Зиялы қауымның, әсіресе, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының қазақ тарихындағы
рөлі өте жоғары, еңбектері ұшан-теңіз. Туған еліміз бен жеріміздің тәуелсіздік алуы - тарихымызды
түгендеуге, ұлттық рухани болмысымызды қалыптастыруға кең мүмкіндіктер ашып отыр.
Халқымыздың сан ғасырлық күрделі тарихында ұлт зиялыларының орны ерекше екендігін түсіне
отырып, ұлт-азаттық ұлы қозғалысқа айналған осы оқиғаның маңызы мен мәнін таразылау – қазіргі
№ 3 (106) 2015
303
Осы орайда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаштың» басты мақсаты
қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни
модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп
көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым
тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді
ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» - деді. Елбасы пікірі баршамызды Алаш аманатын орындауға
шақырады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары – кейінгі ұрпаққа зиялылықтың ерен үлгісін,
тәуелсіз мемлекет дамуының өзіндік жолын көрсетіп кеткен ұлттың нағыз жанашырлары бола
білді. Сондықтан олардың ұлтты ұйыстырудағы, азаттық жолындағы күрестері бүгінгі ұрпаққа
ұлағат деп түсінеміз [1].
Қазақ халқы дербес мемлекет құрудың сан ғасырлық сатысынан өтті. Тамырын тереңге тартқан
қазақ халқы жеке ел болып, дербес мемлекет құрғанға дейін талай белестерден аман өтті. Тарихы
талқыға түсіп, шыңдалған Ұлы дала тағдыры ортақ алуан ұлыстың құтты қонысына айналды.
Зиялылардың көш басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды
білімді азаматтар тұрды. Алаштың ардақты ұлдары дербес мемлекеттілік орнатуды, тәуелсіздікті
ту етті. Аласапыран кезеңде өлкеде өмір сүріп жатқан барша ұлттардың басын біріктіріп, ел болып
қалудың саяси амалдарын қарастырған табанды тұлғалар Алаш автономиясын құрды [2].
Алаш өкіметі жаңа тұрпатты қазақ мемлекеттілігінің бастауына айналды. Алаш өкіметімен
бір тұста Түркістан автономиясы дүниеге келді. Оңтүстік өңірлерді қамтыған Түркістан
өкіметінің басында Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай сынды зиялылыр шоғыры тұрды.
Сонымен қатар, Алаштың көрнекті жетекшілерінің қайраткерлік іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің
әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен тарихта хатталып қалды. Мәселен,
Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлігі, саясат жүргізудегі «батысшылдығы» ерекше көзге түсті,
Ахмет Байтұрсыновтың ең әуелі ағартушылық-ғылымдық пен саяси қимылда байсалдылық және
ұстамдылығы тән болды. Халел Досмұхамедов пен Мұхамеджан Тынышпаевтардың қоғамдық
қайраткерлігінен ғалымдық, зерттеушілік қасиеттері басым жатты. Енді міне, тәуелсіздігін алып
еркін даму жолына түсіп, өз тарихын жаңаша зерделей бастады. Өзінің сан ғасырлық қайғы-
қасіретке толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды
басынан кешірді. Тәуелсіздік алуымызға байланысты ғана әділ бағасын алып, оған қатысушылар
ақталып, шындық айтыла бастады. Қазақтың сан ғасырлық бай тарихы, мазмұнды мәдениеті, асыл
мұрасы, оны білген, ардақтаған, насихаттаған, дамытқан абзал азаматтар аталмады. Тек өздерінің
идеологиясын сөзсіз мақұлдап, мүлтіксіз орындаған, уағыздаушыларға ғана жағдай жасалды. Енді
егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өмірін сарп еткен
асыл азаматтарымыздың ұлт-азаттық күресін толығымен көрсететін кез келді [3].
1911 жылдан бастап шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпы
халықтық басылымға айналған «Қазақ», оның артын ала өмірге келген «Бірлік туы», «Сарыарқа»,
«Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Бірінші орыс ре-
волюциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан
айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде Алаш
зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-
азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Аспендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев
қызметінде одан әрі өрши түсті [4].
Қазақ елінің жүріп өткен жолы, осы жолда жиған мол тәжірибесін ұлттық рухани болмысының
қайнар бұлағына айналдырар қуатты құралдарының бірі-оның ғылыми тарихы. Төл тарихымыздағы
қай мәселені алып қарасақта, күн тәртібіндегі өзектілігін жоғалтпайды. Қазақ халқы қай заманда да
өзінің мәдени дамуына ерекше мән бере білген. Заман өзгеріп, уақыт ілгері жылжыған сайын талаптар
да күрделене түсетіні сөзсіз. Ал біз өз тарапымыздан Алаштану мәселесіне және бір қырынан қарап
көруді парыз деп санаймыз. Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан
Бөкейханов және Міржақып Дулатовтар сол кездері жастары қырықтың қырқасынан енді ғана асып,
ақыл тоқтатқан әрі өздерінен кейінгі толқын ізбасарларына Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар
жалғастығында екеніні ұғындырып кеткен [5].
Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өміріндегі қажеттіліктен
туындағанын айтуға болады. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен-өзі
өсіп жетіліп келе жатты. Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде щаруалар елдегі халықтың
басым көпшілігін құрады. Дума өзі өмірге келген сәттен бастап-ақ бұл мәселені өз назарынан тыс