Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет628/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   963
№ 3 (106) 2015

381


Басшылыққа алынған бағдарламаны жаңа алфавитті халықтың сауатты оқуына арналған оқу жо-

спарын ұсынамыз [3, п 141.]. 

«Орыс  графикасының  негізінде  жаңа  қазақ  алфавитін  оқытудың  жолдары  туралы»  баяндама-

сы. Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесі 02/ХІ-40 жылы орыс графикасының негізінде жаңа қазақ 

алфавитінің  латындалған  жазбасының  қазақша  аудармасы,  1940  жылдың  желтоқсан  айының  ба-

сында  жаңа  қазақ  алфавитінің  оқытылуы  туралы  қаулыда  келісті.  Жаңа  қазақ  алфавитін  оқытуға 

арналған  жиынға 2391 мұғалім, 5598 әскерлер, ең басты бейнеде қазақ орта мектебінің жоғарғы сы-

нып оқушылары қатысты. Жаңа қазақ алфавитін оқытып жатқан беттерінде, ескі алфавиттен сауат-

ты мектептерге бекітілген. Күніне екі сағат сабақ оқытумен шұғылдану үшін мұғалімдерге жағдай 

жасалды. Шөп шабу науқаны кезінде оқыту баяулап, тіпті кейбір аудандарда тоқтатылды. Мысалы, 

Ильичте, Келесте, Созақта,Сайрамда және соның маңындағы аудандарда, аудандық партиялар, кеңес 

және камсомол ұйымдастырған шаруашылық жұмысына толығымен қатысып, жаңа қазақ алфавитін 

оқыту  жұмыстарымен  айналыспады.  Оны  жартылай  және  толығымен  ОНО-ға  тастады.  Аудан 

басқармасының кейбіреулері жаңа қазақ алфавитін оқытуға назар аударған жоқ,  бұл жұмысты қолға 

алып  бақылау  да  жасамады.  Нәтижесінде,  жаңа  қазақ  алфавитін  оқытудағы  әлсіздіктен  үкіметтің 

қаулыдағы мерзімімен оқытуды 

    Мысалы, 1/ІХ-41 жылы оқытылғандар 37259, соның ішінде оқығандары 14716 адам, қалып 

қойғандары 16827 адам, қалмағандары 5716 адам. 

Облкеңес исполкомы бұл сұрақты арнайы талқылауға және жауапкершілікпен шешім қабылдауға 

тиісті  болды.  Жаңа  қазақ  алфавитін  оқытуда  жұмыстың  мөлшеріне  қабылдау  жүргізуді  анықтауда 

жағдай жақсара бастады.

Біріншіден,  облыстың  барлық  аудандарында  оқуды  жаңарту  қолға  алынды.    10/ХІІ-41жылы 

оқытуда 17567 адам, оқу оқығандары 27162адам, ал оқымағандары 16682 адам.

Колхоз бөлімі айналысатын каналдардағы (Фрунзе, Келес аудандарында т.б.) қысқы малдардың 

себебінен жетіспеушілік болды. Мысалы, Арыс ауданында оқытылмаған 3551 адам немесе 49,8%, 

Бостандық ауданында 2403 адам немесе 38,7%, Келес ауданында 1539 адам немесе 38,2%.

Аудандық Кеңесі орындаушы депутаттар төрағасы Аудандық ХББ басшысының жұмыскерлері 

жаңа қазақ алфавитін қазақ халқының жұмыскерлерін оқумен қамтамасыз етумен айналыспайды.

Екіншіден, барлық бастауыш, жартылай орта және орта мектептерде 1941-42 жылы оқу жылының 

басында яғни 01.09.1941 жылы жаңа қазақ алфавитіне көшті. 

Сонымен тексеру жүргізіліп, облыстың барлық мекемелері, облыс газеттері жаппай жаңа алфа-

витке өтті [4, п 24.].

«Кәнігі  саясатшылар»  қыза-қыза  орыс  тілінің  дұрыс  оқытылмауына  немесе  орыс  тіліне 

мән  берілмеуіне  кінәлі  адамдарды  іздестіру  жұмыстарын  да  бастап  жіберді.  1938  жылы  Ағарту 

халкомының орынбасары А. Аюповтың «Республиканың қазақ мектептеріндегі орыс тілінің жағдайы» 

деген баяндамасында: «Халық жаулары қазақ мектептерінде орыс тілін тек 3 кластан ғана оқытуды 

ұсынып, мектептердің оқу жоспарларына недәуір зиян келтірген. Ұлттық мектептерде орыс тілінің 

аясын тарылтып отыр» – деуі мұң екен, жағымсақтар бұл пікірді қуаттап ала жөнелді. Орыс тілінің 

өркендемеуіне себепкер – халық жаулары деген сайраулар тау-тасты кезді. Бірде лаулап жанып, бірде 

бықсыды [5, 256]. 

Осыдан  кейін  бір  жылдың  ішінде  қазақ  мектептерінде  орыс  тілін  оқытуды  күшейту  жөнінде 

жеделдетіп бірнеше қаулы-қарарлар қабылданды. 

Осы  тұста  мемлекеттік  деңгейге  көтерілген  латындандыру  саясаты  басқа  арнаға  бұрылады. 

Орыс  графикасына  көшуді  бетке  ұстаған  жаңа  саясат  басталды  [6].  Осыған  байланысты  бірқатар 

халықтардың  жазуын  латын  үлгісінен  кириллицаға  көшіру  шешімі  қабылданды.  Латын  жазуынан 

орыс графикасына ауыстыруды жақтаушылар жазу реформасын жүргізудің басты себептерін былай 

көрсетті: 

А) Латын алфавиті СССР халықтары тілдерінің жақындасуына кедергі келтіруде.

Ә)  СССР  халықтарының  мәдени,  экономикалық,  саяси  байланыстарында  орыс  тілінде  жазу 

қажеттілікті тудырып, латын тілінен орыс тіліне ауыстыруға жетелеуде.

Б) Орыс графикасына көшудің педагогикалық маңызы барлығы атап көрсетілді. Мәселен, тәжік 

мектептерінде екі жазуды қатар пайдалану – оқушылардың жүгін ауырлатқан деген сылтаулар табыл-

ды. 

В) Орыс графикасы үйренуге жеңіл, кітап басу ісіне өте ыңғайлы деген уәждер көрсетілген [7, 4].



Сонымен,  1940  жылғы  13-ші  желтоқсанда  «Латындандырылған  қазақ  жазбасын  орыс  графи-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет