Түйін сөздер: көшпенділер, жерге орналастыру, Сырдария, Жетісу, «артық жер», қоныс аударушылар.
Еліміз өз тізгінін қолға ұстап, әлемдік өркениет аясында қарқынды даму сатысына қадам басқан
бүгінгі таңда өткен тарихымызды саралап, бұрын тиым салынған ақиқатты бүкпесіз айтатын, оған
жаңа тұрғыдан баға беретін кезең келгендіктен қарастырылып отырған мәселе өзекті екені күмән
тудырмайды. Жер мәселесі мемлекеттің ең басты мәселесі, тіршілік құралы ретінде әлеуметтік-
экономикалық мәнін еш уақытта жоймайды. Қоғам дамыған сайын жер қатынастары ішкі-сыртқы
факторларға байланысты күрделене түседі. Қазақ қоғамында жер дауы мен жесір дауы руаралық
қақтығыстардың негізі болса, патша өкіметінің отарлық саясаты жер мәселесін одан сайын
тереңдетті.
|