Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет491/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

292


318].

 Ұмай – барлық түрк тектес халықтардың наным-сенімдерінде сақталған. М.Орынбеков “түрк 

пен монғол халықтарының салыстыру мифологиясында, Ұмайды монғолдардың Этуген құдайымен 

сәйкес  келеді,  себебі  ол  да  ежелгі  түрктің  қасиетті  “Өтүкен  қарашылығынан”  шыққан  [6,  152]. 

Және тағы бір паралеллділік Ұмайды ежелгі Үнді құдайы Умамен салыстырады, және ол да Ұмай 

сияқты қамқоршылық міндеттер атқарған. Ұмай деген сөздің өзі «бала орны», «ана іші» деген әйел 

культіндегі ұғымдарға сәйкес келеді» [6, 152]. Жалпы түрктердің ежелгі түсінігі бойынша Ұмай 

адамның  жас  сәби  кезінен  толық  тұлға  болып  қалыптасуына  дейінгі  мерзімде  оның  жолдасы, 

қамқоршысы болған. Мысалы, Күлтегін жазуында «Ұмай текті анам қатынның құтына (бағына) 

орай, інім Күлтегін ер атанды» делінеді [5, 188-258]. Байқап отырғанымыздай Ұмай тек жас сәбидің 

ғана емес сонымен қатар үлкендердің, жауынгерлердің де қолдаушысы болған. 

Орталық Азиядағы барлық түрктілдес халықтардың ұғымында да Ұмай отбасының қамқоршысы, 

ұрпақ сақтаушы әйел культі деп саналған. Мысалы, көне түрк сөздігінде Ұмай – ұрпақ, жатыр, ана 

құрсағы деген ұғымды білдіреді [14, 612]. Ал,Тибеттіктерде «ума» ана, Еділ татарларында «ума» 

құрсақ, монғолдарда  Ұмай - ананың құрсағы деп аталған [3, 295]. Ал, құмандыларда (ку кижи) 

отбасының  қамқоршысы  Пайна  немесе  Убай  ана,  бала  туылғанда  пайда  болып,  баламен  бірге 

жасап  оны  жамандықтан  мәңгі  қорғайды  деп  ұққан.  Құмандылар  түсінігінде  егер  бала  ұйықтап 

жатқанда күлсе Ұмай ана ойнатып жатыр деп сенген, ал шошып қалса Ұмай ана тастап кетті деп 

түсінген.  Құмандылардан  басқа  түрк  халықтарында  кездеспейтін  мәлімет  Ұмай  ананың  белгісі 

ретінде садақ пен жебені баланы қорғайды деп бесікке іліп қоятын болған [15, 183]. Ал, қашындар 

мен  сағайлардағы  Ұмайға  сиыну  дәстүрі  ең  алғаш  Н.Ф.Катановтың  зерттеуінде  көрініс  тапқан. 

Ғалымның зерттеуінде, шаманның от иесіне сиыну барысында: «Ұмай ана, саған ұсынамын, бір аяқ 

ас іш... балаларыңның бау берік болсын (адам балалары) ағалы-інілі бауырлар көбейсін, апалы-сіңлі 

бауырлар көбейсін» деп дұға жасайтын болған [16, 265-286]. Ұмайдың отбасы қамқоршылығынан 

бөлек әмбебап көпқырлы жақтары да болған. Мысалы, қырғыз балгерлері мен емшілері адамды 

емдеу  алдында  Ұмайға  сиына  отырып  «менің  қолым  емес,  Ұмай  ананың  қолы»  деп  бастайтын 

болған. Егер баласы жолаушылап алыс сапарға шықса «Ұмай енеге тапсырдым» деп айтатын болған 

[3, 294]. 

Солтүстік алтай, шор халықтарының түсінігінше Ұмай көкті мекен етуші Үлгеннің кіші қызы 

деп ұғынған. Сондықтан да олар сиынғанда «Сен Қасиетті Үлгеннің бөлігісің» деген, және Саян 

Алтай түрктерінің Ұмайдан бөлекше атауға ие «Бай ана» яғни қасиетті ана деген атауы сақталған  

[17, 179]. Хакастарда Ұмай ананы Пулай-сын тауында орналасқан дейді. Онда сүт көл бар, Ұмай ана 

сол Сүт көлдің көбігінен жаратылған деп ұғады және ол ақ құс секілді ұшып жүретін ақ шашты ана 

бейнесінде елестетеді [17, 179]. Осыған ұқсас мотивті қырғыздарда да көруге болады. Қырғыздарда 

Ұмай деп аталатын ою түрі сақталған және ол ою – құс бейнесінде салынған. Сондықтан да ежелгі 

қырғыздар Ұмайды ауада ұя салатын аңыз құс деп білген [3, 295]. 

Жоғарыда көргеніміздей кейбір түрк халықтары Ұмай бейнесін құс образында келтіреді. Алайда 

бұдан бөлек халық ұғымында «Ұмай» ана кейібінде суреттеледі. Мысалы, басында үш қырлы тәжісі 

бар тас мүсіндерді ғалымдардың көпшілігі Ұмай ана бейнесі деп есептейді. Кейбір ғалымдар бұл 

мүсіндер шамандар немесе ер адам бейнесі деп біледі. Алайда, хакастардағы Ұмай анаға сиынудың 

ерекше бір түрі, біз көтеріп отырған мәселенің басқа қырын ашуына көмектеседі деп ойлаймыз.

Хакастар  баланы  бесікке  бөлер  алдында  Ұмай  анаға  «Моя  святая  мать  с  кудрявой  головой! 

Не  давай  (злым  силам)  протягивать  холодные  руки,  не  давай  наступать  холодными  ногами. 

Прогоняй сквозь землю, прогоняй с громом по небу!» деп сиынатын болған 

[12,  404].

 Мұндағы 

«кудрявой  головой»  деген  сөзді  тікелей  аударғанда  «бұйра  басты»,  «толқынды»  болып  шығады. 

Түрк дәуіріне жататын біршама тас мүсіндерде төбесінде үшқырлы (толқынды, бұйра) бас киімнің 

үлгілері көрсетілген. Көптеген ғалымдар мұны әйел тас мүсіні десе, кейбір зерттеушілер жоқ бұл 

түрк қоғамындағы абыздардың (шаман, культтік қызмет атқарушы адам) бейнесін беруші ер адам 

мүсіндері  деген  пікірлерді  алға  тартады.  Мұндай  үшқырлы  бас  киім  үлгілерін  Шаш  оазисінен 

табылған көне монеталарда да бейнеленген. VI-VIII ғасырларға жататын бұл монеталарды Батыс 

түрк  қағанатының  қағандары  өз  аттарынан  шығартып  отырған.  Монеталардың  бетінде  «Тарду 

қаған» ябғу – қаған теңгесі, «Тун яғбу - қаған» теңгесі деген Соғды тілінде жазылған жазулар бар. 

Түн Яғбу қаған монетасында бейнеленген портретте қағанмен бірге оның ханымының да бейнесі 

суреттелген. Қаған шаштары екіге жарыла тарқатылған күйінде суреттелген, ал ханымының басында 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет