Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет510/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   963
№ 3 (106) 2015

305


рухани жетекшілеріне айналды. «Айқап» төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, 

талантты студент жастардың өкілдері топтасты. Журналға А.Ғалымов, М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, 

М.Кашимов,  Қ.  Кемеңгеров,  М.Ж.  Көпеев,  А.Мұсағалиев  Б.Сыртанов,  С.Лапин,  Н.Манаев  және 

басқалар белсене қатысып тұрды.

 Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оның жұмысына А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың 

қатысуы  себепші  болды.  Дала  өлкесінің    қалың  жұртшылығы  кейіннен  қазақ  мәдениетінің, 

әдебиетінің  аса  көрнекті  қайраткерлеріне  айналған  дарынды  тұлғалар:  С.Сейфуллин, 

Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаевтардың шығармашылығымен 

танысуға мүмкіндік алады [8]. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі «Айқап» журналы мен «Қазақ» 

газетінің басты айырмашылығы, тарихнамада ұзақ жылдар бойы ойы айтылып келгендей, олардың 

мақсат-мүдделерінің,  идеялық  бағыттарының  өзгешілігінде  емес,  басылымдарды  қаржыландыру 

жолдарының екі түрлі негізде құрылуында болғандығын көрсетеді. «Қазақ» газеті апталық басылым 

болып шықты. 1913 жылдың ақпанынан - 1918 жылдың қаңтарына дейін 3000 дана таралыммен 265 

нөмірі жарық көрді [9]. 

«Қазақ» газеті –сахара халқының тарихындағы ұлттық-демократиялық төл мерзімді баспасөзі 

еді. «Қазақ» газетін шығарушылар халқымыздың ұлттық тұтастығын сақтап, Ресей империясының 

отаршылдық  саясатының  салдарынан  жойылып  кеткен  дәстүрлі  мемлекеттігімізді  қайта 

қалыптастыруға  ат  салысты.  Газет  бетінде  халықты  патша  әкімшілігінің  отарлау  саясатының, 

езгіден құтылудың әдіс тәсілдеріне кеңес береді. Империя қол астына қараған қазақ халқының 1907 

жылғы 3 маусымдағы заңы бойынша Мемлекеттік Думаға сайлану құқынан айырылғандығын жою 

үшін Әлихан Бөкейхан барын салып әрекет етті [3]. Осындай табанды талаптарының нәтижесінде 

«Қазақ» газетін ашқан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатовтар және 

басқа  да  алаш  зиялылары  басылым  арқылы  ағартушылық  қызметпен  қатар,  өздерінің  саяси 

мақсат-мүдделерін де жүзеге асыруға жұмылды. «Қазақ» газетінің алдыңғы басылымдардан басты 

айырмашылығы  да осында [10].

ХХ  ғасырдың  басындағы  бодандық  бұғауынан  бұлқынған  қайраткерлер  тағылымы  ХХІ 

ғасырдағы азат елдің жастарына өнеге. Ендеше, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз. Енді 

Алашты ешкімнің қорлығына бермейміз. Өлер жерден кеттік біз, жасайды алаш өлмейміз» - деген 

Сұлтанмахмұт  данамыздың  жалынын  елін,  жерін,  ұлтын,  дінін,  ділін,  тілін  сүйген  әрбір  өршіл 

азаматтың бойынан көргіміз келетіні ақиқат. 

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, 

Айта бергім келеді, айта бергім, – деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін 

ұлы халықтың ұрпағымыз. Бүкіл ғұмырларын күреспен өткізген арыстармыздың қолы жетпеген 

тәуелсіздікке бүгінгі күні біз қолымызды жеткізіп отырмыз. Сондықтан да Алаш зиялылырының 

қоғамдық-саяси,  құқықтық  ой-пікірді  дамытуға  қосқан  үлестері,  ұлт  болашағы  үшін  әр  бағытта 

атқарған ерлік істері мәңгілік халық жадында сақталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет