру тәрбие берудің қайнар көзі болып келеді. Адамның
рухани байлығы адамгершіліктен бастау алатын болса, жас ұрпақты жақсылыққа баулитын
ұстаздардың өздері де игі ниетті, терең білімді, үйретудің қыр-сырын меңгерген парасатты,
ізденімпаз, шығармашыл жан болуға тиісті. Қазіргі жаһандану дәуірінде әр ұлттың ұлт болып
қалмағы – жас буынның рухани білімділігінде, таза іс-әрекеті мен отаншыл жүрегіне байланысты
екендігі жасырын емес. Осыған байланысты оқытуда, тіл үйретуде ең басты талап – мемлекеттік
тіліміздің қолданысын тек кеңейту ғана емес, өміршеңдігін арттыру, барлық қазақстандықтар жетік
меңгерген, бар салада еркін қолданылуға оралымды тіл ету, алпауыт тілдердің ығында қалмайтын,
барлық асыл қасиетімен кейінгі ұрпаққа шашаусыз жететін мәртебелі мұра ету. Қазіргі уақытта
қазақ тілінде көркем әдебиет оқып, оны бір-біріне ұсынып, пікір таластырып жататын жастар
азайып барады. Өзге ұлт өкілдерін айтпағанда, кейінгі жас ұрпақ өз ата-аналары қолдан қолға
тигізбей, жастықтың астына қойып оқыған классикалық шығармалардың өзін оқып жарытпайды.
Сондықтан жастардың тіл байлығын арттыру, өз ұлтының мәдени мұраларын түйсініп, сүйсіне
|