№ 3 (106) 2015
401
жарияланып тұрған. Атап айтсақ, «Қазақ арасындағы денсаулық қорғау жұмысы», «Денсаулық ағарту
жолында игілікті іс», «Кеңес үкіметінің денсаулық ісі», «Әлеумет науқастары», «Қазаққа денсаулық
керек» т.б. Денсаулық сақтау жұмысын жан-жақты көтеруде басылымның басқарушысынан бастап
белсенді автор – тілшілердің барлығы да атсалысқан.
«Қазақ тілі» газетінің 1924 жылғы 2-нші шілде күнгі 74-ші санында Ауезхан Жолымбетұлының
«Денсаулық жайынан» айдарымен берілген «Қарқаралыда» атты шағын мақаласында денсаулық
қорғау жұмысының мән-жайы жеткізілген. Мақала авторы ел ішіндегі етек жайған аса қауіпті
аурулардың көбейуінің себеп-салдарына тоқталады. Бұл мәселенің белең алуына осы өңірде
ауруларды емдейтін ауруханалардың ашылмауы, дәрігерлер мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі және
осыларды қамтамасыз ететін қаражаттың бөлінбеуі басты себеп болып отырғандығын айтады.
Қазақ арасында қалыптасқан күрделі қайшылықты мәселені шешуде мына істерді алдыңғы кезекке
қояды. Олар дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі, дәрігер мамандардың аздығы, аурухананың жоқтығы,
ал осылардың барлығын қамтамасыз етуде үкімет орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді [11].
«Қазақ тілі» газетіне жиі араласып, көп көмегін тигізген, оның беттерінде бірқатар мақалаларын
жариялаған белсенді автордың бірі Асылбек Сәуелиев. Ол басылымның алға басуын қызу қолдап,
қолдан келген көмегін аямаған. Бұл газетте оның «Қазақ арасындағы денсаулық қорғау жұмысы»,
«Денсаулық ағарту жолында игілікті іс», «Әлеумет науқастары» деген мақалалары жарияланады.
Денсаулық сақтау ісін қозғаған «Қазақ арасында денсаулық қорғау жұмысы» деген көлемді
мақаласында «Жұмыстың ауыр болатын себептері қазақ ішінде дәрігерлердің өте аздығы дәрігерлік
махкамаларда отырған орыс жолдастар қазақ тұрмысын білмегендіктен бұл жұмысқа белсеніп
кірісіп жемісті іс шығара алмады. Бұл жұмысты басқаларға жөн сілтеп отыру үшін қазақ дәрігерлері
керек. Екінші ауырлық басты қаражаттың кемдігі. Қаражат кем ол кемшілік халық денсаулығын
қорғау жұмысында емес. Басқа жұмыстарда табар. Бірақ ол кемшілікке қарап үмітсіздікке салынып
бәріне қол сілтеуге болмайды. Керекті жұмыстың бәрін яки екі жылда бітіріп шығуға болмайды.
Бірақ аз-аздап болса да іске кірісіп жұмысты бастау қажет» [12] деп әуелі қолға алатын мәселе қазақ
арасында аурухана ашу, қазақ тұрмысын білетін білгір қазақ дәрігерлерінің болуы, дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету мәселесі екеніне назар аударып, бұл жұмысқа қаражат қажеттігімен қатар қазақтың
оқыған дәрігерлерінің, іс басындағы азаматтардың, жалпы жұрттық жәрдемдесуін насихаттады.
«Қазақ тілі» газеті халықтың денсаулығын қорғау жұмысында едәуір ізденістер танытқан.
Онда сол кездегі жағдайға байланысты, жұртқа ой салар денсаулық мәселесіне басты назар аударған
мақалалар көптеп жарияланды.
Басылымның бұл тақырыпты қозғауына, әсіресе қазақ арасындағы денсаулық мәселесінің
төмен дәрежеде болуы елеулі әсерін тигізсе керек. Атап айтар болсақ әлеумет ауруының жайлауы
оларды емдейтін арнайы аурухана мен мамандардың дәрі-дәрмектің жетіспеуі және бұларды жүзеге
асыруда қаражаттың кемдігі себепші болған тәрізді.
Денсаулық сақтау жұмысын дұрыс насихаттап түсіндіруде «Қазақ тілі» газетінде жарияланған
мақалалар үлкен рөл атқарған. Мәселен, осы идея басылымның 1923 жылғы 20 қазандағы санында
жарияланған «Кеңес хүкіметінің денсаулық ісі» деп мақалада жалғасын тауып, тереңдетіле түскен.
Мақалада: «Қазақ арасындағы денсаулық істеріне көз жіберіп қарасақ ел арасындағы аурулардың
көбінен қазақ таяқ жейді. Мәдениет жүзінен артта қалған қазақ елінің надандық бір мойындағының
арқасында қайдағы ұсақ аурулардан жапа шегеді. Апатты оба, сүзек сияқты ауруларға келсе
төтенше қазаға душар болып елдікпенде кетеме деген қауғыды еріксіз туғызады. Сонысына
қарағанда ел арасында төтенше істеліп жатқан денсаулықты қорғайтын шаралар сезілмейді. Қазақ
елінің көкейіне дұрыс түсініп, тиісті күрес дәуірін ұққызатын қазақтың өзінен шыққан денсаулық
іскерлері жоқтың қасы. Бірең-сараңы болмаса көбі бұл кәсібінен қош айтысып кетті деуге де келеді.
Тегінде мұндай халді жоғалтатын хүкімет орындары жетік кірісіп қазақ іскерлерін ұйымдастырып
отырып қызметке жеке білу шарт» [13] деген батыл ұсыныстар айтылады. Бұдан біздер осы мақала
авторлары әлеуметке кесірін тигізетін аурулармен күресіп, маман дәрігерлердің жетіспеуі, дәрі-
дәрмектің тапшылығына байланысты туындаған мәселелердің түбірін жоюдың жолын іздестіріп
отырғандықтарын көреміз.
«Әскери коммунизмнен» жаңа экономикалық саясатқа көшу 1921 жылы экономикалық және
саяси дағдарыстардан шығатын шұғыл шешім болды. Өйткені, жаңа экономикалық саясат «әскери
коммунизмнің» обьективті дәлелденген саяси күйреуінің нарықтық тоқырау жүйесінде көрінген
тауар-ақша қатынасының стимулынан экономикалық емес, директивті болу жүйесінің өнегесі
болып табылды. Елдегі шұғыл бетбұрыс немесе тікелей коммунистік өндіріске көшу және ауылдық
|