Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
226
танытса, дәл осындай жағдайдың өзге түркі халықтарының рухани-мәдени, әлеуметтік өмірінде де
үздіксіз жүргендігіне көз жеткізе аламыз. Абдолла Шаиг- әзірбайжан халқының талантты, ұлтшыл
қаламгері.
Өзбек балалар әдебиетінің қалыптасу жылдарында юморлық, сатиралық шығармалардың
орны ерекше болды. Ойландыратын күлкі арқылы баланың эстетикалық сезімі мен танымына өте
күшті ықпал етуге болады. Себебі, бұл жағдайда баланың көңіл-күйі мен ақылын қатар қозғауға
мүмкіндік мол. Сатиралық-юморлық жанрда жазылған авторлық өлеңдердің түбі фольклордан
бастау алатындығы даусыз. Балаларға арналған сықақ өлеңдер, мазақтамалар, жаңылтпаштар
мен ертегі т.б. секілді жанрлардың бала жанын ізгілендірудегі орны айырықша. Өзбек балалар
әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын-жазушылар Хамза Хакимзаде Ниязидің «Тасбақа мен
шаян» («Тошбака билан чаён»), «Өрік» («Урик»), «Шие» («Гилос»), «Алша» («Олича»), Гафур
Гулямның «Нартаджидің күрек тісі» («Нортожининг курак тиши»), «Ахмед нашар бала емес қой,
бірақ...» (Ахмад ёмон бола эмас-ку, аммо...»), Шукур Сагдулланың «Ынжық» («Инжик»), «Салақ»
(«Ивирсик»), «Малмандай су» («Шалоббо»), Куддус Мухаммадидің «Құйрық» («Дум»), «Дунаншер
неге екілік?» («Дунаншер нега иккичи?»), «Қорабайдың сол ісі дұрыс па?» («Коравойнинг шу иши
тугрими?»), «Шымшықтан ескерту алу ұят емес пе?» («Чумчудан рaн эшитмак уят эмасми?»), Пулат
Муминнің «Реніш» («Зарда»), «Валидің «күлкісі»» («Валининг «кулгиси»), Кудрат Хикматтың
«Тентек» («Тантик»), «Қырсық» («Ужар-жон»), «Мен екіден қалай құтылдым?» («Мен «икки» дан
кандай қутулдим?») атты шығармалардың өзбек классикалық әдебиетінің дамуына қосқан үлесі
шексіз. Ұлы Отан соғысы жылдары және соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті саласында
Зафар Дияр, Султан Джура, Куддус Мухаммади, Ильяс Муслим, Адхам Рахмат секілді қаламгерлер
қызмет етті.
Хамза Хакимзаде Ниязи- ақын, жазушы, педагог. Кедей отбасының балалары мен жетімдерге
арнап мектеп ашқан. Бірінші сыныпқа «Жеңіл әдебиет», екінші сыныпқа «Оқу кітабын» жазды.
Хамза ақынның педагогикалық ғылым мен тәжірибенің дамуына сіңірген еңбегі зор.
Ол жастарды ақыл, адамгершілік, эстетикалық мұраттар тұрғысынан оқыту идеясын
насихаттады. Оқу мен тәрбие ісіндегі мұғалім тұлғасының маңызына ақын айырықша мән берді.
Хамза ақын дыбыстар жүйесі арқылы сауаттылыққа үйрету әдісін насихаттаушылардың бірі болды.
Қазақ балалар әдебиетімен қатар түркілік балалар әдебиетінің де білгірі, белгілі ғалым Қ. Ергөбек
бүгінгі күн үшін назарда ұстауға тиісті өзекті ойларды алға тартады. Өзбектің атақты жазушысы
Насыр Фазыловтың «Таптым, алайда жоғалтпадым» атты жинағына арналған мақаласында ғалым
түркі балалар әдебиетіне тән ортақ кемшілікке тоқталады. «Жалпы әлем әдебиетінде балалар
әдебиеті деген ұғым келте жатады. Әсіресе біздің түркі халықтарында. Тақырыбы ашылмаған
туынды болса, балаларға арналған болып шығады. Көркемдігі көңілдегідей болмаса, балаларға
арналған ғой дей саламыз. Ол дұрыс емес. Ел боламыз десек, ең асылымызды балаларға арнауымыз
керек. Ең көркем жазылған дүниемізді балаларға арнап жазуымыз керек. Өйткені, бүгінгі бала –
қоғамның ертеңгі келешегі...» [4] ,-дейді ғалым.
Якут балалар әдебиетінің өкілі Элляй халық ауыз әдебиеті үлгісі негізінде «Чурум-Чурумчуку»
атты ертегі-поэма жазды. Николай Якутскийдің «Бірінші атыс», «Юкабильдің оттары», «Жер
қызы», «Бүркіттің досы» атты шығармалары,
Суорун Омоллоон (1906-2005жж.) өз халқының
сауаты мен мәдениеті үшін оқулықтар жазды, тың жатқан саланың барлық жанрында аянбай етті.
Оның балаларға арналған «Әңгімелер», «Бәйшешектер», «Аңдар» атты шығармалары, «Күміс
мүйіздер», «Атамның ертегілері», «Якут ертегілері» атты жинақтары бар.
ХХ ғасырдың 20-жылдары әдебиетте аударма шығармалардың үлесі артты. Аударма жанрының
негізгі бөлігін балаларға арналған шығармалар құрады. Әзірбайжан балалар әдебиетінің дамуына
«Азернешр» баспасы айырықша үлес қосты. 1926 жылы М.Н. Богдановтың «Қарлығаштар»,
Дудоревтің «Түйеқұстың естелігі», «Бір қоянның бастан кешкендері», Зилининаның «Оқушылар
демалысы және түрмедегі өлім», орыстың «Түлкі мен қасқыр» ертегілері азірбайжан тіліне
аударылды. Бұл әдеби үдеріс қазақ әдебиетінде де үздіксіз, әрі жемісті жүрді.
Қазақ балалар поэзиясының генеалогиялық, типологиялық, поэтикалық табиғатына арналған
зерттеу еңбегінде белгілі ақын, ғалым А. Әлтаев 20-жылдардағы қазақ балалар әдебиетіне қатысты:
«Профессионалдық үлгідегі қазақ балалар поэзиясы алғашқы қадамынан бастап-ақ балалар
әдебиетіне жүктелер қос міндетті – әдеби-көркемдік және тәрбиелеушілік міндеттерді – болмыс-
бітімінде тел ұштастыра алды. Оның негізгі сыры – ұлттық балалар поэзиясының ізашар сүрлеуінің
бастауында М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет алыптарының
|