Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет317/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

189


Мастанып, қызып терлейсің,

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?! [1, 24].

Асан толғаулары түгел дерлік Әз-Жәнібек ханға айтылған. Асан -  халық тілегінің жоқшысы. 

Асан Қайғы мұңы – халық мұңы. Асан мұңының тамыры тереңде. 

Асан Қайғының толғауларынан Қазақ хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көреміз. 

Ғалым Б.Кенжебаев: «Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ 

халқының мұңын, тілегін көрсетеді» [4], – деп жазған еді.

Асан Қайғы халқының бірлігін, мемлекеттің тұтастығын сақтаған жырау.

...Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң, тойынды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің  [1, 23]

Асан Қайғы  ата мекенінен біржола безуге қарсы. Ақын өзінің толғаулары арқылы Жәнібек 

ханның көшін тоқтатпақ болады. Елінің, жерінің, ата мекен қонысының тұтастығын сақтап қалуды 

мақсат тұтады.

Асан Қайғы  халқын, хандарды бірлікке, татулыққа, айызбіршілікке шақырады.

Ашу – дұспан, артынан,

Түсіп кетсең қайтесің

Түбі терең қуысқа!.. [1, 26]

Асан  Қайғының,  Қазтуғанның,  Доспамбеттің,  Шалкиіздің,  Жиембеттің,  Марғасқаның, 

Ақтамбердінің,  Тәтіқараның,  Үмбетейдің,  Бұқардың  толғауларында  қазақтың  ата  мекендері 

шығармалардың  тақырыптық-идеялық,  көркемдік-стильдік  әр  түрлі  ерекшеліктеріне  орай 

жырланады.  Жыраулар  поэзиясындағы  жер-су  атауларының  ішінде  Алтын  Орда  мемлекеті 

дәуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен, қимастық сезіммен жырланады. Атап 

айтқанда,  Еділ,  Жайық,  Сырдария,  Қара  Ертіс  өзендері,  Азау  (Азов)  теңізі,  Түркістан,  Ташкент 

қалалары және т.б. мекендер жыр арқауының негізін құрайды.

Бүгінгі таңда жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі мен құндылығы – Тәуелсіздігіне қол 

жеткізген Қазақ елінің өскін ұрпақтарын еліне, жеріне, Тәуелсіз Қазақстанына деген сүйіспеншілігі 

мен Отансүйгіштік сезімін оятып қалыптастырады.

Қазақ елінің мемлекеттілігін, ежелгі ата жұртын мәңгілік мақтанышпен, асқақ сезіммен жырлау 

– жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық болмысымыздың нақты көрінісі.

Бұл  Қазтуған  жыраудың  «Алаң  да  алаң,  алаң  жұрт»  атты  туған  жермен  қоштасу  жырынан 

ерекше байқалады:



Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менің ордам қонған жер,

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер. 

...Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,

Қайырлы болсын сендерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. [1, 29], –

деп, Қазтуған Еділ бойындағы түркі тектес бауырлас халқына құт-берекет тілейді. 

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылуы дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері – қазақ 

әдебиетіндегі  жыраулар  поэзиясының    қалыптасуында  Доспамбет  пен  Шалкиіз  жыраулардың 

алатын  орны  ерекше.  Доспамбет  жырау  поэзиясында  атамекенді  сүю,  ардақтау,  отаншылдық-

патриоттық рух өте басым.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет