Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет595/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   963
№ 3 (106) 2015

359


қабылдады  (Х  ғ.).  Олар  исламның  жан-жақты  дамуына  атсалысып,  ислам  өркениетімен  біте 

қайнасып кетсе де,  өздерінің түркілік негізін әрқашан жоғалтпады. Бұған дейін түркі қолының 

Қытайдың  Тан  империясының    ішкі-сыртқы  саясатына  жасаған  ықпалы  секілді,  ислам  дініне 

мойынұсына отырып, түркілер Араб халифатының әскери-саяси өміріне қызу атсалысты. 

Омейяд  халифалар  үкіметі  құлаған  соң  Араб  мемлкетінің  тізгінін  аббастықтар  (Аббас-

Мухаммадтың нағашысы) әулеті алды. Аббасидтер билігінің алғашқы кезінде олардың әскерлері 

негізінен хорасандықтар мен ирандықтардан тұрды және олар аббасидтерді Дамаскідегі омейядтарға 

қарсы  көтерістерде  ұдайы  қолдап  отырды.  Ол  әскерлер  араб  әулетінің  жағында  болып,  Иранға 

қызмет етуді өздерінің міндеті деп есептеді. Бірақ, 820 жылдан бастап халифалардың ірі вассалдары 

тахиридтер толығымен тәуелсіз болып Иранның дербестігін қамтамасыз етіп, қайта өркендеуіне 

жағдай жасады. Сондықтан да, оларға жат жерліктерден әскер жасақтау өте қажет болды.   

Бұл ғана емес, арабтардың түріктермен ең ертедегі байланысы ұлы жаулап алу дәуіріне дейін 

болғандығы туралы да деректер бар. Бұл туралы ортағасырлық араб тарихшысы ат-Табари (ІХ ғ.), 

«терезе соғысы» қарсаңында Мұхаммед пайғамбар демалыпты-мыс дейтін әлдебір түрік шатырын 

еске алады [14, 21 б.].  674 жылы Басраның билеушісі Бұхарада тұтқынға алынғандардан төрт мың 

шебер түрік садақшыларынан мықты жасақ құрған. Олардың әскери сапасы бағаланып, арабтар 

оларды пайдалануды шешеді [15].

Түріктердің  жоғары  жауынгерлік  қаситеттері  туралы  жазған  әл-Жахиз  (ІХ  ғ.)  былай  деп 

сипаттайды: «Ол (түрік) ат үстіне екпіндеп шауып келе жатып алға және артқа, оңға және солға, 

жоғары және төмен ата береді. Хариджит (араб) бір оғын жақтың кірісіне салғанша, ол он оқ атып 

үлгіреді. Түріктердің төрт көзі бар, екеуі маңдайында, екеуі желкесінде» [16, 138 б.]. Бұл суреттеу-

лер түрік әскерлерінің ат үстінде садақ тартуға, ұрыс жүргізуге өте шебер әрі  жауынгерлік рухының 

үстем болғанын көрсетеді. Осы суреттеулер бір кездегі Ескендір Зұлқарнайынның айдалада кезде-

скен түркі әскерлерін «Ейнан хұжд-хурент» (



hużhur

-өз азық-түлігін өзі тауып жеушілер, мергендер) 

деп мадақтағанын еске салады (М. Қашқари) [17, 120-121.]. 

Шын мәнінде, арабтар ортаазиялық түркілердің жауынгерлігіне, мергендігіне тәнті еді. Ол кезде 

түркі тайпалары Парсы шекарасы мен Қартеңізге дейінгі жерлерге қоныстанған болатын. Олардың 

халқы тығыз орналасқан, жан саны көп еді. Олар атүсті жауынгерлікпен, мал және егіншілікпен, 

саудамен, қолөнермен т.б. шұғылданатын. Халқының көптігінен олардың біразы күнкөріс үшін жат 

өлкелерге де ағылып кетіп жататын. Аббас әулетінен шыққан Бағдат халифасы әл-Муʻтасим (833-

842) Мауараннахр - Өзеннің ар жағындағы жерлерден – Самарқан, Ферғана, Шаш құл базарларынан 

әкелген түркілерден арнайы әскери топ құрған алғашқы билеуші саналады. Бірақ әл-Муʻтасимнің 

болашақ түрік гвардиясының негізі әл-Маʻмун (813-833) кезінде құрылған. И.М.Фильштинский әл-

Маʻмун түріктерден арнайы халифа гвардиясын жабдықтағаны және олардың саны төрт мың адамға 

жеткендігі туралы айтады [18, 89б.]. Араб тарихшыларының көрсетуі бойынша, Сейхун (Сырда-

рия) өзенінің ар жағындағы жерлерден әкелінген мәмлүктердің саны бірнеше түменге жеткен. Та-

рихшылар осы орайда Хорезмде атақты құл базарлары болғандығын, оның құл саудасы арқасында 

байығанын  атап  өтеді.  Халифаттың  әскер  құрамы  араб  тайпасының  жасақтары  мен  жалдамалы 

«ғұламдар» секілді бірнеше әскер топтарынан тұрған. «Ғұламдар» деп халифаларға шын берілген 

қызметі даярлау мақсатымен жас кезінде отанынан жыраққа әкетіліп оқытылып тәрбиеленген, түрлі 

түркі, славян, зәңгі текті құлдарды атаған. Олар өсе келе халифаларға өз айтқанын істеткен қауіпті 

үлкен күшке айналды [19, 82 б.].

Араб деректеріндегі келесі бір қолданылатын термин «мамлүк». Мамлүктер жайында алғашқы 

мағлұматтар VIII ғасырдың аяқ кезінде пайда бола бастады. «Мамлүк» сөзінің көпшесі «мамалик», 

араб  сөзі.  Бұл  сөз  араб  тілінде  «мамлүк»  -  иеліктегі  деген  мағынаны  білдіреді.  Бастапқы  кезде 

бұл  сөз  арабша  «абд  мамлүк»  деген  тіркестегі  «иеліктегі  құл»  деген  мағынада  қолданса,  кейін 

мәмлүктердің  мемлекеттік  құрылымдағы  әлеуметтік-иерархиялық  орындарының  жоғарылауына 

байланысты  олардың  ресми  титулдарына  айналды.  Мәмлүк  сөзі  терілері  ашық  түсті  құлдарға 

қатысты айтылып «ақ құл»  деген мағынаны білдірді. Ал мәмлүктер заманында «мәмлүк» сөзі – 

мырза деген мағынада жұмсалады. Ортағасырлық ислам кезеңінде Византия, Венеция және Таяу 

Шығыстың басқа да елдері мен үлкен қалаларында құл сататын базарлар көп болып, құл саудасы 

гүлденіп тұрған кез еді. Бұл құл базарларында әр-түрлі жолдармен түскен құлдардың ішінде, ертеден 

өзінің атқамінерлігімен және соғыс өнеріне бейімділігімен әйгілі болған көшпелі түркі халқының 

жасөспірім балаларының өтімділігі мен бағасы ерекше жоғары болды. Түркі текті құлдарын көптеп 

сатып алған Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінің билеушілері оларды «мамлүк» деген атаумен атап, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет