№ 3 (106) 2015
529
мәселесі бөлімі директоры, қаржы бөлімі директоры, адам ресурстары бөлімі директоры [9].
Ассоциацияның атқарушылары ерікті қызмет атқаратын Кеңеске бағынышты. Сонымен қатар, мем-
лекет қаржыландырған кез келген тұрғын үй ассоциациясы үкімет алдында жауапты. Тұрғын үй
ассоциацияларында қаражаттың тиімді жұмсалуын және тұрғын үй саясаты міндеттерінің орын-
далуын үкімет үнемі қадағалап отырады. Орталық мемлекеттік басқару агенттіктерінің тұрғын үй
ассоциацияларын тіркеуге, тіркелген ассоциацияларға гранттар бөлуге және оларды қадағалау мен
тұрғын үй ассоциацияларының активтеріне қатысты операцияларын бақылауға заңды құзыреті бар.
Тұрғын үй ассоциацияларын Қазақстанда жүзеге асырудың келешегі? Тұрғын үй
ассоциацияларының үлгісі Қазақстанның тұрғын үй секторының өзекті тапсырмаларына сәйкес
келеді: жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маманданған ұйымның
құрылуы, үкіметтік емес сектордің әлеуметтік жаңғыртуға қатысуын ынталандыру, әлеуметтік
серіктестікті және жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту. Сонымен қатар, тұрғын үй ассо-
циациялары арзан әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етеді, жалдамалы тұрғын үйге
сұранысты қанағаттандырады, жаңа жұмыс орындарын ашады, азаматтарға өз баспанасын сатып
алу мақсатында, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы қол
жеткізуге, қаражат жинауға мүмкіндік береді. Бірінші кестедегі ақпарат зерттеу нәтижелерін сарап-
тай келе, автормен құрастырылды.
Кесте 1 – Тұрғын үй ассоциациялары мен аралас қаржыландыруды Қазақстанда дамытудың келешегі
Strength
• арзан әрі қолжетімді тұрғын үймен
қамтамасыз ету;
• тұрғын үй ассоциацияларының мемлекеттік
сектормен серіктестігі;
• жалдамалы баспана нарығын дамыту;
• тұрғын үй бағасын реттеу;
• мұқтаж адамдардың мәселесін шешу;
• азаматтарға өз баспанасын сатып алу
мақсатында қаражат жинауға мүмкіндік беру;
• жаңа жұмыс орындарын ашу.
Weakness
o азаматтар арасында арқа сүйеушілік кейіптің
артуы;
o коммуналды шаруашылық мәселелері;
o тұрғын үй құрылысы жобасының біркелкі бо-
луы;
o ассоциациялардың салдарынан аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық диспропорциясы.
Opportunity
• Қазақстанның тұрғын үй саясаты саласындағы
өзекті мәселелеріне Ұлыбритания моделінің
мақсаты мен тапсырмаларының сәйкестігі;
• үкіметтік емес сектордің әлеуметтік
жаңғыртуға қатысуын ынталандыру;
• тұрғын үй мәселелері бойынша мемлекеттік
ұйымдардың болуы;
• жалдамалы тұрғын үй қорын басқаратын
ұйымның дамуы;
• жалдамалы тұрғын үйді дамытуға қолайлы
жағдайдың болуы (мемлекет тарапынан қолдау: жер
мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, салықтық
жеңілдіктер);
• тұрғын үй нарығында үлкен сұраныстың
болуы.
Threat
• экономикалық қатерлер:
o төмен табыс;
o қаржыландырудың жетіспеушілігі;
o ресурстық шектеулер;
• құқықтық қатерлер:
o қолданыстағы заңнаманы қайта қарау;
o жаңа заң құжаттарын қабылдау;
• әлеуметтік-мәдени қатерлер:
o жалдамалы тұрғын үйге көзқарас (ментали-
тет);
o тілдік қатер;
o институттік мәдениет және құрылым.
Стратегиялық міндеттер:
1. қаржылық және ресурстық жетіспеушіліктерді болдырмау үшін мемлекеттік және жеке
сектордың қаржысын тұрғын үй ассоциацияларын дамыту үшін пайдалану және білікті мамандар-
ды тарту;
2. қолданыстағы заң құжаттарының тұрғын үй ассоциациялары мәселелерін реттеуін
қамтамасыз ету, қажетті өзгерістер енгізу және жаңа заң құжаттарын қабылдау;
3. әлеуметтік-мәдени қатерлерді жеңу үшін іс-шаралар жүргізу;
4. қолжетімді және төмен бағада тұрғын үймен мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету.
Стратегиялық әрекет:
|