Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет489/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

290


бірбірінен ажырамастай бірігіп кеткенін көрсетеді немесе әу баста тектерінің бір екенін білдіретін 

ортақ құндылықтар болуы да мүмкін. 

Алтай түрктерінің дүниетанымы туралы қытай, арабпарсы және Түрк жазба ескерткіштерінде 

сондай-ақ археологиялық ескерткіштер мен халықтың жадындағы аңыздар мен ауыз әңгімелерде 

жақсы  сақталған.  Біз  осындай  құнды  деректер  негізінде  байырғы  түрктердің  дүниетанымы  мен 

әдетғұрып, салтдәстүрлерін жаңғыртуға мүмкіндік аламыз. Көне түрктерде Тәңір, Ұмай, Жер-Су 

ұғымдары  архаикалық  мағынаға  ие  және  олар  түрктердің  дүниетанымында  жоғары  маңызға  ие 

болған. Алайда бұл ұғымдарды дін ретінде қарастыруға бола ма?. Алтай түрктерінде «Тәңірлік» 

немесе  «Шамандық»  дін  болған  ба?  Егер  Тәңірлік  дін  болса,  «Ұмай»,  «Жер-Су»  культі  қандай 

қызметтер  атқарған?.  Осындай  сұрақтарға  қатысты  қазіргі  ғылымда  бірнеше  пікірлер  мен 

тұжырымдар қалыптасқан. Сол себепті түрктердің діни наным сенімдері әлі де күрмеулі мәселенің 

бірі болып отыр. 

Л.Н. Гумилев көне түрктердің дінінің пайда болуы жөнінде мынадай тұжырым айтады: «жеке 

тайпалар өсіп, халық болып құралады да, өздерінің діни жүйелерін енгізеді. Діни наным сенімдерінің 

элементтері ұқсас болғанымен олардың бір-бірімен үйлесуі әртүрлі болады. Және ежелгі түрктер 

де сондай болған [1, 74]. Л.Н. Гумилевтің пайымдауынша ежелгі түрктерде тәңірліктен бөлек ата-

баба  аруағын  құрметтеу,  сиқырлық  (жадылық)  және  тотемистік  наным  сенімнің  нышандары  да 

сақталған.  Ал,  Л.Потапов  өз  зерттеуінде  Алтай  түрктері  «шамандық»  дінді  ұстанған  және  олар 

түрлі қара күштерге (түрлі рухтар) сиынған, түрктер оларға арнап қой мен жылқыдан құрбандықтар 

шалатын болған және бұл дәстүр қазіргі алтайлықтарда XX ғасырдың ортасына дейін жалғасқан 

дейді [2, 86]. Келесі зерттеуші С.М.Абрамзон ежелгі түрктілдес халықтың бірі қырғыздардың да 

Тәңір  мен  Ұмайға  сиынғанын  сондай-ақ  олардан  бөлек  тотемистік  белгілері  болғанын  және  ол 

тотемдік белгісі «бұғыны» құрметтеу арқылы көріс тапқанын айтады [3, 299]. Түрктердің тарихын 

терең  зерттеген  ғалым  С.Кляшторный  бұл  айтылған  тәңіршілдік  немесе  тотемистік  секілді  ескі 

сенімдерден бөлек түрктер арасында шет елдерден саяси жолмен келген буддизм, манихеизм және 

христиан дінінің кейбір тармақтары да болғанын айтады [4, 151]. 

Көріп отырғанымыздай ортағасырлық түрктердің діні туралы түрлі көзқарастар бар. Алайда, 

түрктердің  өздерінің  дүниетанымынан  хабар  беретін  бірден-бір  нақты  дерек  ол  –  Орхон  жазба 

ескерткіштері.  Орхон  ескерткіштерінде  Тәңір,  Ұмай,  Жер-Су  және  Құт  осы  төрт  ұғым  ғана 

айтылады. Түрктер үшін бұл киелі ұғымдардың маңызы зор болған. Ал, шаман туралы мүлдем еске 

алынбайды. Алдыңғы айтылған төрт ұғымды (Тәңір, Ұмай, Жер-Су және Құт) байырғы түрктер 

өздерінің тұрмысы мен шаруашылығында, қуанышы мен қайғысында өмірлік күш, қуат беруші әрі 

қолдаушыларымыз деп ұққан. Осылардың ішінде ең жоғары мәнге ие – ол Тәңір болған.

Тәңір.  Жоғарғы  әлем.  Түрктердің  дүниетанымында  әлем  моделі  үш  сатыдан  тұрды:  аспан, 

жер және жер асты әлемі. Көне түрктер дүниетанымында Тәңірдің мекені жоғарыда көк аспанда 

деп түсінген. Ал жер ортасында адамдар мен жануарлар мекендейді. Жер асты әлемінде Эрлік хан 

мекендейді, яғни оны өлілер мекені деп ұқса керек. Жоғарғыда көк Тәңірі болса, ортаңғы әлемнің 

негізгі культі түрктің киелі Жер-Суы болып есептелген. Түсінікті болуы үшін айта кетер мәселе 

Тәңір тек көктің иесі ғана емес, ол сонымен қатар бүкіл табиғат пен жаратылыстың иесі саналған. 

Мұнда көк сөзі мекенді емес, керісінше аспанды меңзеп тұр. 

Түрктердің түсінігі бойынша Тәңір өмірлік қуат сыйлайтын, халықтың жалбарынатын жалғыз 

жаратушысы әрі халықтың қолдаушысы. Ол туралы, Білге қаған жазуында: «Түрк халқын қырайық, 

ұрпағын жояйық» – десті. Сонда, жоғарыда Түрк Тәңірісі, киелі Жер-Суы былай депті: «Түрк халқы 

жоқ болмасын деп, халық болсын» – деп,  Әкем Елтеріс қағанды, анам Ел-білге қатынды Тәңірі 

төбесінде ұстап жоғары көтерді» дейді [5, 257]. Мұнда пендеге бақ беретін де, тақ беретін де тек 

Тәңірі деп ерекшелеп тұр. Ал, байқағанымыздай Жер-Суды тек киелі, қасиетті ұғымында қалдырып 

отыр. Түрктер көп құдайлық ұстанбаған. Түрк жазбаларында ешқашан Тәңірдің сипаты берілмейді, 

ал Түрктер үшін қасиетті болған Ұмайдың сипаты «құс» бейнесінде болса, Жер-Су олардың тұрағы, 

мекені, ата-баба жері ретінде құрметтелген. Ол туралы тағы да Білге қаған жазуларында: Тәңірі күш 

бергендіктен, онда жеңдік, ыдыраттық. Тәңірі жарылқағандықтан, мен өзім билік жүргізгендіктен, 

Түрк  халқы  осылайша  иелік  етті  [5,  259].  деп  Тәңірді  бірінші  орынға  қояды.  М.Орынбековтің 

айтуынша түрк діні бір құдайлы болған және олар өздерінің басты құдайы Тәңір деп түсінді. Содан 

әдейілеп діннің ішін тотемдік, шамандық және тәңірлік болып бөлді. Алайда бұл қате түсінік еді 

дейді [6, 153].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет