Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет80/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

47

[sk] дауыссыздарының тіркеуінің алдына қысқа -



ई [i] дауысты дыбысын қосып айтады. Көптеген 

ағылшын сөздерінің қазіргі әдеби хинди тілінде эквиваленті бар. Ағылшын тілі тек хинди тілінің 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  басқа  да  жергілікті  тілдердің  ықпалына  ұшырады.  Хинди  тіліндегі 

ағылшын сөздері көптеген  өзгерістерге ұшырап, қолданыста белгілі бір ерекшеліктерге ие бола-

ды.  Хинди  тілінде  өзінің  түпнұсқадағы  фонетикалық  формасын  жоғалтуы  басым.  Олардың  ара-

сында өзіндік бірнеше фонетикалық нұсқалары болуы да мүмкін. Мысалы: table – стол сөзінің екі 

нұсқасы қолданылады 

टेबिल  [tebil], तेबुल [tebul], kniker (тізеге дейінгі кең балақ шалбар) сөзінің 

निकर [nikar], नीकर [nIkar], नैकर [naikar] нұсқалары бірдей пайдаланылады. 

Хинди тіліне ағылшын сөздері енуі барысында көптеген фонетикалық өзгерістерге ұшырады, 

немесе ағылшын тілінің дыбыстарының хинди тілінің дыбыстарынан айырмашылықтары көп, сол 

себепті англицизмдер хинди дыбыстық жүйесін қабылдады. Бұл тұрғыда үнді лингвисті Х. Бахри 

ағылшын  дауыссыздары  [k],  [g],  [p],  [b],  [c],  [j]  және  [d]  асциративті  сипатқа  ие,  алайда,  хинди 

тіліне ену барысында бұл сипатынан айырылды деп тұжырымдайды [4, 128 б.]. Хинди билингвтері 

ағылшынның [j]және [z] дыбыстарын дұрыс дыбыстайды, алайда ағылшын тілін білмейтін адамдар 

олардың орнына [рһ] және [j] дыбыстарын қолданады. Ағылшын тіліндегі [w], [v] дыбыстарының 

айырмашылығы  жоғалып,  тек  хинди  тіліндегі  [v]  дыбысы  келді.  Ағылшын  тілінің  [r]  дыбысы, 

әсіресе сөздің соңында хинди тілінің [r] дыбысымен алмастырылды. Ағылшын дыбысы [r] хинди 

тілінде сөз соңында дыбысталады: Mысалы, 

मोटर [motar] автокөлік, मस्टर [mastar] оқытушы, प्रोफे-

स्सर [professor] профессор және т.б. [ð] дыбысының орнына церебральдық дыбыс [d] қолданылады: 

fаthеr – 

फदर [fаdаr], mоthеr – मदर [mаdаr] [5].

Хинди  тіліндегі  ағылшын  дауыссыздарының  тіркесі  кей  кездерде  өзгеріске  ұшырайды, 

дауыссыз  дыбыстардың  алдына,  кейде  сөз  соңында  дауысты  дыбыстар  жалғанады.  Дауыссыз 

дыбыстар қатар келген өзгеріске ұшырамаған сөздер: 

डिग्री [digri] деңгей, बक्स [baks] жәшік, पेटरोल 

[petrol] жанармай, өзгеріске ұшыраған сөздер:

 बुरुश [burush] щетка, गारद [gaarad] күзет, дауысты 

дыбыстар жалғанған сөздер:

  इस्कुल [iskul] мектеп, बक्स [baksa] жәшік. Дауыссыз дыбыстардың 

қатар келуінде ассимиляцияға ұшыраған сөздер де байқалады: 

कलट्र



 [kalattar] - collector - салық 



жинаушы

  Ағылшын  тілінен  енген  хинди  тілінде  баламасы  жоқ  дауысты  дыбыс  [ɔ],  басқа  дауысты 

дыбыстардың эквиваленті хинди тіліне сәйкес. Ағылшын дауыстыларының орнына хинди тілінің 

сәйкес дауыстылары қолданылады, мысалы: 

चेअ  [cear] – chair - орындық,  बिआर  [biar] – beer - 

сыра,

 बोत [bot] – boat - қайық, जेल [jel] - jail - түрме. 

Кірме англицизмдердің хинди тілінде айтарлықтай фонетикалық өзгерістерге ұшырағандары: 

बैरा [baira] – bearer – даяршы, लालटैन [laltain] - lantern – шам, अस्पताल [aspatal] – hospital – аурухана, 

अप्रैल [aprail] - april –сәуір және т.б. 

Фонетикалық  интерференция  хинди-ағылшын  қостілділік  жағдайында  ағылшын-хинди 

билингвтердің айтылуы кезінде ағылшын дыбыстарының өзгеруіне және ауысуына алып келеді. 

Хинди тілінде дауысты дыбыстардың – а, и, у созылыңқы және қысқа болатындығына және олардың 

сөз мағынасын өзгертуде маңызды орын алатынын ескерген жөн. Осыған орай, ағылшын дауысты 

дыбыстары хинди тіліндегі дауысты дыбыс эквиваленттерімен сәйкес келмеуі мүмкін. 

Берілген  мысалдарды  талдай  отырып,  хинди  тіліне  енген  ағылшын  тілінің  сөздері  хинди 

тілінің  фонетикалық  заңдылықтарына  бағынып,  дыбыстық  ерекшеліктерге  сай  өзгерістерге 

ұшырайтындығы анықталды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет