№ 3 (106) 2015
415
Соңғы ортағасырлық кезеңдегі әдеттегі құқықты жүйелеуді қазақ хандары жүзеге асырды. Бұл
қадамның басты мақсаты мемлекетті орталықтандыру болды. Бұл заңдар әдеттегі құқықтан құралды.
«Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның
«Жеті Жарғысы», «Их Цазз», «Он сегіз Дала заңы», ескі «Цааджин бичиг», «Халха Джирум», Сібір,
солтүстік Кавказ түркі халықтарының «адат» атты құқықтық нормаларының ортақтығы айқын. Оның
ішінде өсиет, кепілдеме, ант, келсім шарт, куәгерлік, аманат, аталық, айып, құн тағы басқа құқытық
нормалардың түркі халықтарына ортақ болуы заңдылық.
Қазіргі заман талабына сәйкес батыс қоғамының заң шығармашылығы аясында
құқықтық қатынастар жүзеге асуда, түркі халықтарының дәстүрлі құқығының баптары тіптен
қарастылырылмайды. Дәстүрлі құқық әр қоғамның өзінің туындысы, сәйкесінше қоғам ішіндегі
қайшылықтарды шешуде, құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы маңызына мән берілмей келеді.
Дала құқығы «әділеттілік» пен «жаза» қатар қолданылып, жасалған іс-әрекеттің сұрауын көрсетеді.
«Жеті Жарғының» баптарында біреудің сыртынан сөз айту, жалған сөйлеу, әдейілеп соңына түсу
өлім жазасына кесілсе, бүгінде оған тосқауыл болатын дәстүрлі құқықтағы «ар-ождан» қағидаты.
Әр адамның өзінің арының алдындағы жауабы. Дәстүрлі өркениеттің «әділетті қоғамды» құру
дүниетанмы құқық аясында жүзеге асуын ерекше атасақ болады. «Әделеттілік» түркі халықтарының
түсінігінде адам құқығын қорғайтын «міндеттілікке» саяды. Сонымен қатар бұл категория
адамгершілікті-құқықтық, әлеуметтік-саяси санаға тәуелді болды.
Осы тақырыптқа қатысты түркі халықтарының «мұрагерлік құқығынан» мағлұмат беріп өткен
жөн. Дәстүрлі құқық бойынша әке мұрагері отбасындағы кенже баласы болып табылады. Әкесі
қайтыс болған жағдайда кенже баласы бірге тұрған болса, оның барлық мүлкін иеленеді, бірақ осы
тұста ерекше тоқталатын мәселе баласы өзіне «моральдік міндетті» алады. Әкесінің анасынан
бөлек әйелі болса, кәмелетке толмаған балалары немесе туыстарының балаларын заңды түрде әкесі
қамқорлыққа алған болса олардың алдындағы борышын өтеуді, моральдік жағынан да жауапты бо-
лып табылады. Әрине басқа да мұрагерлік құқықтық баптар болды, ер адамның ерте дүниеден өткен
жағдайда оның ұлдарының арасында мүлік тең бөлінеді. Әйелі «әмеңгерлікпен» отбасын құрса,
сол ер адамның қолына көшетін болған. Егер қыз бала отбасында болса оның күйеуіне мұрагерлік
өтетін болған. Мұрагерлік құқықты мүліктік жағынан иелену деп қараған дұрыс емес, яғни оның
ел алдындағы адамгершілікті жүктемесі тағы қоса берілді. Осындай отбасылық құқытық нормалар-
ды Селенга ережелерінен кездестіреміз [8]. Қылмыстық құқықты талдасақ мұнда - меншікке қол
сұғу, жеке адамға қастандық, билік тәртібіне қарсы тұру қолданылатын жазаға түрмеде қамау мүлдем
қарастырылмады. Көшпелілер үшін ең жоғары жаза бұл «рудан кетіру», көп жағдайда шешімді өз
туыстары қабылдап «сүйекке таңба салды» деп елден кетуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар барлық
түркі халықтарында 3 есе, 7 есе, 9 есе құн төлеу тәртібі сақталған. Дала өркениетінің құқытық жүйесі
өзінің шынайлығы, ашықтығы арқылы әделттілікке жетіп отырды. Билердің істі қарауда ешқандай
әлеуметтік мүддеге негізделмеуі, заң барлығына ортақтығын көрсетті. Істің қаралауының өзі көлбеу,
яғни жүгінентін бидің таңдалуында шектедің болмауына мүмкіндік туғызды. Қоғам ішіндегі теріс
іс-әрекет жасаған адамды жазалауды емес, оның ар-ұятқа шақыруды көздеді.
Ресей империясының отарлау саясаты ғасырлар бойы өзінің реттеушілік қызметін атқарған
дәстүрлі құқықты тоқтатты. Оның баптары халықтың жадысында және тұрмысында сақталып қалды.
Әрине бүгінгі құқықтық мәдениетті қоғамды қалыптастыруда адамгершілік-құқықтық дүниетанымға
негізделген дәстүрлі құқықтың құндылықтарын тиімді пайдалаған дұрысі. Бүгінде көптеген мемле-
кеттер «прецеденті құқықты» жиі қолдануда. Ол түркі халықтарындағы әдеттегі құқықпен үндесіп
жатыр. Жаһандану заманында түркі халықтарының құқықтық жүйесінің іргетасы- дәстүрлі құқық
болуы тиіс. Бұл жағдай қоғам ішінде көрегенді ұстанымды, құқықтық мәдениетті және моральдік
құндылықтарды көтеруге ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |