Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет393/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

235


қолданыстар  заң  тілін  тұжырымды,  мазмұнды  етіп,  заң  мәтінін  есте  сақтауға  ықпалын  тигізді. 

Мысалы, «қара қылды қақ жару», «тура биде туған жоқ», «әділ билік – алтын таразы», «семсер 

астында серт жүрмейді», «алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «мал ашуы – жан ашуы», «ат тұяғын 

тай басар», «ерден кетсе де, елден кетпейді», «иілген басты қылыш кеспейді» т.б.

Қазақ  заң  лингвистикасының  тарихындағы  тағы  бір  маңызды  еңбек  –  белгілі  заңгер-ғалым 

Ғ.Сапарғалиевтің “Төре бітігі – Армяно-кыпшакский судебник 1519-1594”.  

Тарихи жазба деректер бойынша, ХІ-ХІІ ғасырдан бастап Дешті Қыпшақ мемлекетінің Еуразия 

құрлығын  мекендеген  елдер  арасында  мәртебесі  биік  болған.  Қазіргі  орталық  Қазақстаннан 

бастап,  Дунай  өңіріне  дейін  қанатын  жайған  Дешті  Қыпшақ  мемлекеті  өз  заманында  талай 

елдерге үстемдігін жүргізіп, қыпшақ тілінің ұлысаралық мемлекеттік тіл болуына негіз қалаған. 

16-17 ғасырдан бері Каменец-Подольск армян сотына қатысты жалпы түркі тілінде армян әрпімен 

жазылған  құжаттардағы  армян  сот  хаттамаларының  артықшылығын  білдіретін  және  басқа  да 

діни жазбалар мен жылнамалардан тұратын 32 кітапта еліміздің сот-құқық тарихына ғана емес, 

филология, мәдениет, көркем әдебиетке қатысты тың деректер молынан кездеседі [4]. 

Солардың ішінде лингвистикаға қатысты тың деректер көне қыпшақ тіліндегі сот ісіне қатысты 

терминдер мен тұрақты тіркестер арқылы дәйектеледі. Мәселен, бір ғана «жарғы» сөзінен сот және 

сот төрешісіне қатысты бірқатар сөздер мен тіркестер жасалған. Оның ішінде, сот ісіне қатысты 

сөздер мен сөз тіркестері: 1. «йарғұ» – заң; «йарғұсұна көрә» – олардың заңы бойынша; 2. құқық, 

құқықтық нормалардың, заңдардың, ережелердің жүйесі, жиынтығы; 3. құқықтар, бостандықтар, 

жеңілдіктер. Йарғұны, йарғұны айа – құқығын шектеу; 4. сот, мекеме, инстанция; йарғұнұң алнына 

– соттың алдында; йарғұ алнына кел – сот алдына келу; йарғұға бар – сотқа сөз салу; йарғұға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет