Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет847/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   843   844   845   846   847   848   849   850   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

528


басқару  органына  жер  немесе  субсидиялар  сияқты  ресурстар  мен  жоспарлау  және  басқа  да 

үдерістерге қатысты тұрғын үйді салуға қажетті рұқсат құжаттар алады. 1989 жылға дейін орталық 

үкімет Ұлыбританиядағы тұрғын үй ассоциациялары қаржысының басты қайнаркөзі болып келді. 

Үкімет  субсидиялары  арнайы  агенттік  арқылы  бөлістірілді.  Үкімет  субсидиялары  тұрғын  үй 

ассоциацияларының тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты шығындарын 100 пайызға жабатын: 

қаржының бір бөлігін субсидия ретінде, ал екінші бөлігін төмен пайыздық несие ретінде берген. 

Үкімет  тұрғын  үй  ассоциацияларының  қаржылақ  толық  қамтамасыз  етіп  отырғандықтан, 

тұрғын үй ассоциациялары кіріс кемшілігі және қаржылық нәтижелілік мәселелеріне аса назар ау-

дармады. Бұл мәселені шешу үшін 1989 жылы Үкімет аралас каржыландыру үлгісін енгізді. Тұрғын 

үй ассоциациялары артық шығындарын өз қорын сату немесе коммерциялық ұйымдардан қарыз 

алу арқылы жабуға міндетті болды. Несие әдетте 25-30 жылға беріледі. Үкіметтік субсидиялар мен 

жеке сектордың қаражатын қоса пайдалану мүмкіндігі аралас қаржыландыру деп аталады. 1989 ж. 

мен 2009 ж. арасында тұрғын үй ассоциациялары £52 биллион шамасында жеке сектордан қаражат 

алған, ал мемлекеттік жәрдемақы ретінде £40 биллион қаражат жинаған [8]. Уақыт өткен сайын 

жаңа үйлерді қаржыландыру балансы мемлекеттік сектордан жеке секторға ауысты.  

Ассоциациялардың жеке сектордың қаржысын қолдануы олардың жұмыс жасауының дәстүрлі 

үдерістерінен алшақтауға алып келді. Ассоциациялар бәсекеге қабілеттігін арттыру және инвести-

ция тарту үшін қаржылық саланың ережелерімен жұмыс жасай бастады. Қаражат жинау арқылы 

тұрғын үй ассоциациялары жаңа ережелерге бейімделе алатындықтарын сәтті көрсете білді. Несие 

берушілер мен алушылар арасындағы қарым-қатынастың дамуының нәтижесінде екі онжылдықта 

нарық  дамыды.  Несие  берушілер  тұрғын  үй  ассоциацияларының  салыстырмалы  түрде  сенімді 

ұйым екенін білді. Сонымен қатар, мемлекеттік агенттік тұрғын үй ассоциацияларына қатер төнген 

жағдайда оларды сақтап қалу шараларын қабылдауға міндетті болып табылады (ондай жағдайда 

шешім ретінде үлкенірек тұрғын үй ассоциациясымен қосуы мүмкін). Мемлекеттік агенттіктің бұл 

міндетті тек тұрғын үй ассоциацияларына деген нарық сенімділігін сақтап қалу үшін ғана емес,  де-

фолт жағдайында жеке сектор қаражатын қайтару приоритеті үшін де атқарады. Бұрын мемлекеттік 

реттеу агенттігі Тұрғын үй корпорациясы деп аталды. Қазір Тұрғын үй корпорациясы екіге бөлініп, 

оның жауапкершілігі Тұрғын үй агенттігі (жаңа жобаларға инвестиция жасау мен қаржыландыру) 

мен Тұрғындарға қызмет көрсету мекемесіне (ережелермен жұмыс) берілді.

Кепілдеме қою: жеке сектордан несие берушілер жылжымайтын мүлік ретінде борышкерден 

кепілдеме алады. Кепілдеме дегеніміз – тұрғын үй ассоциацияларының активіне қарыз берушінің 

заңды түрде алған кепілдемесі. Тұрғын үй ассоциациясы қарызын төлей алмаған жағдайда, қарыз 

беруші қарызын өтеп алу үшін кепілдемеге алынған активті сатуға міндеттейді. Кепілдеменің екі 

түрі бар: ауыспалы және тұрақты. Тұрақты кепілдеме белгілі бір жылжымайтын мүлікке қойылады. 

Ал,  ауыспалы  кепілдеме,  қажет  болған  кезде,  белгілі  бір  жылжымайтын  мүлік  емес,  алдын-ала 

келісілген активтерді сату арқылы өтеледі.   

Тұрғын  үй  ассоциациялары  жергілікті  билік  пен  корпоративті  басқару  моделін  қолданатын 

жеке компаниялардың ортасындағы үшінші сектор іспеттес. Алайда үшінші сектор ұйымдарынан 

ерекшеліктерінің бірі – тұрғын үй ассоциациялары кеңес мүшелеріне (board members) жалақы не-

месе қандай да бір табыс төленбейді.   

Тұрғын  үй  ассоциацияларының  жалпы  саясаты  мен  бағыты  айына  бір  рет  шақыртылатын 

Кеңесте  айқындалады.  Кеңестің  барлық  мүшелері  түрлі  салада  тәжірибелері  бар  мамандар  бо-

лып табылады және олар ерікті қызмет атқарады. Олар әлеуметтік тұрғын үй саласындағы ортақ 

міндетті ала отырып, үлкен тәжірибе мен біліммен бөліседі. Кеңеске тұрғындар, жергілікті билік 

өкілдері  және  қоғамдық  ұйымдар  мүшелері,  кәсіпкерлер  және  саясаткерлер  мүше  бола  алады. 

Кеңестің міндеттері – ассоциацияның стратегиясын қабылдау және оны жүзеге асыру жұмысын 

бақылау. Стратегия ассоциацияның міндеттері мен мемлекеттің тұрғын үй саясатының міндеттеріне 

негізделіп жасалады.

Тұрғын үй ассоциациялары жұмысы тек ақысыз ерікті түрде ғана жүргізілмейді. Тұрғын үй 

ассоциациялары  жылжымайтын  мүлікті  басқару,  дамыту  үдерісін  ұйымдастыру  және  қаржылық 

мәселелерді  қадағалау  үшін  кәсіби  мамандарды  жалдайды.  Қызметкерлер  саны  тұрғын  үй 

ассоциацияларының көлеміне байланысты. Тұрғын үй ассоциацияларының бірнеше үйлерден ба-

стап 10,000 астам үйлері болуы мүмкін. Көптеген тұрғын үй ассоциацияларының үйлер саны 250-

ден аспайды. Ассоциацияның атқарушылары (Executive) мына лауазымдардан тұрады: Атқарушы 

директор,  компания  хатшысы,  жылжымайтын  мүлік  және  даму  бөлімі  директоры,  тұрғын  үй 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   843   844   845   846   847   848   849   850   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет