Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет618/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

375


кезеңде қызмет етіп, Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалып, басшылығында 

болу үлесі тиді. Академик М. Қ. Қозыбаев айтқандай: «Жоқ, біз тарихтағы тұлғаларға өте мұқият 

қарағанымыз абзал. Көзі тірісінде мақтамай, көзі тайған соң даттамай, тарихи тұлғаларды бір түсті 

бояумен мәнерлемей, азаматтығын айтып, кемшілігін көрсетіп, болашаққа тағлым боларлықтай са-

яси портретін жасауымыз керек» [15, 5 б.].

Сондықтан оның қызмет еткен жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстары да, қиын-

қыстау  күндері  де  барша  халқымыздың  тарихынан  өз  орынын  алады.  Жұмабек  Тәшенев  те  сол 

күрделі заманның қайсар қайраткері ретінде халық жадында мәңгі сақталады.

Тәшеневті  еш  себепсіз  қызметтен  босатып,  оны  орталық  ұзақ  бақылауға  алды.  Шымкент 

облысына бірінші хатшысының орынбасары етіп қойылды. Сөйтіп Тәшеневтің мансаптық сатысына 

балта шабылды. 

Тарих – өткен кезеңге көз салу, ой елігінен өткізу. Міне, қазақ халқы егемендік алып, оның 

өмірі мен қызметінің кең баяндалуына себеп болған 90 жылдардағы тәуелсіздігіміздің арқасында. 

Осылайша әрбір ұрпақ тарихты өзінше танып, өзінше бағалайды. Атақты тұлғаның өмірбаянына, 

қайраткерлігіне  жеке  зерттеушілер  мен  тарихшылардың  там  –  тұмдап  қолға  алынып,  тарихи 

бағасын беру жұмыстары жаңа жолға түскен жоқ. Өкінішке орай осындай алып аталарын бүгінгі 

ұрпақ тұрмақ, оның өз замандасы болғандардың бірі білсе бірі білмейді.

Жұмабек Ахметұлы басшылық кезінде жоғарыда аталып өткен қызметтер жұмыс жасап жүрген 

уақытында өзінің көптеген бастамалары арқылы қазақ ұлтына игілікті қызмет еткен іс - шараларды 

жүзеге  асырып,  елінің  ертеңі  жарқын  болу  үшін  ерінбей  еңбек  етті.  Оған  төмендегідей  тарихи 

айғақтар дәлел, атап айтсақ:

1.Республиканың  территориялық  біртұтастығын  сақтап  қалды  (Қазақстанның  астықты  бес 

облысы:  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан,  Көкшетау,  Ақмола,  Павлодар,  оңтүстіктегі  үш  аудан, 

Маңғыстау өңірін);

2. 1930-50-шы жылдары зұлматтық құрбандарын ақтайтын, репрессияға ұшырағандарды ақтау 

туралы республикалық комиссиясын басқарып, салмақты үлесін қосты;

3.  Клим  Ворошиловтың  1957  жылы  қаңтарда  Алматыға  келуін  Ж.  Тәшенев  пайдаланып, 

осылайша «Медеу» мұз айдынының құрылысын аяқтауға орталықтан қаражат алып берді;

4. 1958-жылы желтоқсанда Мәскеуде өткен он күндік қазақтың өнері мен әдебиеті декадасын 

ұйымдастырып, бес бірдей қазақ әртісіне «КСРО Халық әртісі» атағын алып берді;

5. Үкіметтік аппарат қызметіне оннан артық талантты жастарды негізгі ұлттың өкілінен, яғни 

қазақ жастарын жұмысқа тартып отырды;

6. Ядролық қаруды елімізде сынауға түбегейлі қарсы шықты.

7. Бауыржан Момышұлының «Артымызда Мәскеу» еңбегін жарыққа шығартқызды;

8. Алматы қаласындағы орталық көшелердің біріне ұлы ақын, ойшыл Абайдың есімін беруді 

және оған ескерткіш орнатуды ұсынды;

9. «Абай жолының» екі томдығын жазған Мұхтар Әуезовке бүкілодақтық Лениндік сыйлықты 

алып беруге мұрындық болған да осы Тәшенев. Осы тарихи басылымның жалпы әлемдік деңгейге 

жетуіне ықпал етілді.

10. Нұрмолда Алдабергеновке Социалистік еңбек ерінің үшінші алтын жұлдызын, Бауыржан 

Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевқа КСРО батыры атағын беруге ұсыныс жасады [7].

Ж.  Тәшеневтың  ашылмаған  қырларының  бірі  -  сталиндік  саяси  репрессиялар  құрбандарын 

ақтау жұмысына араласуы. 

1953 жылы И. Сталин өлген кезде еңбекпен түзеу лагерлері қалыпты жұмыс істеп жатты. Енді 

саяси репрессия құрбандарына еркіндікке шығу мүмкіндігі туындады. Көптеген саяси қуғындалған 

адамдар түрмеден шығып келе бастады. Лагерлер Бас Басқармасының тұтқындары азайып, бұрынғы 

күші жойылды. Елуінші жылдардың ортасында Лагерлер Бас Басқармасында саяси тұтқындардың 

(контрреволюционерлер)  саны  тез  қысқарды.  Бұл  жылы  27  наурызда  КСРО  Жоғары  Кеңесі 

Президиумының «Амнистия туралы» указы жарық көрді. Указ бойынша бес жылға дейінгі мерзімге 

саяси  себеп  бойынша  айыпталғандар  алдын  -  ала  босатылған.  Осы  жылы  1  қыркүйекте  КСРО 

Жоғары Кеңесі Президиумының «КСРО ІІМ жанындағы Ерекше Кеңесті жою» туралы указы [16] 

шықты. Указ бойынша БМСБ Коллегиясы, ІІХК «үштіктері» және Ерекше Кеңеспен сотталғандар 

шешімдерін жою, жазалау мерзімін қысқарту, мерзімінен бұрын босату жөніндегі сотталғандардың 

арыздары мен шағымдары және сотталғандықты жою мәселе шешілді. Бұл істер ІІМ - інің алдын - 

ала қорытындысы бойынша Прокуратурада қаралды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет