Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет49/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

26

Соғым батасы:



Соғым шүйгін болсын,

Қазаның тоқ болсын,

Уайымың жоқ болсын,

Дастархандарың кең болсын.

Бала-шағаң ер болсын,

Бізге бергеннің есесін берсін,

Есенің де тәңірі, бірнешесін берсін [4,190].

Бұл  соғым  батасының  да  өзіндік  тәрбиелік  мәні  бар.  Халқымыз  қашанда  бүкіл  мал-мүлкін 

жиған-тергенін бала-шағасының игілігіне жұмсаған. Барына қанағат, жоғына сабыр қылған. «Қара 

су  ішсек  те,  отбасы  аман  болсын»  деп  бар  мақсат-тілектері  бала-шағасын  өсіп-өндіріп,    артына 

мирас етіп қалдыруды міндет еткен, ішіп-жемдеріне әр отбасы мал жинап, соны игілігіне тұтқан. 

Қазасы болсын, тойы болсын, қай-қайсысына да малын сойып басын сыйға тартқан. Тіптен, сыйлы 

қонаққа  деп  те  сыбағасын  әзірлеп  қойған.  Халқымыздың  бұл  өте  сай  дәстүрі  жалғасын  табуда. 

Соғым сойып, күздік сойып, мал жинап, оларды өсіп-өндіру, бала-шағасының ырзығы үшін жинап, 

қонағын шақырып, ұлттық мерекесін, дәстүрін тойлау әр отбасының күнделікті күйбеңінің ғажайып 

көрінісі. 

Баталардың ендігі бір түрі - жарапазан батасы. Ислам діні әсерімен туған салт-дәстүрдің бірі 

ретінде  жарапазанға  байланысты  қазақ  ауыз  әдебиетінде  біршама  орын  берілген.  Ислам  дініне 

байланысты әдет-ғұрып жарапазан жырларынан көбірек орын алған. Бақсының сарынында «тәңірі» 

деген сөз басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем. Сол үшін 

жарапазанның мазмұны ескірген. Ол – отыз күн оразамен байланысты туған. Ораза айында белгілі 

бір сөз шеберлері жарапазан айтып түйе алса, кішігірім айтушылар үй жағалап, әйелдерден ауыз 

ашарға  құрт,  май,  ірімшік  сұраған.  Діндар  адамдар  жарапазан  арқылы  ислам  дінін  дәріптеген. 

Жарапазан айтушылар елдің тірлігіне үлкен мән беріп, оларға жақсы тілектер айтқан [5,43].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет