Түйін сөздер: Саяси плюрализм, неоэлитизм, гипердемократия, номенклатура, коммунист, лениндік
гвардия, саяси эмиграция.
Пюралистік демократия үлгісінде бір де бір таптың немесе бір де бір халық тобының билік мо-
нополиясы жоқ; олардың көзқарастарын білдіретін ұйымдар мемлекеттік механизмге «қысым жа-
сау топтары» ретінде бой көрсетіп, онысы тапсыз болып қарастырылады. «Билік диффузиясының»
бұл үлгісінде соңғысы бүкіл әлеуметтік топтар арасында бөлінген. Бұл концепция саяси биліктің
таптық мәнісін жоққа шығарып, бүкіл халықтың еркін білдіруі ретінде қазіргі капиталистік
елдердегі мемлекетті ұсынады.
Плюралистік демократия мәселелері бойынша классикалық еңбектерге Д.Трумэн,
Д.Рисмен, Р.Даль еңбектері жатады. Мысалы, Р.Даль американдық плюрализмнің теориясы мен
практикасындағы негізгі аксиома мынадай деп жазады: тәуелсіз биліктің бірегей орталығының ор-
нына ешбірі де толығынан тәуелсіз болмауы тиіс сондай көптеген орталықтар болуы тиіс. Ол бұл
азаматтар мен жетекшілерге шиеленістерді бейбіт түрде шешу мүмкіндігін береді деп сендіреді.
Сөйтіп, Даль бойынша саяси билік құрылымы биліктің көптеген орталықтарынан тұратын полиар-
хиядан тұрады. Ал бұл тәріздес полиархия демократияның қазіргі үлгісі болып табылады.
Р. Миллс өзінің «Билік етуші элита» еңбегінде плюрализм идеологиясына елеулі соққы берді.
«Американдықтар, мемлекет – бұл әрекеті бір-бірімен күресуші мүдделерді өзара өлшеу басымдығы
арқылы реттелетін өзінше бір автомат деген ұғымнан ешбір бас тартқылары келмейді», - деп
мысқылдайды Миллс. Шынына келгенде, Миллстің өз кітабында дәлелдегеніндей, билік етуші
элита американдық қоғамда тұтастай өктемдік етеді, соның нәтижесінде «АҚШ-тың демократиясы
туралы барлық әңгімелер мазақ сияқты болып көрінеді» [1].
Д. Трумэн Миллсті, сонымен бірге АҚШ-тың саяси жүйесін тікелей қарама-қарсы әдіснамалық
көзқарастардан талдаған У.Липпманды элита мен бұқараны қатал түрде қарсы қойғаны үшін сы-
найды, соның өзінде Липпман американдық саяси жүйені «бұқараның жан-жақты билігі» деп, ал
Миллс – элитаның жан-жақты билігі деп санайды. Трумэн олардың екеуінікі де дұрыс еместігін,
АҚШ - тағы биліктің бөлінуінің әлдеқайда күрделірек екенін айтады: элита мен бұқара арасында
көптеген бірлестіктер, «қысым жасау топтары», кәсіби одақтар, саяси партиялар және т.б. тұр.
Шынымен де, элиталар көптеп саналып, олар кез келген әлеуметтік таптан табылған кезде
қоғам қарама-қарсы күресуші және өзара әрекеттесуші күштердің, түрлі топтардың (мұның өзінде
әр әлеуметтік топтың мүдделерін элита білдіреді) балансы ретінде қарастырылады. Бірақ соңғы
жағдай туралы еске салу міндетті емес: бұл тәсіл кезінде «элита» ұғымының ұсақталып кеткені
соншалық, оны «жақша сыртына» шығарып, қоғам «мүдделі топтар» (Д.Трумэн терминологиясы
бойынша) немесе «вето - топтардың» (Д. Рисмен термині) балансынан тұрады деп тұжырымдауға
болады. Элиталы теориялар саяси плюрализммен интеграцияланған болып шығады.
Элиталарды қызметтік белгісі бойынша бөле отырып, плюралистік мектептің саясаттанушы-
лары, әрине, бұл элиталық топтардың әр бірінің таптық мәнісін ашып көрсетпейді; олар эксплу-
атациялаушы тапты бәсекелестігі басқару қызметтерінің «қарама-қарсылығынан» келіп шығатын
|