Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет466/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

278


«Красный  рубеж»  басылымының  №2  санында  жарық  көрген  Е.  Федоровтың  «О  религиозных 

перспективах Средней Азии» мақаласында ислам дінінен хабары жоқ, шолақ белсендіні сынайды [6, 

326 б.]. Оның «шариат, тасаввуф» сөздеріне байланысты тұжырымдары негізсіз екендігін дәлелдеп, 

іске зиян келтіретіндігін айтады. Орталық Азиядағы дінге қарсы насихат барлық жерде негізгі екі 

мәнді іске 1) Исламды білу, 2) жергілікті ортаны, атап айтқанда оның әлеуметтік, экономикалық 

және  тұрмыстық  қатынастары  білуге  арқа  сүйеу  қажеттігін  көрсетеді  [7,  71-75  б.].    Тек  осы  екі 

шартты сақтағанда ғана дінге қарсы насихат аталған ортадағы Исламның таптық мәнін ашуға ықпал 

ететіндігін көрсетеді. Нәзір Төреқұловтың қай еңбегін алып қарасаң да оның теориялық білімінің 

тереңдігін айқындайды. 

Нәзір  араб,  парсы,  түрік,  орыс,  неміс,  француз,  қазақ,  өзбек  тілдерін  жетік  меңгерген.  Сауд 

Арабиясы Королдігінде  дипломатиялық Агент және бас Консул қызметін атқарған жылдары да 

мәнін жоғалтпады. 

Осы жылдары Н. Төреқұлов өзінің жазған хаттарының бірінде араб тілінен білімінің тереңдегені 

соншама,  қарапайым  әңгіме  барысында  аудармашының  көмегінсіз  түсіне  алатындығын  жазады. 

Туйметовтың қатысуымен Муххаммед Насифпен мұсылмандықтың қазіргі деңгейі, ваххабизмнің 

негізін қалаушылардың бірі Ибн Теймидің философиясы  жайлы т.б. әңгімелескендігін айтады [6, 

448 б.].

«О стажерстве» деп аталатын жазбаларында «Москвада арабтанушы кадрлардың біздің ісіміз 

үшін  тағылымдамадан  өту  жүйесін  жолға  қою  қажеттігін»  ескертеді.  Біз  арабтанушы  Шығыс 

институтын  бітірген  немесе  жоғарғы  курс  студентін  Джедда  қаласында  болашақта  агенттік  пен 

өкілеттілік жұмысы үшін практикалық тағылымдама жұмысы үшін бір жылға пайдалануға болар 

еді  деп  ұсыныс  білдіреді.  Осындай  тәсілмен  теориялық  қана  емес,  практикалық  жағынан  араб 

тілін  білетін  азғантай  кадрлармен  қамтамасыз  етуге  көмектесетіндігін  айтады.  Тағылымдама 

болашақта  араб  секторына  деген  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратындығын  ескертеді. 

Нәзір Төреқұловтың осы идеяларының қазіргі кезеңде іске асуы оның өміршеңдігін көрсетеді. 

Нәзір Төреқұлов есімі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қайтадан ортамызға оралды. Дінтану 

ғылымына байланысты мұралары әлі де болса зерттеуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет