Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
276
Н.Төреқұлов қазақ, орыс, өзбек, татар, түрік, неміс, француз тілдерін жетік білуімен қатар, аз
уақыттың ішінде араб тілін де меңгеріп алды. Бұған қоса, бірнеше тілді меңгеруінің арқасында өз
ойын анық жеткізіп қоймай, діни тақырыпта да сөз таластыратын. Оның терең білімі мен кәсіби
дағдысына, адами болмысына тәнті болған Сауд королі мен оның отбасы оған ерекше құрмет
көрсетті. Король Абдель Әзіз әл-Сауд оны «бауырым» деп атады. Сондай-ақ, ол королдің ұлдарымен
де, әсіресе, ханзада Фейсалмен жақсы қарым-қатынаста болды.
1932 жылы Фейсал бастаған «саудтық» делегация он күн Кеңес Одағында болып қайтты. Мұны
Н.Төреқұловтың саяси жетістігі деп санауға болады. Екі тарап та бұған айрықша мән берді. Екі
ел арасында достық қатынас орнады. «Саудтық» делегация КСРО үкіметінен 10 жыл мерзімге бір
миллион фунт стерлингке кеңестік тауар несиесін алу жөнінде келісімге қол жеткізді. Н.Төреқұлов
бұл елшілік орында сегіз жыл қызмет атқарды.
Меккеге әлемнің түкпір-түкпірінен тәу етіп келетіндер көп. КСРО-дан, атап айтқанда,
Қазақстаннан, Башқұртстаннан, Татарстаннан, сондай-ақ, Солтүстік Қап тауынан және Орта
Азиядан Меккеге қажылыққа баратындарды есепке алсақ, аталмыш елмен қатынас орнатудың
қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.
Н.Төреқұлов дінді теріске шығаратын коммунистік идеологиямен қаруланған елдің өкілі
ретінде қызмет атқарғанын ескерсек, оның кейде қандай күрделі мәселелермен бетпе-бет келгенін
елестетудің өзі қиын. Сөйтсе де, ол Меккеге Кеңес Одағынан қажылыққа баратындар үшін жағдай
жасау жөнінде Үкіметке өз ой-пікірін батыл білдірді.
Бұл мәселенің ойдағыдай шешім табуына оның ұйымдастырушылық қабілеті, бірнеше
тілді жетік білуі, терең білімі мен мол тәжірибесі, сұңғылалығы көп әсерін тигізді. Бірде Түрік
Республикасының ұлттық мерекесінде ол дипломатиялық корпустың атынан араб тілінде сөз сөйледі.
Осыдан кейін онымен шетелдік әріптестері санасатын болды. Ол ол ма, қандай да бір даулы мәселе
туындаса, оның ақыл-кеңесіне жүгінетін болды. Ең бастысы – жергілікті монархтардың сеніміне ие
болды, король мен оның отбасының ыстық ықыласына бөленді. Ал бұл өз кезегінде мәдениеті мен
дүниетанымы бөлек елдер арасындағы достық қарым-қатынастың орнауына жол ашты.
1933 жылы ол қажылыққа барды. Бұл турасында бұрын эмиграцияда болған, татар
мұсылмандарының ұлттық қозғалысының көрнекті қайраткері Гаяз Исхаки былай дейді: «Меккенің
көшесінде балға мен орақ бейнеленген қызыл туы бар автокөлік пайда болды. Онда екі адам отыр-
ды. Олардың бірі – Коминтерн мүшесі, Кеңес Одағының өкілі Нәзір Төреқұлов болатын. Сол жерде
оның қажылыққа келгені белгілі болды. Ол өзгелер секілді қажылығын өтеді. Содан соң, Мәдинада
жатқан Пайғамбарымыздың басына барды. Кеңес Одағының өкілдері «мұсылмандардың қажетіне»
деп, қаражат ала келіпті» [2].
Сонымен қатар Нәзір Төреқұлов жыл сайын кеңестік территория арқылы 10-15 мың қажылыққа
баратын адамдардың Меккеге баруы мәселесін де қарастырды. Ол шығыс елдерінде болған
оқиғалардың, процестердің ортақ себептерін, ерекшеліктерін де салыстыра отырып, «Ұлт мәселесі
3-і Интернационалдың 4-і Конгресінде» мақаласында 1918 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс
аяқталғаннан кейін, Еуропа буржуазиясының ең жанды жерінің бірі – күншығыс мемлекеттері –
Түркия, Иран (Қызылбас), Үндістан, Қытай екендігін атап көрсетеді. «Күншығыстың өзінде 200
миллионға жақын мұсылман бар. Бұлардың Россиядағыларынан басқасы Англия мен Франция
хүкіметтерінің қол астында, бір Һүндістанда (Үндістан) Англияның қолында 70 миллион шамасында
мұсылман, 220 миллоннан аса мажуси (брахман дінінде) бүтін Иран Англия қолында. Бүтін Арабстан,
Арабстандағы Мекке, Медине Англия қолында. Ирак (бахар аннаһрин-месопатамия) Бағдад деген
белгілі қаласымен Англия қолында. Ферғауындар дәурен сүрген Мысыр, Мысырдағы мұсылмандар
Англия қолында. Мұның үстіне Түркияны дүние жүзінен жоқ қылып жіберу Түркияны ионан
(гректі) Англия құтыртып салып отыр. Түркияның бір аймағы болып келген Сурия (русше Сирия,
түбінде «Ажур») – ны (Алжир) Француз еріксіз зорлықпен билеп отыр. Бәрін айтудың керегі жоқ!
Еуропа буржуазия хүкіметтері өз жұмыскер пролетариатын қалай алдап езіп келе жатқан болса,
күншығыстағы халықтарды да солай алдап, жаншып келеді. Сондықтан күншығыс халықтарының
да, Еуропа пролетариатының да жауы бір болып шығады: Еуропа хүкіметтері, Еуропа буржуазиясы.
Екеуінің де сүйегіне бір пышақ батып отыр. Екеуіне де босану, әрекет қылу керек», - деп ортақ
себептерін ашып көрсетеді [3, 132-133 б.].
3-і Интернационалдың 2 конгресінде күншығыс мемлекеттерінде жұмыскер кедейлер өз
қауымдарын құрып, бүкіл халықты езіп жаншып отырған Еуропа империалистеріне қарсы күресте
буржуазияларымен бірге көмектесіп шығулары керектігі жайлы қаулы қабылдағандығына назар ау-
|