Түйін сөздер: Ақмола облысы, қайсар азамат, саясат, тың игеру, қоғам қайраткері, тағдыр.
Тарихымызды қарайтын болсақ, еліміз тәуелсіздік алғалы бері, кезіндегі қазақ халқының қамын
ойлап, батыл шешімдер қабылдап, қанқұйлы заманда ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған,
ұлттың болашағын, жерінің тұтастығын мұрат еткен, елі үшін жасаған істері халықтың есінде
сақталып, азаматтардың еңбегін, есімдерін қастерлеп, лайықты қадір-құрмет көрсетіп, ардақтай
алатын жағдайға жеттік. Өткен ғасырлардағы халық басына күн туған сәттерде тоз-тоз болып
шашырап кеткен қалың қазақтың басын біріктіріп, батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы жаулармен
соғысып аман сақтап қалған қазақтың тамаша шұрайлы жерлерін қорғап, елін, жерін қорғап сақтай
білген қаһарман хан, кемеңгер билерімізбен, шешен көсемдерімізбен, жаужүрек батырларымызбен
қайта табыстық.
|