Метафора тәсілі арқылы атаудың (наименование) ауысуы белгіленетін



Дата07.04.2023
өлшемі15,94 Kb.
#80420

1)Метафора тәсілі арқылы атаудың (наименование) ауысуы белгіленетін
заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.
Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады Тіл-тілде сөз сөз мағыналарының ауысуы тәсілдерінің ішінде өте жиі кездесетіні және ең бастысы – метафора тәсілі. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Метафораның негізінде туған келтірінді мағына, әдетте, сөздің туынды мағынасы ретінде қалыптасып орнығып кетеді. Мұндайда метафораның негізінде туған мағына сөздің сөздіктегі мағыналық мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде қаралады. Метафора көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде айрықша қызмет атқарады
Тілдегі қолданылу сипатына қарай метафораны үш топқа бөліп берген зерттеуші ғалым Ә.Болғанбаев былай дейді: «Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуын метафора дейміз. Тіл білімінде бұл заңдылықты ұқсату заңы деп те атайды» 


2)Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың (заттардың не құбылыстардың) өз ара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Қазақ тілінде сөздің жаңа мағына иелену жолдарының бірі-метонимиялық тәсілдер. Метонимия белгілі бір топтағы бір нысанның атын бүкіл бір топқа немесе бір топтың атын басқа топтағы бір нысанға ауыстыра қолданатын троптың бір түрі [
«Метонимия дегеніміз - белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы» дейді Ә.Хасенов.


3)Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады.
Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылатын болса, онда сөз мағынасы кеңиді. 
Зерттеуші ғалым Анар Салқынбай синекдохаға мынадай анықтама береді: «Синекдоха-лебізде болмыстағы заттар мен құбылыстардың бүтін сипатын бөлшек мәнді, керісінше, бөлшек сипатын бүтін мәнді сөздерді қолдану арқылы алмастырып пайдаланып, сөздің көп мағыналығын туғызу тәсілі.
Лебізде синекдоха біршама кездесіп отырады. Көркем шығармаларда ішкі сезімнің бір иірімін бейнелеу үшін, салыстырылып отырған нысандардың халықтық дүниетаныммен сәйкес келуіне ерекше мән бере отырып, сөздерді ұғымдық жағынан үйлесімді етіп қолданады 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет