Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет627/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Түйін сөздер: әліпби, кириллица, жаңа шрифт, депутаттар кеңесі.

Латын  қарпіне  көшу  қашанда  саясаттың  құралы  есебінде  жүрді.  1920  жылдары  Кеңес  билігі 

Қазақстанда өз үстемдігін орнатқан соң, біздің шығыстық тек-тамырымызды үзу үшін араб үлгісіндегі 

Ахмет Байтұрсынұлының жазуынан латын әліпбиіне көшірткізді. Бұл әрекет бізді Ресейге қосақтаудың 

құралына айналды. 

Ал, ол кездегі Түркияның бағыты бөлек еді, олар Батысқа бет бұрды. Осыған орай Түркияның 

көңіл ауанын байқай қойған Кеңестік жүйе бізді де сол бағытта келе жатқандай көрді. Өйткені, сол 

кезде, 1920 жылдар Бакуде өткен басқосуларға түріктің зиялылары келгенін көреміз. Бұл тіпті түрік 

мемлекеттерінің болашағына саятын үлкен бір оқиға іспетті көрінді. Негізі, ол Кеңес үкіметі үшін 

кирилл қарпіне көшудің бір бағыт-бағдары еді. 

Сол кезде Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиі негізінде жасалған төте жазу нұсқасын мүмкіндігі 

жеткенше,  оқыған-тоқығанның  бәріне  дәлелдеп,  оның  қажеттілігін  айтып  бақты,  алайда  ол  нұсқа 

өткен жоқ [1, 247].

Латындалған шрифтте сауаттандыру барлық халықтың жаңа алфавитті оқуға тиіс деп, 25/ХІ-40 

ж. 15 наурыз бен  1 маусым аралығында ҚазССР Халықтық Комитет анықтама коллегиясы қаулыға 

келісті [2, п 141.].

Қаулыдан кейін, 1941 ж. қазақ халқының үлкен тобын жаңа алфавитті оқыту бойынша тексеру 

жұмыстарын  ұйымдастыру  (төрт  облысы  бойынша  Қарағанды,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  және 

Қостанай) дұрыс жүзеге аспады. 

Республикада қазақ халқының жаңа алфавит бойынша білім алғандарының саны 77 636 адам және 

білім алушылар 125 454 адам болды. Үкіметтік Комиссияға жасалған  баяндама бойынша, Қарағанды 

облысында 10.05.1941 ж. тізімдегі 31358 адамнан 3 751 адам ғана білім алды, ал білім алып жатқандар 

– 10 775 адам болды, Павлодар облысы бойынша нақты емес мәліметтер бойынша, тізімдегі 33 975 

адамнан 25-ші мамырға дейін 7 583 адам білім алды, ал 9 443 адамы білім алуда, Шығыс Қазақстан 

бойынша тізімдегі 11 685 адамнан 25-ші мамырға дейін 3 523 адам білім алды, 5 959 адам білім алуда 

және Қостанай облысы бойынша жұмыс өте нашар, Амангелді, Торғай, Жетіғара аудандары бойынша 

15-ші мамырға дейін 1 312 адам білім алған, 7 208 адам енді білім алуда. Міне, осыған қарап, аудандар 

Облыстық ХББ-не жиі мәліметтер бермейтіні көруге болады [2, п 54.].

Колхозда қызмет ететін сауатты жұмыскерлерге жаңа алфавитті оқытуды ұйымдастыру 15/03/41 

жылы қаулының орындалуына Халықтық Комитет анықтамасы әріптестерін шақырамын. Балаларға 

арналған  оқытудың  тобын  құрып,  оқу-құралдарымен  қамтамасыз  етіп,  және  арнайы  кадрланған 

мұғалімдер жылдың аяғына дейін осы топпен айналысатын болады.

Оқулықтарын алғанға дейін жаңа алфавитті оқытуда мынадай реттеулер болғаны дұрыс: 

1.  Бірінші  сабақта  алфавитпен  таныстырамыз,  жазуда  және  оқуда  жаттығулар  жүргізіп,  жеке 

сөздер  мен  кішкене  тақырыпшаларды  үйретуіміз  керек.  Танысттыруға  арналған  үлгідегі  әріптерді 

қолданып, орыс тілінде жетпей қалған әріптерді мұғалімнің өзі дайындауы керек. Орыс алфавитінен 

қолданып отырған әріптерді жазудың жеке элементтерінің жолы.

Алфавиттердің барлығымен танысып болғаннан кейін, кітапта жазылған тақырыпшалар мен «Са-

уатты болуға көмекші» деген газетке көшу керек. 

Жаңа алфавитті халықтың оқудағы сауаттылығын істелген жұмыстар туралы және  01/04/1941 ж. 

оқытумен қамтудың жағдайын Халықтық Комитет анықтамасы арнайы баяндамасын 05/04/1941 ж. 

кешіктірмей хабарлассын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет