«Ақпараттық жүйелер» Директордың тәрбие ісі
бөлімінің меңгерушісі жөніндегі орынбасары
________Исмагулова Н.К. _________Есенгалиева Г.У.
Кураторлық сағаттың әдістемелік нұсқауы
Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; Жaқсы мен жаман туралы түсінік беру; Адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту.
Көрнекі
құралдар
1. Интерактивті тақта.
2. Интернет желісі;
3. PowerPoint бағдарлама.
Куратор сағатының тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Презентация
Кіріспе сөз.
Миға шабуыл.
«Атыма сай мінезім»
Стикерлер
Сіз қандай адамсыз? Психологиялық тест
Презентация
«Жақсылық тамшысы» Рефлексия
Стикерлер
Қорытынды
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!»
Мақсаты: Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; Жaқсы мен жаман туралы түсінік беру; Адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту.
Көрнекілік:
интерактивті тақта;
интернет желісі;
“ PowerPoint” бағдарлама;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
І.Кіріспе. Миға шабуыл. Сұрақтар:
1. Жақсылық деген не? 2. Жамандық деген не?
«Өзіңді тану» өлеңін бірге талқылайық.
Жақсы болу- өзіңнен,
Жаман болу-өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің-ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
Сұрақтар:
1. «Жақсы болу-өзіңнен,
Жаман болу-өзіңнен»,-деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласындар?
2. « Жақсылық көрсең біреуден,
« Мен қандаймын?» деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?
3. « Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
ІІ. Негізгі бөлім Сүйікті Пайғамбарымыз(с.а.у)былай дейді: «Жақсы адамдармен жолдас болуды хош иісті сулар сатылатын дүкенде отырғанға ұқсатады.Дүкеннің қожайыны оған ештеңе ұсынбаса да ол жердің хош иісінен әсерленеді.»
«Жаман адамдармен жолдас болуды темірші ұстаханасына ұқсатады.Ол жерде отырған кісіге оттың бір ұшқыны шашырайды, я болмаса иісі мазасын алады деген.»Міне осы сияқты жақсы адамдармен жолдас болғандарға жақсылардың мінез құлқы әсер етеді.Ал жаман мінез адамдармен достасқандарға олардың жаман іс-әрекеттері әсер етіп, уақыт өте ол адамныңда мінез-құлқы бұзылып,жаман жаққа өзгереді.Біздің міндетіміз болса жора-жолдас таңдағанда абай болу,жақсы және білімді адамдармен дос болу,олардың сөз және іс-әрекетінен жақсы өнеге алу,жаман адамдардан қашық болу.Бірақ оларды сол жаман іс-әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы араласып,адамгершілікке,парасаттылыққа тарту қажет.
Ойын. « Атыма сай мінезім» Ойынның барысы: : мұғалімнің лақтырған добын алған бала өз есімдерін атап, есімдерінің бас әрпінен басталатын бойларындағы қасиеттерді айту керек. Мысалы: Айсұлу – айдай сұлумын, Айымгүл – ай тәрізді гүлмін, т.б.