Түйін сөздер: дәстүр, меритократия, иерархия, әдет, құқық.
Халық, мемлекет тарихы құқық тарихымен тығыз байланысты. Мемлекеттік-құқықтық жүйенің
қызметінде сол халықтың дәстүрлі құқық нормалары көрініс табады. Әр халықтың тарихында
«дәстүрлі» немесе әдеттегі құқығы сақталған. Ұзаққа созылған тарихи кезеңде әдеттегі құқық
әмбебаптық реттеуші қызметті атқарды. Қоғамдық, тұрмыстық, дәстүрлі экономикаға негізделген
әр халықтың менталитетінің туындысы болды. Қоғам ішінде қалыптасқан, индивидтің іс-әрекетінің
құқықтық реттеушісі әдеттегі құқық болды. Оның уақыт межесінде түрленіп, өңделіп, кейде қайта
туындап отыруы жиі кездесті. Дәстүрлі құқық көп жағдайда ауызша туындап, сақталып, ақпараттық
кеңістікте таралды. Оның басты ерекшелігі «қоғамның өз туындысы» болуы. Дәстүрлі мәдениетте
құқықтық түсінік «ақиқат», «ар-ождан» және «әділеттілік» санатында қаралады. Әдеттегі құқықтан
жеке билеушілер бас тартып, мемлекеттік басқару институттары арқылы «заңшығармашылығын»
қалыптастырды. Бүгінгі қоғам заң аясында өмір сүреді. Бірақ тарихи тұрғыдан алып қарасақ,
этномәдени құндылықтарға негізделген әдеттегі құқық бірден жойылып кетпеді. Нәтижесінде
дуалистік қоғамдық сана қалыптасты. Бір жағынан Рим құқығынан бастау алатын бүгінгі күннің
заңдық нормалары, екінші жағынан халықтың дәстүріне негізделеген әдеттегі құқық шынайлығымен
жадыда сақталып қалды.
Ортлық Азия көшпелілерінің тарихындағы ортақтықтың көрініс осы – әдеттегі құқық. Оның
мазмұны мен қызметі түркі халықтарының құрған мемлекеттерде өзара сабақтастықта сақталып
отырды. Түркі халықтарының әдеттегі құқығы ортақ, оның уақыт шеңберінде ғана түрленуі орын
алатынын Н.Гродеков [1] атап өтеді.
Әдеттегі құқықтың тарихи дамуының екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы
дәстүрлі ауызша тарихтың мұралары және әдеби, тарихи шығармалар; екіншісіне кодекстер мен
қабылданған нормаларды жатқызуға болады. Тарихқа үңілсек түркі халықтарында алғашқысында
әдеттегі құқық туралы мәліметтердің басым бөлігі сақталған.
ҮІ ғасырда Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардың бірігуі негізінде Түрік
мемлекетінің құрылуы, оның іргесін салушы Бумын қағанның мемлекеттің тұтастығын, қоғам
мүшелерінің азаматтық құқықтарын қорғаған заң жүйесін қабылдағаны белгілі. Түрік жазбаларын-
да: «Түрік бүтін халық үшін Төресін жүргіздім, Елді тұтып Төре етті» - деп жазылған [2]. Түрік
қағандары әдеттегі құқықты кодифкациялау нәтижесінде «Төре» заңын қабылдады. Осы заң бап-
тары іргесі жаңа қаланған мемлекет үшін ішкі тұтастық және бірлік идеясы болғандығын анық
көреміз. Оның түрік жұрты үшін маңыздылығын ел бірлігі үшін күрескен билеушілердің көне
бітіктастардағы жазбалары айқын көрсетеді. Бұл құқықтық ескерткіш Алғашқы Түрік қағанатының
тәуелсіз мемлекет ретінде тарих сахнасына көтерлгендігінің айғағы болды. Түрік Алғашқы Түркі
қағанатының заңы бойынша түркі қоғамының талаптарына сай азаматтық, қылмыстық, отбасылық
істерді шешіп отырған. Әрине бұл заң ерте ортағасырлық мемлекеттік сипатқа тән болған.
Мемлекетті басқарудағы саяси тәсілдер, көшпелі қоғамдық қатынастар зерттеулерде «көшпелі
мемлекет» ұғымын туындатты. Мұндай саяси билік түркі қоғамындағы құқықтық құрылымды үш
нормаға бөлді. Азаматтық, қылмыстық, отбасылық, мұрагерлік істер әдеттік құқықпен реттелді.
Мемлекеттегі билік тұтқасын ұстаған «Ашина әулетінің» құқығы ерекше болды. Бұл құқық
қағанаттың билеушілері тарапынан қабылданған заң «Төреге» бірікті. Қаған билігі билеуші әулет
ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан ініге берілу дәстүрі болған.
|