№ 3 (106) 2015
495
өзіндік мәдени құндылықтарын, тілін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дамыту арқылы ұлттық
айшықтарын жүзеге асыруына еркін мүмкіндік болуы;
- республикадағы барша халықтың биліктің түрлі деңгейлерінде өкілеттілігі болуы;
- адамды жеке тұлға ретінде танып, оның расалық, этникалық немесе діни ерекшеліктері
бөлініп-жарылмай, шеттетпеу негізінде сапалық жаңаша ұлтаралық қатынас мәдениетін
қалыптастыру мен дамыту;
- жалпыұлттық мәнге ие «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасын, «Нұрлы жол»
жолдауын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру.
Бұл аталғандардың барлығы бүгінгі Қазақстан үшін өзекті және басқадай баламасы жоқ
өткір қажеттілік екені айдан анық, олар өз кезегінде елдің ынтымағының артып, күш-қуатының
шарықтауына, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, демократиялық дамуына
қатысты жүргізетін саясатының тиімділігіне, саясат субъектілері болып табылатын, қоғамның
түрлі қабаттары мен топтары арасында әлеуметтік серіктестік орнауына қажетті алғышарт болып
табылады.
Біз бұл тұрғыда Қазақстан өзінің қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен келешекке деген нық
сенімі арнасында мұндай жалпыұлттық идеяны қалыптастырып, жүзеге асыра алады және де
соның нәтижесінде өркениетті мемлекет ретінде өз дамуының шарықтау шегіне көтеріледі деген
сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |