Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет596/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

360


оларға  арнайы  діни  тәрбие  беріп,  соғыс  өнеріне  жаттықтырып,  өздерінің  негізгі  әскери  тірегіне 

айналдырды [20, 43 б.]. 

Таңдап алынған жас құлдар – мәмлүктер немесе ғұламдар (жасөспірімдер немесе қызметшілер) 

халифаның  сарайында  арнайы  мектептерде  тәрбиеленіп,  одан  соң  халифаның  гвардиясына 

қабылданып,  қатарлары  тәжірибелі  түрік  шабандоздары  мен  садақшыларымен  үздіксіз 

толықтырылып  отырды.  Олардың  ішінде  Хорасанның  омеядтық  билеушісі  Насыр  ибн  Саййар-

Рафиʻибн Лайстың жасағында шайқасқандары да бар [19, 89 б.].

Араб  елдеріндегі  түркі  жасағы  туралы  бір  бөлім  зерттеушілер  әл-Муғтасим  (833-842) 

анасының тегі түрік болуы оның түрік қолын құруы үшін шешуші мәнге ие болған деген пікірге 

қосылады, алайда, әл-Муғтасимнің билеуіне қанағаттанбаған әскердің басым бөлігі әл-Мамунның 

ұлы  Аббастың  халифа  болуын  қалаған.  Ал  әл-Муғтасимді  биліктен  тайдырып,  орнына  Аббасты 

отырғызбақ болған сәтсіз қастандық орын алған қиын саяси жағдайда жеке басының қауіпсіздігін 

ойлаған әл-Муғтасим түркі жасағының санын күрт арттыру туралы ойға келеді [16, 21б.].

И.М.Фильштинский ғалым және әдебиетші әл-Жахиздің (775-868) түріктер туралы трактатында 

бүкіл  гвардияны,  халифа  сарайы  мен  пошта  кеңсесін  түрік  әмірлерінің  басқарғандығы  туралы 

жазады.  Түрік  атты  әскер  бөлімі  Бағдад  казармаларында  орналастырылып,  астанадағы  халық 

тәртіпсіздіктерін басу үшін пайдаланылды және оларға жергілікті жерден үйленуге тыйым салынып, 

арнайы  олар  үшін  халифаттыттың  шығысынан  әйелдер  әкелді.  Ал,  жалдамалы-дейлемдіктерден 

тұратын жаяу әскерлер шыққан жерлеріне байланысты орналастырылды деген мәліметтер берді 

[19, 91 б.].

Түрік  әскерлерінің  санының  артуы  халифат  әскерінің  негізі  болған  хорасандықтар  мен 

арабтардың  бірте-бірте  жойылуына  алып  келді.  Бағдадта  түркілер  мен  тұрғын  халық  арасында 

жаулық  етек  ала  бастайды.  Түріктер  мен  бағдадтықтардың  арасындағы  дүлдараздық,  Бағдадта 

орналасқан  әскерге  деген  сенімсіздік  (сондай-ақ,  Тахиридтердің  билігінен  құтылу  үшін)  әл-

Муғтасимнің (833-842), Бағдаттың іргесінен жаңа қала Самараны тұрғызуына себеп болды және 

оған өзіне адал түрік жасағымен барып орнықты: әл-Муғтасимнің өз сөзіне қарағанда, құрлықпен 

де, сумен де Бағдадқа жете алатын және қажетсіз көтерілістерді басу үшін жаңа астана үшін орын 

іздеген. Әл-Муғтасим өзінің жаңа астанасында түріктер орналасқан кварталдарды қаланың басқа 

аудандарынан оқшаулауға тырысты.

Әл-Уасик (842-847) халифа тұсында түрік әскер басшылары халифаттың үлкен облыстарының 

сардарлары  болды.  Мәселен,  Ашинастың  өзі  «сарайдың  есік  алдынан  бастап,  Батыстағы  шеткі 

округке дейінгі» жерлерге қарады, тағы да бір түрік әскер басшысы Итахтың басқаруына Хорасан 

мен  Синд  берілді  [21,  191  б.].  Шындығында,  бұл  тағайындаулардың  барлығы  да  ерекшеленген 

әскери басшыларға құрмет көрсетіп, менмендіктерін қанағаттандыру үшін берілген даңғазадай лау-

азымдар болатын, оның үстіне, Синд бұл уақытта халифаттан мүлдем қол үзіп қалған, ал Хорасанда 

әл-Мамун кезінен Тахиридтер сардарларының династиясы орныққан болатын. 

VIII-IX  ғасырларда  жаулап  алынған  жерлерде  арабтарға  қарсы  халық  көтерілістері  болды. 

Соның бірі 776 жылы Орта Азиядағы Мары қаласы маңында Хашим ибн Хаким басқарған Мукан-

на көтерілісі және 816 жылы Бабек басқарған Әзербайжандағы көтеріліс. Көтеріліс Әзербайжаннан 

Арменияға, одан соң Иранға ауысады. 835 жылы әл-Муʻтасим халифа Бабекке қарсы Афшиннің 

басқаруымен өзінің негізгі әскерін жіберіп, 20 жылға созылған көтеріліс ақыры аяқталды.

ІХ ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастады. Мауараннахр 

халықтарының  арабтарға  қарсы  толассыз  күресі  мұнда  жергілікті  феодал  ақсүйектердің  билікті 

басып  алуына  қолайлы  жағдай  туғызды.  ІХ  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап  Хорасан  мен 

Мауараннахрды жергілікті Тахирилер мен Саманилердің әулеті биледі, олар Бағдатқа салық төлеп 

тұрды, ал басқа жағынан шын мәнінде тәуелсіз болды. 

Қытай ғлымы Ван Чжилайдың жазуынша, Самани мемлекетінің кейінгі тарихында оның орда 

күзетінің    билігі  түгелдей түркі құлынан  шыққан қолбасшылардың  қолында болған.  «Солардың 

ішінде ең ықпалдыларының бірі түрік Хажиб Алып-тегін еді. Ол іс жүзінде Самани мемлекетінің 

билеушісі болды»-деп жазады қытай ғалымы [22, 114 б.].  

Араб халифасының түркі жауынгерлеріне арқа сүйеуі сол кезде үкімет пен әскер басшылығындағы 

арабтар мен парсылар арасындағы ашық та жасырын бәсеке себеп болады. Алайда, арабтардың 

менмендігі  мен  парсының  билік  құмарлығынан  таза,  жастай  әкелініп  арнайы  әскери  тәрбиеден 

өткен  түркі  мәмлүктердің  халифаттың  саяси  өміріндегі  орындары  күннен  күнге  күшейіп,  көп 

ұзамай мемлекетті басқару ісіне араласа бастайды, 861 жылы халифа әл-Мутауаккилдің өлімінен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет