Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет309/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

184


Күндердің  күнінде  ел  басына  күн  туып  жерге  бір  тамшы  жаңбыр  тамбай,  ел  ашаршылықтан 

қырылатындай халге жеткенде, Толағай атты осы бала алыстан бұлт көшіріп әкеліп елін құтқарып 

алады. Ертегі желісінде ол жолбарыс сияқты күшті жаумен алысып,  ерлік көрсетеді. Толағай есімінің 

бүгінгі күні БАҚ мәтіндерінің барлығында тұрақты қолданылуы оның елі үшін істеген игі істерінің 

жемісі.  Ел  экономикасына  қатысты  шешімін  таппай  шиеленіскен  мәселелерді  оңтайландыратын 

мамандар жеткіліксіз екенін айта келе журналист өз мәтінін: Бұл істі тындырарлықтай Толағайлар 

бар ма екен ел ішінде? – деп өз бағдарламасын риторикалық сұраумен аяқтайды. 

Ақпараттық  бағдарламаларында  сөз  қорытындысы  ретінде  мәтін  соңында  берілетін  «Аяз 



би  әліңді  біл,  құмырсқа  жолыңды  біл»  деген  тіркестегі  жалқы  есім  сирек  те  болса  телемәтінде 

қолданылып мәтінді көреременнің қабылдауына өз бағытын беріп тұр. Аяз би – қазақ ертегісіндегі 

басты кейіпкер. Ол ертегі басында еріккен ханның жарлығына орай уәзірлері жаман адамға балап 

алып келген адам. Аяздың жаман болып атануы, оның жасы елуге келсе де, адам баласы көруге 

тиісті жақсылықтың бірін де көре алмай, байдың қойын бағып малайлықпен күн кешуі. Бірақ бас 

кейіпкер  ертегі  соңына  дейін  хан  мен  уәзірлерін  әртүрлі  тапқырлығымен  таңқалдырып,  ақыры 

елден асқан ақылды адам болып шығады. Ертегі басында жаман адам болып атанған ол Аяз би 

атанады. Бір кейіпкер екі есім алады. Телемәтіндерде өзінің Жаман атын ұмытпау үшін бұрынғы 

жаман атанған кездегі киімдерін іліп қойып, ел ішінде «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» 

деген тіркесті қалыптастыруға негіз болған Аяз бидің есімі әлі келмеген іске араласып күлкі болған 

адамдардың  мінезін  дәлдеп  беруде  оларға  сын  айтушы  адамның  тарапынан  айтылатын  мәтінде 

қолданылады. Ақпарат берушілер, істің сәтсіз аяқталуына қатысты мәтіндерді оқығанда сөзін осы 

тіркеспен аяқтайды. 

Жалпы  белгілі  есімдерді  өз  сөздеріне  қатыстырып  қолдану  үрдісі  тілге  кездейсоқ  келген 

құбылыс емес. Кеңес өкіметі тұсында Отанында Еңбек Ері атанған Стахановтың есіміне қатысты 

еңбекте үздік көрсеткішпен көзге түскен белсенділерді стахановшылар деп атау осыдан қалыптасып 

қалған. 

Теледидар мәтіндерінде сұлулық пен нәзіктік мағынасын беру мақсатында Баян сұлу, Қыз Жібек 

есімдері жиі қолданылады. Олардың есімі сұлулықты махаббатқа шынайы берілгендікті білдіреді. 

Бірде теледидардан, елімізде болып өткен сұлулық байқауы туралы хабарлап отырған диктор: Бұл 

байқауға әртүрлі елден келген Баяндар өз бақтарын сынады,– дейді. Мәтіндерде Баян сұлу есімі 

сұлулықпен қоса махаббаттың белгісі екендігі кейде ескерілмейді. 

Спорт  хабарларында  белгілі  бір  ойын  түрінен  жүйрік  шыққандарды  халық  танымындағы 

тұрақты есімдерді қолданып атауға болады. Мысалы, спортта ерекше күш жұмсап өнер көрсететін 

палуандар мен зілтемір көтерушілерді – Толағай, Таусоғар жеңіл атлетикадағы ең үздік спортшылар 

үшін Желаяқ есімі қолданылады. Ауыз әдебиетіндегі Таусоғар есімінің қолданылуы біздіңше кейде 

журналист  мәтінді  оқығанда  дыбыстардың  үндестігін  сақтап  дауыссыз  «т»  дыбысымен  келетін 

фонетикалық қайталау тудырып жеңіл айтуды қажетсінгеннен  пайда болған құбылыс деп ойлаймыз. 

Мысалы: Мұндай істерге тау қопарар Таусоғарлар қажет деп ойлаймыз. 

Осы тұста бір ескере кететін мәселе телемәтіндерде Қыз Жібек есімін қолданғанда қателіктерге 

бой алдырып жатады. Нақтырақ айтсақ, спорт хабарларында Қыз Жібек есімін қатыстыра отырып 

өз еліне олжасыз қайтқан спортшылар туралы:

Бұл  жолы  Қыз  Жібектер  ауылдарына  құр  қол  қайтты,  –  деп  хабарлайды.  Сөйлем  қытай 

қыздарының жеңіліске ұшырап елдеріне қайтқандығы туралы айтылады. Бұл тұста құрама команда 

ұлты басқа спортшылардікі екендігін ескермеген сияқты. 

Әйгілі есімдердің келесі бір тобын әнші қауымға қатысты айтылған Мақпалдар, Бибігүлдер, 

Әмірелер, деген сияқты есімдер тобы құрайды. Мысалы: Бұл күндері бұл байқаулардың болашақ 

Күләш пен Бибігүлдерді анықтау үшін маңызы зор – деген сөйлемнен көре аламыз. 

Жаңалықтар  жеткізуде  халықтық  образдар  –  Алдар  Көсе  мен  Қожанасыр  есімдері  кеңінен 

қолданылады. Алдар Көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың 

жиынтық  бейнесі.  Алдар  Көсе  өзінің  асқан  айлакерлігі  арқылы  мұратына  жетеді.  Ертегі  аңыз 

желістеріндегі оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. 

Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шық бермес Шығайбай атын байдың бермес асын ішіп, 

атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін 

халық  айыптамайды,  қайта  құптап,  қошеметтеп  отырады.  Өйткені  Алдар  Көсе  әділетсіз  билік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет