С.Б. ЕРЖАНОВА
1
, Г.Ә. САҒЫНАЕВА
2
филол.ғ.д., профессор
1
, PhD доктарант
2
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университеті, Алматы қ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
(Н.Оразалин поэзиясы негізінде)
Мақалада Нұрлан Оразалин поэзиясындағы дәстүр жаңашылдығын жасаған тенденциялардың өткен
әдебиеттің қандай бастауынан сусындағанын талдау барысында игердік. Нұрлан Оразалиннің поэзиясының
дені лирика бола отырып дәстүрге бой ұрған. Осы жерде ескере, баса назар аудартатынымыз лириканың
өзі көңіл-күйдің көрінісі болғандықтан дәстүрге игеріле бермейтін тылсым тақырыптар тізбегі, сезімдер
көші, солай бола тұра дәстүр сабақтастығын жасай алуымен ерекшеленеді. Ақынның пайдаланып отырған
дәстүрі – өткен әдебиет пен мазмұн жағынан толығып, форма жағынан түрленіп, қайта тууы болып отыр.
Н. Оразалин өлеңдері поэзияны ең қатал, ең қажетті талаптарына жауап бере алатын шебер қол,
шынайы жүректен шыққан шығармалар екені дау туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |