Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет65/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

38

Абайдың  ақын  шәкірттері  тілінде  өлең  құрылысындағы  жаңашылдығы  ғана  емес,  сөз 



қолданудағы,  тілдік  көркемдеуіш  құралдарды  сұрыптап  алудағы  ұстанымдары  айқын  көрініс 

табады. Қазақ поэтикалық тіліндегі Абай дәстүрінің қалыптасу үрдісін анықтау оның шәкірттерінің 

тілін  зерттеуді  қажет  етеді.  Сонда  ғана  қазақ  әдеби  тіліне,  поэзиясына  Абай  әкелген  өзгерістің 

өрісін толыққанды тани аламыз. Солай бола  тұрғанмен де  Абайдың  тікелей   шәкірттері  болған  

ақындарымыздың  тілі  қазақ  әдеби  тілі тұрғысынан да, лингвостилистика  тұрғысынан  да  зерттеле  

қоймағаны  да  баршаға  аян.  Осы айтылғандар кандидаттық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Қазақ  әдебиетіндегі  Абай  дәстүрі  дегенде  ғалымдар  өлең  құрылысына  енгізген  жаңалығын, 

поэзияға жаңа түр, жаңа ұйқас енгізуін ғана сөз етіп қоймайды. Сонымен бірге Абай шығармашылығын 

зерттеген әдебиетші, тілші ғалымдардың қай-қайсысы болса да Абайдың қазақ әдеби тілін, көркем 

әдебиет тілін дамытудағы орны мен қызметін де  назардан тыс қалдырмаған. Абайдың қазақ ұлттық 

жазба әдеби тілінің негізін салушы екені   ғылыми дәлелденген шындық. Абайтанудың маңызды 

бір саласы Абай тілін зерттеу болып табылатыны даусыз. Соның ішінде Абайдың поэтикалық тіл  

дәстүрін қарастыру да маңызды мәселелер қатарынан орын алады. 

Ең  әуелі  дәстүр  және  ол  қалай  қалыптасады  деген  мәселеге  келейік.  Ұлы  жазушымыз 

М.О.Әуезовтің мына бір пікіріне үңілу қажет: «Национальные традиции, как известно, создаются 

передовой практикой многих поколений. Из века в век отшлифовываются в литературе и искусстве 

способы  художественного  освоения  мира,  передаются  принципы  оценки  общественной  среды 

и  природы,  накапливается  богатство  изобразительных  средств.  Это  напоминает  эстафету,  но 

эстафету совсем особенную – в ней каждый новый этап искусства проходит, постоянно накопляя 

новое, обогощаясь. Как нельзя в реке дважды войти в одну воду, так нет традиций без новаторства» 

[8,308 б.]. Ғалымның дәстүр туралы пікіріне назар аударсақ, дәстүрдің өзі жалғастық пен жаңалық 

ұғымдарын қамтиды екен. Әлемді көркемдік тұрғыдан тану, бағалау дәстүрі, оны көркем бейнелеу 

дәстүрі озық ойдан туындап, байи, дами бермек.   

Кез  келген  дәстүр  үнемі  дамып,  жетіліп  отырмаса,  мән-маңызы  көмескіленіп  ескіріп 

қалары  сөзсіз.  М.О.Әуезов  уақыт  өте  келе  ұлттық  дәстүрлердің  бірқатар  элементтері  қоғамдық 

өзгерістердің және халықтың ұлттық мәдениетінің тарихи дамуына байланысты тозады. Дәстүрлер 

суреткерлердің жаңашыл ізденімпаздығымен күнделікті байи түседі. Жаңа дәстүрлер қалыптасады. 

Туған  топырағында өнердің жаңарып жаңғыруының  біртұтас диалектикалық үрдісі жүзеге  асып 

отырады  деген  ойы  бұл  мәселедегі  көп  түйінді  шешеді  [8,309  б.].  Ұлттық  дәстүрдің  аясында 

жаңа дәстүрлер туып қалыптасады. Жаңа дәстүр өзіне дейінгі дәстүрлермен байланысып жатады. 

Дәстүрді дамытушы суреткерлердің барлығы бірдей бола бермесі анық. Кейбір суреткердің дәстүрді 

дамытудағы қызметі еленер-еленбес болса, екінші бірі дәстүрді жаңа бір сапалық деңгейге көтереді. 

Сол арқылы жаңа дәстүрді қалыптастырушы ретінде танылады. Қазақ әдебиетінде Абайды да жаңа 

дәстүрдің негізін салушы ретінде танимыз. Абай дәстүрі дегенде көркем әдебиет дәстүрі ғана емес, 

тілдік  дәстүрі  де  қоса  қамтылады.  Профессор  Р.Сыздық:  «Демек  Абайдың  алдында  қазақ  әдеби 

тіл дәстүрі болды. Ол дәстүр негізінен көркем әдебиет саласында, оның ішінде поэзия жанрында 

дамыды. Негізі – қазақтың жалпы халықтық тілінің нормалары болды. Бұл әдеби тіл дәстүрі басын 

ауыз әдебиетінен алып, онымен жарыса, жапсарласа отырып дамыған» [9,25 б.] - деп көрсетеді. 

Абай өзінен бұрынғы қазақ поэзиясындағы көркемдік дәстүрден бойын аулақ салмайды. Қайта оны 

дамытып, соны сипат пен жаңа тыныс береді. Сондай-ақ  қазақ әдеби тілін дамытып, ұлттық жазба 

әдеби тіл деңгейіне көтерді. Абай дәстүрі ізбасарлары тілінде жалғастығын тауып, одан ары қарай 

өрістейді. 

 Абайдың тілдік дәстүрінің екінші бір қыры  көркем әдебиет тілін дамытуымен байланысып 

жатыр. Біздің ойға алған мақсат межеміз де осы мәселеге келіп тіреледі. Көркем әдебиет тілі туралы 

айтқанда, М.Әуезов пікіріне соқпай өте алмаймыз. «Тағы да көркем әдебиет тілі туралы» деген 

мақаласында:  «Поэзиялық  лексика,  поэзиялық  синтаксис  көркем  әдебиет  тілінің  грамматикалық 

тіл заңындай, қадір тұтып, алдымен еске алатын ерекшелігі дедік. Көркем әдебиет тілінің болмысы 

мен қасиеті де сол өз шартына жетуінде. Ол үшін жазушының көркем әдебиеттегі тілі тек жабайы, 

жұпыны ұғым тілі болып қоя алмайды. Ұғым түсінікпен қатар ой, сезімге де бірдей әсер етерлік 

айшықты тілмен, әсем сөйлеу шарт. Ылғал жоқ, дәм жоқ, тек грамматикашылдың сәл ғана білген, 

күнделік  қалыпта  тұтынып  жүрген,  шама-шарқына  өлшенген  әдебиет  тілі  көркем  тіл  болып 

жарытпайды. Поэзиялық тіл тудыратын әдебиет тілі бола алмайды. Кейде бастауыш, баяндауыш, 

пысықтауыштар  бәрі  бірдей-ақ  грамматикашылдың  үйреншікті  өлшеуі  бойынша  тізіліп  тұрып-

ақ  жазушы  сөзі  су  татып,  сорға  батып  тұратыны  болады  ғой!  Мейлінше  болады»  [10,281  б.].  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет