№ 3 (106) 2015
383
мемлекеттерінің латыншаға көшіп кеткенін, Қырғызстан мен Татарстанның да соған қам жасап
жатқанын ұмытпауымыз керек [9, 10-14].
1917 жылы Ресейде қызыл коммунистер өкімет басына келіп, билікті қолына алысымен «тап жа-
уларына» қарсы майдан ашқаны мәлім. 1918 жылы кеңес өкімет бойынша жалпыхалықтық сауална-
ма жүргізді. Оның нәтижесі бойынша ұлттың сауаттылығы мен мәдени-әлеуметтік өсу, даму деңгейі
туралы деректер жинақталып, статистикалық талдау және сараптама жасалды. Осыдан бастап алаш
ардақтыларының ұлтқа сіірген еңбектерінен зиянкестік кір іздеу идеологиялық бағытқа айналып,
халық санасын өз ыңғайына бейімдеп үйрету үшін ақпарат соғысы басталды. Бұл саясат «ескішіл»
мен «жаңашыл», «арабшыл» мен «латыншыл» арасындағы бітіспес дауға айналып, аға буын мен
ізбасар буынды екі идеялық жікке бөліп жауықтырды. Кеңестік саясаткерлер қазақ ұлтын тұтас
қырып-жою жоспарын құрды. Сөйтіп, қазақта бұрын-соңды болмаған жасанды екі алапат аштық жа-
сады. 1922 жылғы аштық елдің ақыл-есін қашырып, қазақтың ұлт ретінде жер бетінде сақталуына
үлкен қауіп төндірді. Әлі есін жинап үлгермеген халықтың тұтынып келген араб графикасын латынға
көшіруді ойлап тауып, қазаққа рухани аштықты қатар жүргізіп, күллі түрікті мәдени бірліктің та-
мырына балта шабуды көкседі. Науқан басталып, ұлтшыл, мемлекетшіл, отаншыл, кәнігі алаштың
саясаткерлері іріктеліп, идеялық табанды күрескерлер сұрыпталып, суырылып алға шықты. Ұлттың
рухани құндылықтарын жан-тәнімен қорғаған қазақтың бетке ұстар жолбасшы перзенттері кеңестік
саяси көсемдер үшін «халықтың қас жауы» ретінде күшпен «танытуға» пәрменді әрекет жасалды.
Ол үшін алуан түрлі қиянат әдіс-тәсілдер мен айла-шарғылар ойластырылып, мемлекеттік деңгейде
аяусыз күрес жүргізілді.
Латынды халықтың басым бөлігі қолдайды. Өйткені олар бүгінгі халықаралық коммуникация
саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, қазақ тілін жаңа кезеңге, өз мән-мазмұнынан айырмай
биікке көтеретініне сенімді. Қазіргі Қазақстанның экономикалық, тілдік, мәдени, демографиялық
жағдайы оңалып, халық сапалық тұрғыдан жоғары өрлеуге бет алған осындай орайлы кезеңде, жаңа
әліпбиге көшу дейтін үлкен мақсатты орындап алу әсте қиындық тудырмайды [1, 255].
Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін,
жиырма төрт жылдық тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық
бейнелей алатын жаңаша, өзіміздің төл әліпбиіміз қажет. Сол себепті отандастар санасында баяғы
латыншаға оралу идеясынан гөрі, тәуелсіз елдің өзі толғатып тудырған еркін жазуы елестеуі керек
һәм болашақ жаңа әліпбиге де сол биіктен, сол деңгейден қарап, өткенге жалтақтамай жаңаша келіп,
жаңаша жасауымыз қажет.
Латын әрпімен жаңа әліпби түзу, оны қолданысқа енгізу – оңай іс емес. Президенттің мамандарға
бұл мәселені жарты жыл ішінде байыпты зерттеп, нақты ұсыныс жасауға тапсырма бергені де
сондықтан болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |