Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


тұр – сот алдына келу, тұру; 5. әділ сот, сот тәртібі, сот ісін жүргізу, сот жұмысы, сот тәжірибесі;  йарғұларыны ет



Pdf көрінісі
бет394/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

тұр – сот алдына келу, тұру; 5. әділ сот, сот тәртібі, сот ісін жүргізу, сот жұмысы, сот тәжірибесі; 

йарғұларыны ет – сот ісін жүргізу; йарғұнұ тогрұ ет – әділ сот жүргізу; йарғы тап – сот шешімін 

шығару, сот дауын шешу; йарғұнұң иши – сот ісі, сот қызметі; йарғұдан өгүтләнмәх керәк – сот 

арқылы жазалану керек. 

Сот төрешісіне (судьяға) қатысты сөздер мен сөз тіркестері: 1. йарғұчы, йарғұчұ – судья; йарғұны 



йар – әділ сотты жүзеге асыру; йарғұчынының мүһүрү – судьяның мөрі;  йарғұчылых, йарғұчұлұх 

– лауазым, судьяның міндеттері, соттау құқығы; йарғұчылыхның бойрұхұ – судьяның құқығы, 

шешімі;  барча йарғұчының күчиниң күчи – барлық судьялардың шешімінің жоғары күші; бий 

йарғұчы – судья мырза т.б.[4]. 

Бұл  сөздің  шығу  төркіні  туралы  қазақ  тіл  білімінде  түрліше  пікірлер  бар.  Мәселен, 

«Анықтамалықта»  «қазақ  тіліндегі  «жарғы»  сөзі  ежелгі  түркі  тіліндегі  “иар”  (“жар”)  сөзінен 

шыққан. Мағынасы – әмір, әмір беру, билік айту. 

Ал “Кодекс Куманикусте” бұл сөз – jar түрінде 

жазылған,  мәні  –  шешім,  берілген  әмір.  Қазақ  хандығын  билеген  Тәуке  хан  заманында  ұлы 

билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысуымен ел ішіндегі құқықтық қарым-

қатынастарды реттейтін заңдар жинағы – “Жеті жарғы”

 құрастырылды. “ Жарғы ” термині қазіргі 

кезде  “устав”  сөзінің  баламасы  ретінде  қолданылып  жүр»  деген  түсініктеме  берілсе  [5],  ғалым 

І.Кеңесбаев  «жарғы»  сөзінің  шығуын  шағатай  тіліндегі  «яр»  сөзімен  байланыстырып:  Қазақтың 

«жар  салу»  (кликнуть  клич,  сделать  объявление  через  глашатая),  «жаршы»  деген  сөздердің 

түбірінен «ярғушы» (басқарушы, билеуші) деген сөз шыққан. Сол шағатай тілінде «ярғыға тұтам» 

(жауапқа, сотқа тартам) деген сөз бар. Бұл түбірден пайда болған «жарлық» (указ) деген сөз әл-

Замахшаридің белгілі еңбегінде де ұшырайды. Сонымен, «Жеті жарғы» дегендегі «жарғы» басқа 

шағатай әдебиетінде келетін «яргушы» сөзінің «яргу, ярғы, ярға» түрінен өзгертіліп келген болу 

керек» деген тұжырым жасайды [6,156]

«Жарғы» және онымен түбірлес «жарлық» сөздері қазақ 



тіліндегі заң мәтіндерінде де жиі қолданылады.

Қазақ заң лингвистикасы, оның ішінде қазақ заң мәтіндерінің лексикасы Абай шығармаларында 

да  белгілі  бір  стильдік  мақсатта  қолданылған.  Абай  шығармалары  тілінің  лексикасы  мен 

грамматикасын арнайы зерттеу нысанына алған ғалым Р.Сыздықова 19-ғасырдың 2-жартысында 

Қазақстанда, бірі – қазақтың байырғы әдет-ғұрпына негізделген право (уголовное, обычное право), 

екіншісі – Ресей үкіметінің бүкіл империялық правосы, үшіншісі – ислам дінінің заң правосы – 

шариғат,  үш  түрлі  заң  правосының  қатарласа  өмір  сүргенін  атап  көрсете  отырып:  «Енді  осыған 

лайық жаңа юристік категориялар мен іс-әрекет атаулары пайда болады. Ең алдымен, орыс импери-

ясы правосының атын өзге екі праводан айырып атау тенденциясы туады. Ол әсіресе Абай тілінде 

өте-мөте  сезіледі»  деген  тұжырым  жасайды  [7,200].  Одан  әрі  ғалым  Абай  шығармашылығында 

кездесетін  заң  саласындағы  бірқатар  сөздерді  талдайды.  Мысалы,  сот  сөзі  Абайда  сотты  адам 

(ісі орыс соты бойынша тергеудегі адам), басы сотқа ілігу тәрізді тіркестермен қолданылса, бұл 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет