Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет50/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Жарапазанның батасына келсек, төрт түлікке байланысты бата:

Маң-маң-маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Төрт аяғын тең басқан,

Ботақанның атасы,

Бура бассын үйіңді,

Күңгір-күңгір кісінескен, 

Бірін-бірі иіскескен,

Құлыншақтың атасы,

Айғыр бассын үйіңді,

Желге қарап қаптаған

Жайылған жерін таптаған,

Қошақанның атасы,

Қошқар бассын үйіңді.

Қасқыр көрсе пысқырған,

Құйрығын бұтына қыстырған 

Лақтың атасы,

Теке бассын үйіңді, - десе,

Бай үйіне берекет,

Қаша берсін бәлекет,

Кірсін дәулет есіктен,

Шықсын бейнет тесіктен,

Жарапазан жарықтық,

Жақсы дейді есіктен [5,83].

Үйің-үйің үй екен,

Саба көркі бие екен.

Сандық көркі түйе екен,

Қарағай найза қаптаған,

Басына темір саптаған


№ 3 (106) 2015

27

Сабы сырмен сырлатқан,



Ұшы болат қырлатқан,

Жайға білек сайлатқан,

Бедеуге бедеу байлатқан.

Қайсы бір бидің үйі екен?

Адыр-адыр таулардан,

Айғыр мініп мен келдім.

Ауыздығы бой бермей

Сіздің үйге кез келдім.

Бұжыр-бұжыр таулардан,

Бұқа мініп мен келдім,

Шаңырағы осы үйдің шап-шақ қана,

Осы үйдегі жеңешем аппақ қана.

Сақылығын көрген соң ырза болып,

Жеңешемді жүремін мақтап қана!

Жарапазан айта келдім есігіңе,

Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе, 

Жауға шауып батыр болсын несібеңе [5,53], –

дей отырып, енді бірде:



Айтамын жарапазан есігіңе, 

Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе 

Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе,

Құдайдың бергені ғой несібеңе,

Айтқанда жарапазан тоямыз ба,

Кәдесін бұрынғының қоямыз ба,

Кәдесін бұрынғының қойып кетсек,

Барғанда ана жайда оңамыз ба?

Ар жақта тұзақ тұрар тұздай болып,

Бер жақта пейім тұрар мұздай болып,

Ораза былтыр кетті, биыл келді,

Ұзатқан сәукелелі қыздай болып.

Айтамын жарамазан ойлай-ойлай,

Қарынбай кеткен екен малға тоймай,

Отыз күн оразаға бір мал соймай,

Қара жер тартқан екен бойлай, бойлай.

Мекеде бір ағаш бар басы күйден,

Жайқалып жапырағы жерге тиген.

Осы үйде бір адам бар құдай сүйген,

Қайыры ол адамның жұртқа тиген.

Тағы да ағатанды-ағатанды,

Әр жерде мұнша тұрсам таң атады,

Таң атқанның артынан күн шығады,

Қайырымды жандардан пұл шығады [5,58].

Міне, осы айтылған жарапазаннан жоғарыда айтылғандай жарапазанның басы, яғни бай үйінің 

қарекетін хикаялап, бір жағын мақтай айтса, жарапазаншы аяғында сол шаңыраққа риза-тәнті болып 

алғысын жаудырып, жеңешесінің сықылығын көріп,  ақылына көркі сай екенін ұқсатып отырған 

ошағының  басының  бәрінің  жып-жинақы  екенін  айта  келіп,  шаңыраққа,  шаңырақ  иесі  болып, 

түтін түтетер қос ұл беруін және олардың жауға шауып батыр болып, ел қорғаны, яғни халқының 

қалаулысы, елінің елеулісі, ата-анасының аяулылары болуын тілеп бата қылады. 

Батаның қазіргі кезеңде де күшін жоймаған, дәстүрлі кездесетін үлгісі – асқа берілетін бата. 

Халқымыз  қашанда  өрісін  малға  толтырып,  соның  қызығын  көруге  ұмтылған,  сол  жиғанының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет