Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет517/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

308


1908  жылы  маусымда  министрлер  кеңесі  қазақтарды  қоныс  аударушылармен  теңеріп,  жан 

басына 15 десятинадан жер бөліп беру арқылы отырықшылыққа өткізу керек деп шешім қабылдады. 

Сондай жоба 1909 жылы 12-сәуірде Думаға қарауға берілді. Бұл қоныс аудару мекемесіне жергілікті 

тұрғындардан “артық” деген сылтаумен жерді көбірек алуына мүмкіндік берді.

Сыныққа сылтау іздеген Қоныс аудару басқармасы бұл нұсқауды қазақ даласында өз дегеніне 

жету үшін заң есебінде насихаттап, басшылыққа алды. Бұл шараны жүзеге асыруда әсіресе Жетісу 

облысының қоныс аудару мекемесі белсенділік танытты. Ол жөнінде Велецкий 1909 жылғы қызметі 

жайлы есебінде былай деп жазды: “1909 жылы қырғыздарға (қазақтарға - Л.Д.) тиесілі жер үлесі 

нормасын анықтап, оларды бір жола отырықшы тұрмысқа көшіріп, ал соның нәтижесінде артылған 

жерлерді облыстық отарлау ісіне жарату үшін алғашқы рет облыстағы барлық қырғыздардың жерді 

пайдалану  және  шаруашылық  жүргізу  тәжірибесін  статистикалық  зерттеуге  кірістік.  Сондай-ақ 

жылына екі уезден зерттеп, бұл істі үш жылдан асырмай аяқтау жоспарланып отыр” [1, 113-іс, 89-

п.]. 

Қоныс  аудару  басқармасының  деректері  бойынша  1909-1910  жылдары  ғана  отырықшы 



тұрмысқа өткен қазақтарға жалпы көлемі 384 364 десятина 105 учаске бөлініп берілді [3, 22]. 

Ал, 1913 жылы қазақтарға түпкілікті кесіп беруге жоспарлаған жердің көлемі 400 000 десятина 

болды.  Жетісу  облысында  Қалғоты,  Ырғайты,  Жайылма,  Самсы  болыстарындағы  қазақтарға 

50000 десятина жер белгіленіп, олардан артылған жерді қоныс аударушы орыс шаруаларына беру 

жоспарланған.  Сырдария  облысында  отырықшы  тұрмысқа  өтуге  арыз  жазған  Шымкент  және 

Әулиеата уездері қазақтарына 20 000 десятина жер бөлінген [4]. 

ХХ ғасырдың басында қазақ шаруаларының бұрын болмаған көлемде және жедел қарқынмен 

отырықшы  тұрмысқа  ауысуының  ең  негізгі  себебі  патша  үкіметінің  отарлау  саясаты  болды. 

Жарамды  жерлердің  орыс  поселкелері  иелігіне  алынуы  қазақ  шаруаларын  отырықшы  тұрмысқа 

өтуге  итермелеген  еді.  Мұндай  себепті  қазақ  ауылдарынан  әкімшілік  орындарына  келіп  түскен 

арыздармен танысу барысында байқауға болады.

“Биылғы  жылы  бізге,-деп  жазды  Сырдария  облысы,  Шымкент  уезіне  қарасты  Майлыкент 

болыстығының  №  9  ауыл  қазақтарының  өкілі,  -  әкімшіліктен  ауылға  келген  шенеуніктер  біз 

отырған жер Ресейден келген шаруаларды орналастыру үшін үкіметке қажет екендігін түсіндірді. 

Біз,  ерте  ме,  кеш  пе  жеріміздің  бір  бөлігі  орыс  поселкелері  иелігіне  алынатындығына  көзіміз 

жетіп, бүкіл ауыл болып кеңесіп, мәртебелі мырзадан біріңғай отырықшы тұрмысқа өтетінімізді 

қолдап, жер бөліп берулеріңізді өтінеміз” [5,267-іс,122-п.]. Ал Жетісу облысының Верный уезіне 

қарасты Тайторы болыстығының старшины Санғұлы Жансейітов былай деп өтініш жазды: “Жетісу 

облысында Ресейден келген қоныс аударушыларды орналастыру басталып және оларға ең жақсы, 

топырағы құнарлы жерлер алынып жатқандықтан, біздің көшпенділердің тұрмысы қиындап кетті. 

Сондықтан, біз отырықшы тұрмысқа өтуге келістік” [1, 48-іс, 5-п. ]. Мұндай мазмұндағы хаттар 

үкімет  орындарына  барлық  уездерден  келіп  түсіп  жатты.  Олар  Өзбекстан  Республикасының 

Орталық  Мемлекеттік Мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты 

қорларында көптеп кездеседі. 

1909 жылы қарашада Верный қаласында өткен Жетісу облысы қазақтарының ауыл шаруашылық 

съезіне қатысушылар Жетісу әскери губернаторына жолдаған арызына шаруашылыққа жарамды 

жерлердің азаюына байланысты “қазіргі уақытта, өкінішке орай қазақтардың басым көпшілігінің 

кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға көшіп қонуға қуаты жоқ, сондықтан да 

отырықшылыққа біржола көшті” [1,396-іс, 209-п.] -деп жазды.

Патша үкіметі қазақтарды отырықшыландыру шарасына олардың жерін тонаудың жаңа бір тәсілі 

деп қарады. Бірақ, сонымен  бір уақытта қазақтардың ешқандай кедергісіз отырықшы тұрмысқа 

өтуіне түрлі тосқауылдар қойып отырды. Көп жағдайда жергілікті халықтың отырықшылыққа өту 

үшін  арнайы  жер  бөліп  берулерін  сұранған  өтініштері  жауапсыз  қалдырылды.  Мәселен,  Жетісу 

облысы, Лепсі уезінің Мақаншы-Шілікті болыстығы қазақтары атынан Мірсейіт Елебаевтың, сол 

уездегі Мақаншы-Садыр болыс қазақтарының, Қапал уезі Көлдей-Жұмас болыстығындағы 52 үй 

иелері  атынан  жазған  Досымбек  Төлғозимов  пен  Еренші  Райымбековтердің  өздері  орналасқан 

жерлерге поселке құрып, отырықшы тұрмысқа өтуге рұқсат сұрап жазған өтініштері түрлі негізсіз 

себептермен қанағаттандырылмай, кейінге қалдырылып отырған [1, 13990-іс, 35-п.]. Себебі, қазақ 

шаруалары  өтініштерінде  өздері  бұрыннан  мекендеген  жерлердің  бір  бөлігін  орыс  шаруалары 

сияқты  поселке  құрып  орналасу  үшін  сұраған  болатын.  Ал  бұл  жерлер  ең  құнарлы,  суландыру 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет