Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет955/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   951   952   953   954   955   956   957   958   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

601


жағдайға байланысты емес, керісінше осыдан бір жыл бұрын президент Сезердің ұсынысы бой-

ынша  қарастырылып,  2000  жылдың  қазан  айында  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Түркіменстан  және 

Қазақстан мемлекеттеріне ресми сапарлармен барып келді.

Осы мемлекеттерге сапар барысында қауіпсіздік және әскери саладағы әріптестікті нығайтуға 

қатысты  стратегиялық  құжаттарға  қол  қойылды.  Бұл  саладағы  қарым-қатынастар  1993  жылдан 

бастап  Түркияның  әскери-техникалық  көмегінің  негізінде,  сосын  НАТО-ның  “Бейбітшілік  үшін 

Әріптестік”бағдарламасының аясында Орталық Азия офицерлері мен әскери күштерін дайындау 

және Түркия әскери оқу орындарында білім беру негізінде дамып келгендігіне қарамастан, Сезердің 

мемлекеттерге сапары екі жақты қатынастарды кеңейтуге және аймақтық мемлекеттерге қатысты 

Түркияның ынтымақтастық және бауырлас қатынастарын қайта жаңартуға түрткі болды [16].

Өзбекстанға  сапары  және  әскери  әріптестік  туралы  келісімге  қол  қойылуы,    Түркия  мен 

Өзбекстан арасындағы екі жақты диалогты қалыпқа келтірді. Президент Сезер  сапарынан кейін 

жеткізілген әскери-техникалық көмек (шамамен 1,5 млн АҚШ доллар) болашақ мемлекетаралық 

қатынастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты [17].

Түркияның сыртқы саясаты үшін тағы бір оңды нәтиже ретінде, Сезердің Қазақстанға жасаған 

сапарын  көрсете  аламыз.  Осы  сапар  кезінде  Қазақстанпрезиденті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Ақтау 

арқылы Баку-Тбилис-Джейхан құбырына қосылу туралы тосын ұсынысын жасады. Бұл қадам БТД 

жоба құнын күрт өсірді. 

Сонымен қатар, қазақ-түрік қатынастарын жақсартуға маңызды үлес ретінде беделді суфизм 

көшбасшысы және түрік ақыны Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін реставрация жобасының аяқталуы 

да болды. ЮНЕСКО құндылықтар  мұрасына жататын ескі ғимаратты қалыпқа келтіру жұмыстарын 

ТИКА  қаржыландырды    және  президент  Сезер  өзінің  сапарының  барысында мовзолейдің  қайта 

ашылуының ресми церемониясына қатысты.

Бұл Сезер президенттігі кезіндегі аймаққа жасалған тек бір сапары ғана болса да, оның Орталық 

Азиядағы сыртқы саясаты сәтті нәтижеленді деп есептеледі.  Президент басшылығымен жетінші 

Түркі  тілдес  мемлекеттерінің  саммиті  2001  жылы  өткізілді,  ал  келесі  саммит  2006  жылы  ғана 

өтетін болады және бұны президенттер деңгейіндегі қарым-қатынастардың әлсіреуімен түсіндіруге 

болады. Осыған қарамастан, экономикалық қатынастар саласында өткен жылдардағы сауда жүйелі 

түрде  жүргізілуіне  байланысты,  2000  жылы  сауда  қарқыны  арта  түсті.  Мысалы,  2000  жылы 

шамамен 1950 фирма аймақта белсенді жұмыс жасады және Түркия мен аймақтағы мемлекеттердің 

арасында сауда айналымы шамамен 8,5 млрд долларын құрады. Түрік фирмалары сауда деңгейінің 

жалпы  сомасы 3,5 млрд долларын құрады [18]. Сонымен қатар, Ахмет Неджет Сезердің сыртқы 

саясат  сахнасындағы  қызметінің  бәсеңдеуіне  Режеп  Тайып  Ердоған  құрған  Әділет  және  Даму 

Партиясының (ӘДП) жаңа сайланған үкіметі себеп болды деп те айтуға болады. Түркияның саяси 

сахнасына аталмыш тұлға 2002 жылы сайлау нәтижесінде толық жеңісінен кейін келді және сол 

кезден бастап Түркия ішкі және сыртқы саясатында үлкен өзгерістерді басынан кешіріп жатыр.

Абдулла Гүл: Түркі дүниесі саясатының күшеюіТүрік Республикасының 11-ші презденті осы 

лауазымға сайланғанға дейін 2003-2007 жылдар аралығында Түркияның Сыртқы істер министрі 

және  Премьер-министрдің  орынбасары,  2002  жылдан  бастап  2003  жылға  дейін  ӘДП  үкіметінің 

кезінде  бірінші    премьер-министрі  қызметін  атқарған  болатын.  Президент  болып  сайланғаннан 

кейін, өзінің Сыртқы істер министрі ретінде ұстанған саясатын жалғастырды.

ӘДП сыртқы саясаты жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығында Түркия Премьер-министрінің 

сыртқы  саясат  кеңесшісі,  профессор  Ахмет  Давлотоғлоудың  доктринасына  байланысты  дамыды 

және  “Эрдоған-Давутоғлу-Гүл”  үштігінің  арасында  келісіліп  отырды.  Давутоғлудың  Түркияның 

әлемдегі орны мен атқаратын қызметіне қатысты көзқарасы   “стратегиялық тереңдік” доктринасында 

таныстырылған болатын. Осыған қатысты, Түркияның аймақаралық кеңістікте атқаратын рөлінен де 

кең қарастырылған болатын. Оның “Стратегиялық тереңдік” кітабы түрік сыртқы саясатының жаңа 

концепциясы мен жаңа әдістерін іздеуді ұсынды және халықаралық сахнада Түркияның позициясын 

одан әрі өзгертуге итермеледі [19]. Орталық Азияға келетін болсақ, ауқымды стратегияға қатысты 

Түркияның  аймақтағы  рөлін  айқындайтын  екі  принцип  бар.  Біріншіден,  Түркияның  Иранмен 

экономикалық және сауда қатынастарын нығайту арқылы Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын 

барынша бір қалыпты сақтау және шектеу болса, екіншісі, Орталық Азия мемлекеттерімен  барлық 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   951   952   953   954   955   956   957   958   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет