Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет516/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

307


Патша  үкіметінің  Оңтүстік  Қазақстан  территориясында  жүргізген  қоныс  аудару  саясатын 

қазақ  қоғамына  қатысты  алып  қарасақ,  бірден  көзге  түсетін  екі  жағдайды  байқауға  болады.  Ол, 

біріншіден, переселен мекемелерінің мүмкіндігінше көп “артық” жер қорын табу болса, екіншіден, 

көшпенділерді жерге орналастыру саясаты болды. 

Қазақ  жерлерін  отарлау  барысында  отаршыл  күштердің  “излишки”,  “жер  нормасы”  сияқты 

ойлап  тапқан  әдістерінің  бірі,  көшпелі  қазақтарды  “жерге  орналастыру”  саясаты  еді.  Еліміздің 

оңтүстігінде  қазақ  ауылдарының  отырықшылануы  өзіндік  ерекшелігі  бар  тарихи  жағдайларда 

жүрді. XІX ғасырдың екінші жартысында қазақтар таптық жіктелу процесі негізінде,    сонымен     

бірге,  өз  шаруашылығын рынок қажетіне бейімдеп, оны жаңа жолмен дамытуға ұмтылу барысында 

отырықшылана бастады. 

Жартылай  көшпелі  өмір  салтынан  отырықшы  тұрмыс  үрдісіне  өтушілердің  саны  үнемі 

көбейіп  отырды.  Отырықшы  болған  алғашқы  жылдарында  жатақтар  егін  шаруашылығын  мал 

шаруашылығымен ұштастыра жүргізді. Одан соң егіншілікке көбірек көңіл бөліп, мал  шаруашылығы  

біртіндеп   егіншілікке   қосалқы кәсіп  бола бастады. Түркістан өлкесінде тексеру жұмыстарын 

жүргізген  сенатор  К.К.Паленнің  айтуына  қарағанда,  “Жетісуда  егіншілікке  жарамды  жерлерде 

қазақтар негізінен алғанда, қысқы қоныстарына жапсарлас жатқан жерлерді өңдеп және жаз кезінде 

өз малын тауға айдап апарып жайып, отырықшы шаруашылық жүргізді” [1, 67-іс, 88 -п.]. 

Көшпелі қазақтарды жер үлесін беріп орналастыру мәселесі дербес, маңызды мемлекеттік саясат 

есебінде ХХ - ғасырдың басында қойыла бастады. Оған себеп болған біріншіден, ішкі Ресейден 

қоныстануға  ағылып  келіп  жатқан  орыс  шаруаларына  “артық”  жер  учаскелерін  табу  қажеттілігі 

орыс  әкімшілігін  жергілікті  халықты  жерге  жаппай  орналастыру  саясатына  көшуге  итермелесе, 

екіншіден, егіншілікке қолайлы құнарлы жерлерінен айырылып қалу қаупін сезінген қазақтар ендігі 

жағдайда отырықшы өмір салтына біржола көшуге көмек сұрап, әкімшілік орындарына арыз жаза 

бастайды. 

ХХ ғасырдың басында қазақ даласында түрлі табиғи-географиялық ортаға сай ерте кезеңдерден 

бері үздіксіз жүріп жатқан қоғамның белгілі бір тобының эволюциялық жолмен отырықшы тұрмысқа 

ауысуына  қарағанда,  отаршыл  Ресей  империясы  әкімшілігінің  жасаған  зорлығы  салдарына 

көшпелілердің еріксіз қысқа мерзімде біріңғай отырықшы тұрмысқа мәжбүрлі өтуі күштірек жүрді.

Көшпелі қазақтарда жер үлесін беріп орналастыру және оларды көшпелі тұрмыстан отырықшы 

тұрмысқа өтуге ынталандыратын іс шаралар жайында алғаш рет 1868-жылғы “Ережеде” айтылып, 

кейінен 1896-жылы Сібір темір жол комитетінде көтерілді. Бірақ , бұл кезде, осы мәселені іс жүзіне 

асыру шаралары жасалынбады. 1905 жылы 5-мамырдағы Жерге орналастыру және Егіншілік бас 

басқармасын құру туралы патша үкіметі жарлығында алғаш рет “бұратаналарға қамқорлық жасау” 

жөнінде  баяндалды  [2,13].  Ал  1907  жылы  жерге  орналастыру  ісі  қоныстандыру  басқармасының 

қолына өтіп, бұл мекемелердің ең негізгі міндеті - қазақтарды жерге неғұрлым көбірек орналастыру, 

қоныс аударушыларға мүмкіндігінше молырақ “артық” жерлер шығару еді.

Жергілікті  әкімшілік  органдары  қоныс  аударушыларды  жер  үлесімен  қамтамасыз  ету  ісін 

қазақ шаруаларын орналастыру науқанымен қатар алып жүру қажеттігін жақсы түсінді. Түркістан 

генерал-губернаторлығына қарасты Жетісу облысы қоныс аудару мекемесінің меңгерушісі Велецкий 

1906 жылы 12-қыркүйекте бұл мәселенің маңыздылығы туралы: “Вопрос о земельном устройстве 

туземцев важен не только в отношении колонизационном, так как в силу местных условий киргиз, 

крупные отводы (земель) невозможны без одновременного устройства киргиз” [1, 38-іс,1-п.], - деп 

көрсетті. Сонымен бірге, Велецкий, “Осы мәселені тезірек шешу үшін Верный қаласында және 

басқа уезд қалаларында мәжіліс өткізу қажеттігін және ол мәжілістерді өзі басқарып, онда үстемдік 

рөлді қоныс аудару мекемелерінің атқаруы керек” - дейді. Осылайша, Велецкий мырза жергілікті 

тұрғындардың өкілдерінсіз-ақ қазақтардың тағдырын сырттан шешпек ниетін ашық білдірді.

Қазақстанның басқа өлкелеріне қарағанда қазақ шаруаларының жаңа жағдайда өз еркімен жер 

үлесін  алып,  отырықшы  тұрмысқа  ауысуы  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  тез  жүріп  жатты. 

Бұл  процесс  қазақ  даласында  жыртылмалы  егіс  көлемінің  өсуіне  алып  келді.  Мысалы,  Жетісу 

облысындағы  қазақ  уездерінде  1906-1909  жылдар  аралығында  егіс  көлемі  147657  мың  га-дан 

238676 мың га-ға дейін өсті [1, 26-іс, 17-п.]. Жергілікті халықты жерге орналастыру, әсіресе құнарлы 

жерлері мол уездерде үлкен қарқынмен жүрді. Себебі, құнарлы жерлерді қоныс аудару қорына алу 

мақсатында көшпенділерге жедел түрде жер нормасын беріп, отырықшыландыру қажет еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет