Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет680/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   676   677   678   679   680   681   682   683   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

414


Үшіншіден  мемлекет  және  тайпа  аралық  қатынастардың  ережелері  халықаралық  құқық  құрады. 

Түркі  қағанатындағы  жоғарыда  аталып  өткен  нормалар  VIII  ғасырларда  жинақталған  құқық 

жүйесі «Төреге» бірікті. Түркі елінің қалыптасуымен қатар, заң шығармашылығы мемлекет ішінде 

«Төренің» таралуына ықпал жасады. «Төре» елді басқару, билік жүргізу  құқығын атқарды. Оның 

негізгі мақсаты  мемлекеттің ішіндегі тұтастықты сақтау, ру арасындағы қайшылықтарды,  қарым-

қатынасты реттеуді көздеді. Түркі қоғамындағы әдет-ғұрып құқықтары және «Төре»  кейінгі осы 

қоғамның мұрагерлерінің құқықтық қатынастарында жалғасын тапты. 

Түрік  құқытық  ескерткіштерінің  мазмұны  сақталаған  1523-1594  жылдараға  жататын  армян-

қыпшақ  процессуалды  кодекс  және  XII  ғасырдың  қыпшақ-поляк  сот  жүргізу  нұсқасының  тари-

хи  маңызы  ерекше  [3].  Бұл  құықтық  дерек  отбасылық,  қылымыстық,  әкімшілік  құқық  баптарын 

құрайды. Батысқа қарай жылжыған түркі халықтары  әскери өнерін, рухани мұраларын және осын-

дай құқықтық ескерткіштерін тарих межесінде сақтап, өзге халықтардың өміріне сіңірді.     

Дала  тарихындағы  әдеттегі  құқықтың  біріңғай  жүйеге  келуін  Ф.Леонтович  Шыңғысханның 

«Yassa», «Ұлы Жасақ»  заңын қабылдауына қатысты көрсетеді, қазақ мемлекеті осы заңды шынайы 

сипатта  сақтады  деген  тұжырымдама  береді  [4].  С.Фукстың  көзқарасы  бойынша  «Ұлы  Жасақ» 

орталықтанған  мемлекетті  нығайту  мақсатында  қабылданаған  Шыңғыс  ханның  заңы,  ал  қазақ 

мемлекетінде  биліктің  ешқандай  институты  қалыптаспаған,  әдеттегі  құқыққа  негізделген,  оларды 

өзара байланыстыру дұрыс емес деген теріс пікірге тоқтайды [5].  

Монғол ұлысының құрылуы тұсында мемлекетті нығайту мақсатында көшпенділердің әдеттік-

құқықтық  нормаларының  жиынтығына  сол  кезеңдегі  монғол  қоғамының  талаптарына  орай 

өзгерістер енгізіліп, жетілдіріп қабылданған заң жинағы «Ұлы Жасақ» болды. «Ұлы» деп аталуы  

монғолдардың барлығына тиісті заң болды. Осы жағынан алғанда жергілікті ұлыстық деңгейдегі  

жасақтардан ерекшеленді. 

«Yassa»


  монғолша - джасақ, йосун «қаулы», «заң» мағынасын береді. 

«Yassa»


 - Шыңғыс ханның қабылдаған  монғолдардың заңдар жиынтығы және ережелері.  Рашид ад-

Диннің мәліметіне қарағанда бұл заң монғолдардың 1206 жылы өткен  құрылтайында қабылданған 

[6]. Бұл заңның   Шыңғыс ханның керей, найман, меркіттерге жасаған жеңісті жорығынан кейін 

жиналған  Ұлы  құрылтайда  қабылдануы  оның  билігінің  нығаюына  жол  ашты.  Кейінірек  1218 

жылы  Түркістанға қарсы жорықты ұйымдастыру мақсатында жиналған құрылтайда толықтырулар 

енгізіліп, 1225 жылы қайта қабылданған. 

Қоғамдық қатынастардың күрделене түсуі, мемлекеттіліктің қалыптасуы құқықтық мәдениеттің 

дамуымен  қатар  жүреді.  Сондықтан  Шыңғыс  ханның  құрған  мемлекетін  өзіне  дейінгі  осы 

территориядағы  бір  кезде  қалыптасып,  нығаю  үстінде  болып,  ыдыраған  мемлекеттердің  тікелей 

мұрагері ретінде қарастырған жөн. Сонымен Монғол империясындағы негізгі құқықтық ескерткіш  

«Yassa»

 болды. Бұл заңның тұрақтылығының сыры  Шыңғыс хан ұрпақтары  Монғол империясынан 

қаншалықты  қашықтықта  билік құрса да, осы заңға бағынып, берік ұстауында болып отыр. 

«Yassa»


 

мазмұны халықаралық құқық, мемлекеттік және әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, сауда құқығы, 

сот құқығы, заңды бекіту сияқты баптардан тұрды:

«Yassa»


  Шыңғыс  хан  ұрпақтары  үшін  қаншалықты  маңызды  болса,  олардың  билік  құрған 

мемлекеттерінің тұрғындарының бағынуы міндеткерлік болды. Шыңғыс хан бағындырған кейбір 

өңірлерде оның баптары қайшы келіпте жатты. Оның басты себебі 

«Yassa» көшпелі түрік-монғол 

тайпаларының әдеттегі құқығының мұрасы болды.

 Сондықтан оның қызметі көшпелілердің дәстүрлі 

құқығына негізделген болса, Түркістан немесе Иран сияқты  бағындырылған отырықшы аймақтарда 

ертеден  қалыптасқан  құқықтық  қатынастары,  әлеуметтік-тұрмыстық  өмірі  бұл  заңда  тыс  қалып 

отырды. Бұлардың  баптары арасындағы қайшылықтар жергілікті билік иелері мен Шыңғыс хан 

әулетінің билеушілері арасындағы қақтығыстардың  туындауына себеп болды. Түркістан  иелігінде 

билік  құрған  Шағатайдың   

«Yassa»   

орындату  мақсатындағы  әрекеттерін  Ата  Мәлік  Жувейни 

былай баяндайды: «Ол өзіне бағынышты халықты 

«Yassa» арқылы

 қорқытып, жазалау шараларын 

жүргізді,  оның  әскері  әрқашан  дайындықта  болды,  әсерлеп  айтқанда,  кез-келген  әйел  басына 

алтын толтырылған табақпен жалғыз еш қорықпай жүре алатын. Ол кішігірім қаулылыр қабылдап 

отырды. Бұл қаулылар мұсылмандар үшін ауыр болды. Мысалы, қойды бауыздамау туралы қаулысы 

нәтижесінде  Хорасанда  ашық  мал  бауыздаудан  қорықты.  Мұсылмандарды  өлген  мал  етін  жеуге 

мәжбүрледі» [7]. 

Шыңғыс ханның іс-әрекеті әдеттегі тәртіпке қайшы келмеуі, өз тарапынан заң аясында шешім 

қабылдауы  деректерде  сипатталады.  Түркі  өркениетінің  құқықтық  мәдениетінде  осы  дәуірде 

«бейәдеп» ұғымы қалыптасты. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   676   677   678   679   680   681   682   683   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет