Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет597/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

361


соң  халифаттағы  билік  олардың  қолына  біржолата  көшеді.  Абу  Шаманың  (1203-1267)  айтуы 

бойынша «халифалар олардың қолында тұтқын секілді болатын». Олар оны қажет деп тапса таққа 

қалдыратын, қажет деп тапса тақтан түсіретін немесе өлтіретін» [23, 44 б.].

Түрік жасақтарының қолынан қайтыс болған әл-Мутауаккилдің (847-861) қазасынан кейін, араб 

деректері бойынша, түріктер мемлекет пен халифтердің тағдырларына араласа бастайды. Олар билік 

басына  өздері  қалаған  адамдарын  отырғызып,  мұсылмандармен  ақылдаспай,  дінді  басшылыққа 

алмай,  өздеріне  ұнамаған  адамдарды  биліктен  тайдырып  отырды.  Түркілер туралы  мынадай  бір 

қызықты әңгіме бар: «Астрологтан халиф әл-Му›таз қанша жыл өмір сүреді және билік құрады 

деп сұрағанда, сол жерде тұрған бір адам: «Түріктер қанша қаласа, сонша жыл» деп жауап берген 

екен».  Алайда,  көп  ұзамай  түріктердің  өз  арасында  дүрдараздық  пайда  болып,  оның  құрбанына 

тек  халифалар  ғана  емес,  сонымен  қатар,  түрік  әскер  басылары  да  айналады.  Шиеленістердің 

нәтижесінде бір кездері күшті болған Утамыш, Итах, Багир қатігездікпен өлтірілді [24, 1512 б.].

Л.Н.Гумилев  «Түріктер  жай  ғана  пайдаланатын  халық  болған  жоқ.  861  олар  халифа  әл-

Мутауаккилді  өлтіреді,  одан  соң  тоғыз  жылдың  ішінде  онын  төрт  мұрагерін  өлтіргенде  Багдад 

халқы толық немкұрайлы қарады» деп жазады [25, 82 б.]. Л.Н.Гумилевтың келесі бір еңбегінде X 

ғасырдың басында түрік ғұламдары (Фатимидтер билігі кезінде) үкіметтегі бүкіл билікті қолдарына 

алып, арабтардың Египеттен тыс халифаттың барлық жерінде түріктерге орын беріп, олардан әскери 

адамнан билеушіге, ақынға, ғалым және саудагерлерге айналғандары туралы мәліметтер береді [26, 

234 б.].    

Түрік гвардиясының халифалардың қарамағында тыңдағыш қару болулары көпке созылмады. 

Бұл туралы әл-Жахиздің (775-868) «Фатх ибн Хаканға түріктердің және бүкіл халифа әскерінің қадыр-

қасиеті туралы жолдаудан» қысқа ғана үзінді келтіре кету дұрыс болар еді: «Түріктер кек алуды, 

өтірік айтуды, екіжүзділікті, өсектеуді, көлгірсуді, әлдекімді мазақтауды, жақындарына менмендік 

танытуды,  жолдастарына  қысым  көрсетуді  білмейді,  олар  дінбұзарлыққа  бой  ұрмайды,  заңды 

әртүрлі  түсіну  себептерінен  мүлікті  иемденбейді.  Олардың  кемшіліктері  және  қиналыстарының 

себептері – туған елге деген сағыныш,  саяхатқа талпыну, барымташылыққа әуестік және өз салт-

дәстүрлеріне шын берілгендік...»  [27, 28 б.].    

Осы орайда Аббасидтер халифаты билігі тұсында тарихта маңызды із қалдырған түрік мұсылман 

әулетінен шыққан бірқатар мемлекеттерді айтып кеткен жөн. Олар: Тулун мемлекеті (868-905 жж.) 

мен Ихшидидтер (935-969 жж. Египетте), мамлүктер (1250-1517 жж. Египет пен Сирияда), Газнауи 

мемлекеті (977-1186 жж. Хорасанда), Қарахан мемлекеті (922-1211 жж. Мауреннахр және Шығыс 

Түркістанда). Бұл мемлекеттердің билеушілері түгелімен түркілер болды. 

Жақия Дәуіт деген түркі Египетті 778-780 жылдары халифаның уәлиі ретінде билеген. Мысыр 

ол кезде араб халифатының бір бөлігі саналды. Әл-Кинди (IX ғ.) өзінің шығармаларында халифа 

әл-Муғтасимнің  өзінің  сенімді  адамдарының  бірі  Қайдар  деген  түркіге  Мысырдағы  араб  әскер 

басыларын орнынан түсіріп, сол жерде тәртіп орнатуды жүктейді. Қайдар халифаның бұйрығын 

бұлжытпай  орындап,  жиналған  бес  жүздей  адамнан  тұратын  топты  шашыратып,  басшыларын 

тұтқынға алғанын жазады. Сол кезден бастап Мысырды түркілер билей бастады.

Тулунидтер  мемлекетінің  негізін  қалаған

 

Тулун  Бұқара  әмірі  850  жылы  Бағдат  халифасы 



Мамунға сыйға тартқан түркі мәмлүктерінің бірі еді. Ол ерекше қабілеттерінің арқасында халифаны 

күзететін топтың басшылығына дейін көтеріледі. Баласы Ахмад ибн Тулунның 868 жылы Мысырға 

уәли болып тағайындалуына көмектеседі. Ибн Тулун түркілерді көптеп сатып алып, мемлекетті 

басқару  ісінде  соларға  арқа  сүйейді.  Араб  тарихшылары  Ибн  Тулунның  әскеріндегі  түркі 

мәмлүктерінің саны 24 мың, зәңгілер 40 мың (қара континенттен әкелінген құлдар), ал бастары 

азат жалдамалы араб әскерлерінің саны 7 мың болған деп көрсетеді 

[17, 45 б.]

.  Тулун мемлекетінің 

ізінше дүниеге келген, 935-969 жылдар арасында билік құрған түркі Ихшидтер әулетінде 8 мың 

түркі мәмлүк болған. Олар сұлтанның жеке күзет қызметін атқарып, ұйықтаған кезде оны әр түні 

мың мәмлүк күзетіп тұрған. 

Барлық көрсетілген себептердің субъективті сипатқа ие екенін байқау қиын емес және халифа 

әскерінің  жартысын  құрайтын  бүтіндей  гвардия  емес,  саны  шектеулі  оққағарлардың  болғанын 

түсінуге болады, және оған көз жеткізу мүмкіндіктеріміз де болмақ. Ағылшын арабтанушысы Х. 

Гибб түрік гвардиясы тахиридтерге қарсылық көрсету үшін құрылды десе, Х. Кеннеди тахиридтердің 

анағұрлым ықпалы бар кезеңде Аббасид мемлекеті жақсы құрылған механизм ретінде әрекет етті 

және Хорасаннан қазынаға түсетін пайда да ерекше көп болды дейді 

[16, 22 б.]

.  

Көріп  отырғанымыздай,  халифалардың  қарамағында  жергілікті  тұрғындармен  ешқандай 



байланысы жоқ, елде ешбір түп-тамыры жоқ жат жұрттық жауынгерлердің болуы маңызды болған деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет