Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
234
қатысты және қазіргі лингвистиканың талаптарына жауап беретін барлық әдістер мен ғылыми
зерттеулер нәтижесінің жиынтығы» ретінде сипаттап, оны «құқықтық лингвистика» деп атаса,
орыс тіл білімінде заң лингвистикасы мәселелеріне 20-ғасырдың 90-жылдарынан бастап назар
аударыла бастады. Ғалым Н.Д.Голев «юрислингвистика мен лингвоюристиканың нысаны – тіл
мен заңның өзара қарым-қатынасы: тілдің заңға қатынасын юрислингвистика, ал заңның тілге
қатынасын лингвоюристика қарастырады» деп, «юрислингвистика» және «лингвоюристика»
терминдерінің аражігін бөліп көрсетеді [1,11].
Юрислингвистика лингвоконфликтология,
лингвоэкология, әлеуметтік лингвистика, терминология, тіл мәдениеті, риторика, когнитология
тәрізді лингвистикалық пәндермен қатар, юриспруденция, жалпы конфликтология, герменевтика,
сот психологиясы, экспертология тәрізді лингвистикалық емес пәндермен тығыз байланысты
болса, заңның лингвистикалық аспектілерін қарастыратын лингвоюристика бағыты құқықтық
коммуникация, заң терминологиясы, заң мәтіндерін талдау және заң тезаурустарын әзірлеу тәрізді
мәселелерді қарастырады.
Бұл тұжырымдардан «заң лингвистикасы» және «лингвоюристика» ұғымдарының дербестігі
айқындалады.
Заң лингвистикасының қазақ тіл біліміндегі қалыптасу тарихы тым әріден басталады.
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары 16-ғасырда Қасым ханның тұсында «Қасым ханның
қасқа жолы» деген атаумен ережелер түрінде жарық көрді. Бұл заңда
мүлік заңы (жер дауы, мал-
мүлік дауы); қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң
(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); елшілік жоралары (майталман
шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); жұртшылық заңы
(шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл,
бекеуіл, тұтқауыл міндеттері) тәрізді ережелер қарастырылды.
Бұдан кейін, яғни 17-ғасырда қазақ даласында «Қасым ханның қасқа жолының» толықтырылған
нұсқасы ретінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағы орын алды. Бұл заңға өтпелі
кезеңге байланысты, көшпенділер өмірінің ерекше қиын жағдайына сай келетін жаңа құқықтық
нормалар енгізілді.
Қазақ тарихындағы тағы бір заң жинағы – «Жеті жарғы».
17-ғасырда қазақ хандығының ыды-
рау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып,
хандық билікті нығайтуға күш салды. Осы орайда, қазақ қоғамының дамуына мықты билік пен
бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесі қажет болды. Сол қажеттіліктің орнын толтыру,
әрі «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» заңдарын жетілдіру мақсатында,
Тәуке ханның хандық құрған кезінде «Жеті жарғы» заңдар жинағы қабылданды. «Жеті жарғының»
бірқатар ережелері мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.
Қазақ хандығы тұсындағы заңдар жүйесі мен нормалары хандықтың да, халықтың да мүддесін
қолдай білді. Нақтылай айтатын болсақ, хандықтың ішкі және сыртқы мәселелері, соғыс пен
бейбітшілік, көші-қон тәртібі, ел ішіндегі дау-дамайлар мемлекетті басқарушыларға да, халыққа да
аса маңызды болды.
Лнгвистикалық
тұрғыдан алғанда, бұл заңдар әр дәуірде, әртүрлі қоғамдық өзгерістер
нәтижесінде қабылданғандықтан, олар бір-бірінен мазмұны жағынан ғана емес, тілдік сипаты
тұрғысынан да ерекшеленді. Сол себепті қазақ заң лингвистикасының тарихында заңдар тілін
дыбыстық, мағыналық, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық аспектіде зерттеу
мәселесіне де баса назар аударылды.
Бұл тұста қабылданған заңдар, ең алдымен, сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық қорын
заңға қатысты жаңа ұғымдар мен қолданыстар арқылы байытуға, бұрыннан бар қолданыстардың
жаңа мазмұнға ие болуына ықпалын тигізді. Зерттеуші Ж.Макешова қазақ арасында бұрыннан
қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жазылған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның
ескі жолы» және «Жеті жарғы» заңдарының іс қағаздары тілінің қалыптасып жаңа арнаға түсуін
дәлелдейтін маңызды құжаттар екендігін айтады [2, 10].
Сонымен қатар бұл заңдардың қазақ әдеби тілі ресми стилінің қалыптасу тарихындағы
орнын ғалым А.Ибатовтың Алтын Орда дәуірінде жазылған түркітілді жарлықтар, әсіресе
қазақ тілінің тарихы үшін құнды нұсқалар ретінде «Тоқтамыстың Яғалаға жарлығы», «Темір-
Құтлұғтың жарлығы», «Тоқтамыстың екінші жарлығы» деп аталатын жарлықтарға жасаған тілдік
талдауларымен дәйектеуге болады [3, 90].
Қазақ заңдарының мәтіндеріндегі тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, афоризмдер т.б.
|