Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет653/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

396


1980-ші  жылдары  жастар  арасында  біршама  студенттік  кезең  ықпалымен  күміс  әшекей 

бұйымдары  сәнге  айналды.  Қыздар  сырға,  жүзік,  білезік,  сәнді  түйреуіштер  және  алуан  түрлі 

ілгектер  мен  түймелер  тақты.  Аға  және  орта  буын  бұл  құбылысқа  жағымды,  оң  көзқараспен 

қарайды. Дәстүрлі зергерлік бұйымдарға қызығушылық мұражайлардың жинауымен, басылымдар 

мен ұлттық сана – сезімнің қайта оянуымен қалыптасты. Бұл бұйымдардың аздығы, оның көркем 

және тарихи маңызын ұғына алмай жатқандығымызда деуге болады.

Анықталып тіркелген дәстүрлі зергерлік бұйымдардың ішінде жалпыға кең таралғандығымен 

сәнді өрнектелген құйма бұйымдар ерекшеленеді. Олардың арасында жүзіктердің бірнеше түрлері 

тісті жарты дөңгелек, жұлдызшалар, сызықтар және т.б. сәнді өрнектері бар, “сағат білезік”– сағат 

сияқты жалпақ, сәнді жарты, көзді өрнегі бар сақиналар жүзіктің жаппай кездесетін категориясы 

болып табылады. Осы аталғандардан басқа Түркістан қалалық әкімшілігінің Қарашық ауылында 

шебер жасалған бұрама білезіктер кең таралса, Меркі ауданының Қостаған аулында ортасы және 

көлемді шетінің иректелуімен ерекшеленетін жалпақ жүзіктер кездеседі. Кейде білезіктің ортасына 

иесінің  аты  шекіп  жазылады.  Мұндай  білезіктер  ХХ  ғасырдың  ортасында пайда  болды.  Жұмыр 

білезіктер сияқты емес бұлардың соғылу мәнері ХІХ ғасырға тән [2, С. 24].

1997-2006  жылдары  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  (Түркістан  қаласы  және  35  елді 

мекен)  жүргізілген  «Түркістандағы  қазіргі  кездегі  этникалық  және  этномәдени  процестер»  атты 

ғылыми-зерттеу  тақырыбында  кешенді  ғылыми  экспедиция  барысында  жинаған  материал-

дар негізінде жергілікті қазақ әйелдері арасында күмістен жасалған ұлттық әшекейлерді тұтыну 

деңгейін көрсетуімізге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет