Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет846/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   842   843   844   845   846   847   848   849   ...   963
№ 3 (106) 2015

527


үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі 

[5]. Әлеуметтік жалдамалы баспанамен қамтамасыз етуді қолға алған Қазақстан үшін осы саладағы 

Ұлыбританияның  тәжірибесін  зерттеген  орынды.  Сондықтан  мақала  «Ұлыбританияның  тұрғын 

үй  ассоциациялары  дегеніміз  не?»,  «тұрғын  үй  ассоциацияларын  қаржыландыру  және  басқару 

тетіктері қандай?» және «тұрғын үй ассоциацияларын Қазақстанда жүзеге асырудың келешегі?» 

деген зерттеу сұрақтарын қарастырады.  

Тұрғын үй ассоциациялары дегеніміз не? Еуропа Одағының мемлекеттері тұрғын үй ассоци-

ациялары  моделін  қолданады.  Бірнеше  жыл  бұрын  Ұлыбританияда  тұрғын  үй  ассоциациялары 

кішігірім, коммерциялық емес және волонтерлі түрде басқарылатын ұйым ретінде қарастырылды. 

Бұл  ұйымның  басты  мақсаты  –  тұрғын  үй  сатып  алуға,  жеке  иелерден  жалға  алуға  жеткілікті 

қаражаттары жоқ немесе жергілікті әкімшілік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасынан тыс 

қалған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Тарихқа шолу жасасақ, тұрғын үй ассоциация-

лары қолайлы шарттармен ұсынылған капиталға мұқтаж болды, яғни қорлардың қайырымдылық 

қаражаты,  гранттар  немесе  мемлекеттік  ұйымдардан  төмен  пайызбен  берілген  қаражатты 

қарастырды.  Бүгінде  болжамға  жүгінсек,  Англияда  тұрғын  үй  ассоциациялары  тұрғын  үйді 

жекеменшік иеленуден кейінгі жылжымайтын мүлікті иемденудің екінші үлкен түрі болып табы-

лады. Олардың жеке сектор қаражатын әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін пайдалану 

үлгісі ең сәтті қаржылық инициативасы болып саналды.  

Ұлыбританияда тұрғын үй ассоциацияларын 3 түрлі сипатта анықтайды – (а) қоғамдастық, (ә) 

сенімді өкілдер (body of trustees) ұйымы, (б) компания:

–  олар  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету,  тұрғын  үйді  салу,  жақсарту  немесе  басқару  және 

құрылыс пен жаңғыртуды ынталандыру үшін құрылған;

–  пайда үшін тұрғын үй сату, Қаржы министрлігі бекіткен көрсеткіштен асырып пайыздық 

капитал немесе дивиденд шығару тұрғын үй ассоциацияларының құзыретіне жатпайды [6].       

Анықтаманың екінші пунктінде ассоциациялар пайда үшін тұрғын үй сатпайды делінген. Алай-

да, бұл тұрғын үй ассоциациялары табыс таппауға тиіс дегенді білдірмейді, табыс олардың басты 

мақсатына айналмауға тиіс. Табыс пен артық капитал тұрғын үй мақсаттарына қайта жұмсалады. 

Тұрғын  үй  ассоциацияларының  басты  мақсаты  –  тұрмысы  төмен  жанұялар  мен  басқа  да  

мұқтаж адамдарды (мәселен, қарттарды) қолжетімді, төмен бағада тұрғын үймен қамтамасыз ету. 

Тұрғын  үй  ассоциациялары  жаңадан  салынған  үйлерінің  эксплуатацияға  берілген  бірінші  жылы 

анықталған ахауларын жөндеуге кепілдеме береді. Бұл кепілдеме тек құрылысшылар жіберген аха-

уларды қамтиды. Дегенмен, жаңа үйді жөндеу тұрғынның жауапкершілігі болып табылады.

Кейбір тұрғын үй ассоциациялары үшін жалға беру тұрғын үйлеріне қарағанда сатуға арналған 

тұрғын  үйлер  маңызды  іске  айналған.  Олар  төмен  бағада  жылжымайтын  мүлікті  түрлі  жолдар 

арқылы ұсынады. Мәселен, «Жартылай сатып алу, жартылай жалға алу (Part Buy Part Rent)» тетігі 

(бұрын бөліп меншік ету деп аталған) жалға алушыға тұрғын үйдың бөлігін сатып алуға (әдетте 

25%  және  50%)  мүмкіндік  береді  және  жалға  алушы  өзі  иемденбеген  бөлігіне  төмен  жалға  алу 

ақысын  төлейді.  Егер  жалға  алушы  осылай  жасай  алатын  болса  (өзінің  жеке  қаражаты  болсын, 

болмаса  қосымша  қарыздану  арқылы  төлесін),  ол  болашақта  кез  келген  уақытта  жылжымайтын 

мүлікті толығымен иемдену үшін қалған бөлігін сатып ала алады. Тұрғын «жартылай сатып алу, 

жартылай  жалға  алу»  мүлкінің  өз  бөлігін  сатуға  құқылы.  Ол  тиесілі  тұрғын  үй  ассоциациясын 

сату жоспары жөнінде жазбаша түрде ескертеді. Тұрғын үй ассоциациясы жаңа сатып алушының 

қаражатты төлеу мүмкіндігі мен тұрғын үйге мұқтаждығын анықтайды. Сату барысында тәуелсіз 

ашық нарықтық есептеу жүргізіледі. Тұрғынның сату бағасынан алатын пайызы оның мүлікті ием-

дену пайызына тең [7]. 

Тұрғын  үй  ассоциациялары  өз  мүшелерін  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ете  алады  және  олар 

кооперативті  тұрғын  үй  ассоциациялары  деп  аталады.  Тұрғын  үй  кооперативінің  түрі  –  өзін-өзі 

қамтамасыз ету қоғамы, аты айтып тұрғандай оның мақсаты – үйді өздерінің күшімен салу. Со-

нымен бірге, толығымен өзара тұрғын үй ассоциациялары да бар.  Олардың ережелеріне сәйкес 

барлық мүшелері тұрғын үй ассоциацияларының тұрғындары немесе болашақ тұрғындары болуға 

тиісті. Керісінше, өзара емес тұрғын үй ассоциациялары мүшелікке қарамастан мұқтаж адамдарды 

тұрғын үймен қамтамасыз етеді. 

Тұрғын үй ассоциацияларын қаржыландыру және басқару тетіктері қандай? Тұрғын үй ассо-

циациялары нарықтық жалға беру бағасынан төмен бағамен тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Оның 

басты себебі – олар үкіметтен қаржылық субсидиялар алады. Тұрғын үй ассоциациялары жергілікті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   842   843   844   845   846   847   848   849   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет