№ 3 (106) 2015
77
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
...Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да.
Сені іздедім.
Іздеймін, тағат бар ма,
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!
Осы өлеңнің өн бойына қарап отырсақ, поэзия бар жерде, барлық тұстар мен кезеңдерде,
өмірдің өзінде, өмірдің сан-сапа таусылмас қырлары мен сырларының бәрі де өлі екен. Оны сезіп,
біліп жырлау үшін ақынға ерекше жүрек, ерен махаббат, құштарлық пен мархабат қажет. Тура осы
дәстүр сабақтастығын Н. Оразалин өз өлеңінде былай келтіреді:
Өксітпеңдер өлеңді!
Жалынға орап, күйдірмеңдер Киені.
Балта сілтеп, қуартпаңдар еменді.
Өлең – орман... киесі ауыр тиеді.
Жылатпаңдар ақынды!
Ақын елдің аруақ қонған арқасы.
Жалғайтұғын алыспенен жақынды
Ой мен сөздің шекарасыз картасы.
Толқытатын теңізді,
Тағдыр болып кезер үні көк төсін
Өмір...
Өмір...
Әлімсақтан егіз-ді,
Жыр мен емен тамыр жайсын!
Сол жолда көктесін!
Өксітпеңдер өлеңді!
Шаттық болып тамсын жерге бір тамшы,
Бақыт кернеп аспандатсын төбемді,
Жер үстінде бесік жыры шырқалсын.
Көз жасы емес...
Жүректерден жыр тамсын.
Н. Оразалинде өмір бар жерде өлең бар деген ақиқатқа анықтап қол қойып отыр. Ол да өмірдің
барлық ендіктерінен өлең табады, өлең көреді, сезінеді, кез келген құбылыстан ой өреді. Дүниенің
жұмбақ сырын ашуға ұмтылады, ашылған ойды аламанға жеткізу үшін ойын өлеңмен өрнектейді.
Өзінің дүниетанымын кеңейту арқылы көптің көзін ашуға, жұрттың жүрек дірілін жеткізуге барын
салады. Және де осылардың бәрін жадағай ұран, жалпылама сөзбен емес, көркемдігі келіскен Кенен
жыры мен қазақ поэзиясының бүгінгі тынысын білдіретін қаламгерлік қуатпен жазады.
Келесі бір ескеретін мәселе, қазақ поэзиясының дәстүрлі классикалық
үлгісіне тән бір
ерекшелік - ақындық тілдің ажары
, поэтикалық көркемдік құралдардың молдығы, әдеби терминдер
тілімен айтқанда, поэзияның үстеуші, анықтаушы, ажарлаушы, бейнелеуші тәсілдерінің байлығы.
Яғни қазақ поэзиясының қай кезеңін алып қарасақ та, ондағы ырғақ пен ұйқастың, метафора мен
эпитеттің, гипербола мен эпефиоздың, аллетерация мен ассонанстың, салыстыру мен шендестірудің
небір ғажап үлгілері мен түрлерін кездестіреміз.
Қазақ өлеңінің табиғаты орыс немесе еуропа жырларынан бүтіндей өзгеше болатындығын осы
поэзия жанрындағы көптеген әдеби әрлеуші элементтердің көптігімен түсіндіруге болады. Бұл
|