Зерттелген аймақтағы жүзіктердің қазіргі өндірісте жасалуы типологиялық бірлікке қатысты
№ 3 (106) 2015
397
т.б. етіп соғады. Олардың қалқанша пішінді жалпақ түрлері жиі, беті дөңес түрлері сирек кездеседі.
Бұл жүзіктердің нақыштары қарапайым, шекіп жасалады. Бетіне иесінің аты жазылады, немесе
айнала ұсақ ою-өрнектермен бедерленіп, бұрама түрінде, жақша сызықтарды жарыстыра, жапырақ
түрінде айқастырыла жасалынады.
Бірінші кезекте бұл дәстүрлер әйел киімінде белгілі бір жас буынына және таптық қоғамға
жататындығын, тұрмыстық-жанұялық жағдайын білдіретін түрлі бөліктерін көрсетуге бағытталады.
Сондықтан мұндай ерекшеліктерді көрсететін қызметті киімнің арнайы пішіні, оның түстерінің
үйлесімділігі, шаштың өрілуі мен әсемделуі, бас киімдер және түрлі әшекейлік бұйымдар: жүзік,
сақина, сырға, білезік, шаш және төс алқалар ғана атқарады. Аталған әшекейлік бұйымдар оның
иелерінің эстетикалық-көркемдік таңдауын көрсетумен қатар, қорғау және сақтау т.б. дәстүрін
атқарады. Оның ішінде, әсіресе, арнайы дербес сұраныс бойынша белгілі ұсталар мен зергерлерде
жасалған күміс бұйымдардың орны бөлек болған.
Ерекше бағаланатын әшекейлер арасында ұрпақтан ұрпаққа сақталып келген патшалық күміс
мәнеттерден құйылған көне күміс бұйымдар бағаланады. Мұндай мұрагерлік бұйымдар арқылы
оның иелері ғана аналары мен әжелерінен келе жатқан құнды және жағымды қасиеттерге – нәзіктік,
дене саулығы, ұзақ өмір т.б. ие болады. Сондықтан мұндай құнды әшекейлік бұйымдар жанұя
ішінде ең сүйікті және сыйлауға ылайық келетін, болашақта жүктелген жоғары үмітті ақтай алатын
мұрагерлерге ғана берілген. Дәстүр бойынша қорғаныс қызметін атқаратын жартылай құнды асыл
тастар арасында көгілдір ақық, маржан, қызғылт сары түсті асыл тастар т.б. атқарған.
Күмістен жасалған шашқа арналған әшекейлік бұйымдар әйел бөлігінің жыныстық ерекшелігін
білдіретін негізгі дәстүрлі түрі ретінде, қазіргі кезде өте сирек тек үлкен буындағы қазақ әйелдері
арасында кездеседі. Олар басым түрде күмістен жасалған қоңырау секілді белгілі бейнелер мен
салпыншақ түрлерінде жасалған. Мұндай әшекейлік бұйымдар өз қимылы мен сыңғырлаған дыбысы
арқылы қорғаныс қызметін атқарып түрлі жаман күштерді қуалап тұрған. Олардың арасында ұсақ
салпыншақ бұйымдар репродуктивті маңызын атқарып отырған, ал патша кезінде құйылған күміс
мәнеттер байлық пен молшылықтың символы ретінде түсіндірілген [3, С. 283].
Мойынға арналған алқалар арасында көптеген пайдалы қызметпен басым түрде маржаннан,
түрлі-түсті агаттан, қызғылт сары түсті асыл тастан, янтардан жасалған моншақтар белгіленген.
Моншақтардың ерекше қасиетпен белгіленуі – олардың материалдарының магиялық күшпен
бөлінуіне байланысты. Моншақтардың сандық белгісі ұрпақтың көп болуын, ұрпақтардың дәулетті
өмір сүру қағидасына жақындатылып теңестіріледі [4, С. 382].
Сонымен қатар, моншақтарға емдік қасиеттер де берілген. Біздің мәліметтеріміз бойынша
шығыс еуропалық халықтардың мысалында янтардан жасалған ірі моншақтарды үнемі мойынға
тағып жүру, әйелдердің алқымының ісігінен құтылуына көмектеседі. Қазіргі кезде аталған ауру түрі
Қазақстанда, оның ішінде біз зерттеп отырған аймақта да, адамдардың жас ерекшелігіне қарамастан
йодтың тапшылығына байланысты, кеңінен тараған. Сондықтан янтардан жасалған моншақтар
тұрғындардың барлық жас арасында – жас қыздардан бастап үлкен буындағы әйелдерге дейін аса
қадірленіп тағылады.
Жергілікті әйелдер арасында сырғалардың да қорғау, тілектестік, репродуктивті қызметтерінің
маңызы зор. Олар ежелден сақтандыру қызметін атқарып, құлақ ішіне жаман күштердің кіріп
кетуіне кедергі болады. Маңызды болып сырғаның қыз балаға сыртқы әсемдік әкелуімен қатар,
оның кәмелеттік жас ерекшелігін білдіруі саналады. Осыған байланысты бұл әшекейлік бұйым
түрі болашақта қыз баланың ұрпақ жалғастыратын қасиеттерін көрсетуші кепілі болған. Қалыңдық
жасына жеткен қыз балдардың сырғаларында күн, жұлдыз, ай, ал алқаларында дән, жапырақ
арқылы репродуктивті белгілер көрсетілген [5, С. 378-379].
Сырғалардың адам өмірінде маңызды екендігін көрсету үшін халық арасында оны жоғалтпау
керек деген дәстүрлі ұғым қалыптасқан. Белгілі бір себептермен сырға сыңары жоғалса, оның
иесі ауруға, бақытсыздыққа ұшырап, тіпті өліп қалуы да мүмкін деп саналған. Бұл ұғым түрлі
фактілермен және куәгерлермен нақтыланады.
Қазақтарда басқа да шығыс халықтарында сияқты маңызды магиялық және тазартушылық
күшпен жүзік және сақиналар да бөлінген. Бұл бұйымдар түрі адам өмірінің бірнеше дәстүрлі
кезеңдерінде орын алады: баланы қырқынан шығару (суға жүзік салу), неке қию (күйеу бала мен
қалындыққа жүзік тағу). Әйел адамның қолында жүзіктің болуы сакралды тұрғыда оның дайындаған
тағамының адал және таза екендігін білдіреді. Белгілі ұғымда өрнектеліп жасалған сақиналар түрі
(құс тұмсығы, тасбақа т.б.) бұйымның қорғаушы күшін арттырып, иесінің өмірін ұзартады деп
түсіндірілген [3, С. 277-280].