Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет274/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

163


атты зерттеуінде адамзат тарихын дәуірлеудің тәжірибесі, ұстанымдары жүйелі қарастырылады [2]. 

Ғалым көзқарасы бойынша, адамзат тарихын дәуірлеу ісі – тарихшы үшін аса қажет дүние. Жалпы 

алғанда, адам баласы саналы ғұмыр кешкелі, өзінің өткеніне зерделі оймен көзқарас қалыптастырғалы 

тарихтың  парақтарын  ақтарған  кезде  оларды  белгілі  бір  тәртіппен,  жүйемен  дәуірлерге  бөліп 

қарастыруды қолға алған. Бұл орайда ғалымдар тарапынан жасалған осы уақытқа дейінгі дәуірлеу 

үлгілерінің барлығын тәжірибе деп санауға тиіс екендігін ұғынамыз. Ол дәуірлеулердің бірін – ба-

сты, негізгі, маңызды, басқаларын – қосымша, маңызы төмен дей алмаймыз. Сол себепті барлық 

дәуірлеу үлгілерін мұқият қарауға тиістіміз деп есептейміз. 

Г.Гасанов  еңбегінде  адамзат  тарихын  дәуірлеудің  қажеттілігін,  ғалымдардың  тарихты  не 

үшін  дәуірлейтінін  былай  түсіндіреді:  «Идея  периодизации  стала  частью  различных  проектов 

целепологания. Она связана с философским пониманием функционтрования планеты Земля, жизни 

человека, проходящего, как и всякое другое органическое существо, различные этапы рождения, 

созревания,  расцветания,  увядания  и  смерти.  Периодизация  одинаково  важна  как  для  истории 

физических,  так  и  биологических  процессов,  протекающих  на  Земле  и  в  жизни  человека,  так  и 

для истории познания всех форм человедческой деятельности» [2, 74]. Жер бетінде мекен ететін 

адамның және өзге де туатын, дамитын және өлетін органикалық барлық жан иелерінің тіршілігін 

түсіну үшін, зерттеу үшін олардың тарихын дәуірлерге бөліп қарастыру аса қажет екен. Ал адам ба-

ласы тіршілігін, оның   түрлерінің табиғатын түсіну үшін тарихты дәуірлеу керек екен. Оның ішіне 

адам баласы жасаған, тудырған өнер, ал өнер ішінде әдебиеттің де бары екені біз үшін алдымен 

маңызды.


Көрсетілген енбегінде Г.Гасанов тарихты дәуірлеу дегенді былай пайымдайды. Автордың ойын 

сақтай отырып, тұжырымдардағы негізгі мағынаны қазақ тілінде төмендегідей жеткізуге болады. 

«Дәуірлеу дегеніміз:

– мағына мен мақсат тудыратын және байланыс жасайтын әдісті тұрақты қалыпқа енгізу әрекеті;

– әрбір жеке ұқсастықты бір ортақ жүйеге ендіріп, бәрін қамтитын сәйкестіктер аналогиясын 

құру;


– үздіксіз және ортақ логикамен байланыстағы тарихи үрдістің кезеңдері саналатын  дәуірлерді 

анықтау;


– тарихтағы ұқсас оқиғаларды және, сонымен қатар, ұқсастығы жоқ оқиғаларды іздеу;

– тарихтағы өзгерістер жаңа сапалық жағдайға ауысу кезеңінде тарихи жағдайларды белгілеу;

– ұқсастықтар мен айырмашылықтарды статистикалық жағдайында ғана емес, динамикада да 

сипаттау;

– тарихтың үзілуі, өшуі, парадигмалар ауысуы мен мағыналарының бітуі;

– тарихта белгілі бір оқиға қандай орын алатынын білу мүмкіндігі, ғаламдық деңгейдегі адамзат 

тарихымен белгілі оқиғалар қаншалықты байланысты екенін анықтау;

– тарихи үрдістерді түсінуге талпыныстың жүйелі негізін жасау;

– тарихтағы революциялық және эволюциялық оқиғаларды әлемдік үрдістер аясында ғылыми 

тұрғыдан түсінуге мүмкіндік» [2, 75].

Келтірілген  анықтамалар  тарихты  дәуірлеу  деген  түсініктің  толық  табиғатын  ашпайды.  Бұл 

орайда  ғалым  дәуірлеудің  негізгі  критерилерін  ғана  көрсеткен.  Дегенмен,  оларда  осы  күрделі 

сұрақтың мағынасын ашуға ұмтылыс жасалады. 

Еңбекте  адамзат  тарихын  дәуірлеудің  тәжірибелері,  осы  сұраққа  байланысты  ғалымдар 

тарапынан жасалған әрекеттері, олардың ұстанған тұжырымдамалары кең тарқатылады. Айталық, 

Кроче  есімді  ғалым  Гегельдің  тарихты  дәуірлеу  ұстанымдарына  сын  білдіреді.  Ал  У.Ростоу, 

Д.Белл,  Э.Тоффелер  сынды  ғалымдар  «түрлі  еңбек  құралдары  мен  технологиялардың  пайда 

болуын»,  Т.Р.Мальтус  «халықтың  өскенін»,  Ш.Л.Монтескье  «географиялық  ортаны»,  Шпенглер 

«мәдениетті», Л.Гумилев «этносты», А.Тойнби «өркениетті» тарихты дәуірлеудің негізі құралы деп 

санаған екен [2, 76]. Бұл ғалымдар мен ойшылдардың қай-қайсысы да – өз саласының асқан білгірі. 

Белгілі бір мәселеге қай тұрғыдан келуге байланысты сол сұрақтың да шешімі әрқилы болатыны 

белгілі. Сондықтан біз тарихты дәуірлеген кезде қандай ұғым, сөз, мағына, немесе тарихи кате-

гория негіз болады деген күрделі сұрақтың шешімін іздеуге әрекеттенбейміз. Сол секілді әдебиет 

тарихын дәуірлеу кезінде де белгілі бір ұғым, түсінік, мағына, әдеби категория басшылық болады 

деп кесіп айта алмаймыз. 

Тарихты  дәуірлерге  бөлудің  ұстанымдары  қаншалықты  көп  болса,  оларға  айдар  тағып  ат 

қоюдың үлгілері де соншалықты мол екен. Мысалы, Еуропа ғалымдарында Батыс Еуропа тарихын 

үш үлкен дәуірге бөлудің үлгісі ғылымда берік орныққан: 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет