№ 3 (106) 2015
541
ұлттық, тектік, діни және т.б. себептері бойынша шектеусіз оқытуға қол жеткізу. Мемлекеттік,
муниципалдық білім беру мекемесінің зиялы сипаты – білім беру мекемесінің муниципалды және
мемелекетгік білім беру бағдарламасы діни емес сипатымен көрінеді. Ешкандай дін конфессия-
сы мемлекеттік білім беру мекемесінде насихаттана немесе қуғынға ұшыра алмайды [2]. Еркіндік
және плюрализм – балалардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналардың орнын басатын
жандардың қалауы бойынша оқыту формасының еркін таңдауының ұсынылуы. Ендеше балалар
мен ата-аналар өздерінің қалауы бойынша мемлекеттік көрнекті мектептерге немесе діни, жеке
меншіктік оқу орындарын тандай алады.
Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына
сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты
міндеттердің бірі. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени
дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен
оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне,
мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері [3]:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның
құқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық
және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың әсері де бар. Мысалы, мектеп жа-
сына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындықпен мектепте оқуға
дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты
педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден,
ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті
талап етеді. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік
саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына
мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады [3]:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;
2) әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық физиологиялық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім
беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық
бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық
құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым
министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы
мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім мен тәрбие беру – бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой,
мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс.
|