№ 3 (106) 2015
331
Бұл Тамим ибн Бахр «тоғызғұз хақанына» жасаған саяхатын В.Ф.Минорскийдің зерттеуі
бойынша түріктер туралы жазған араб авторларының алғашқы дерек көзі болып табылады, әсіресе
Ибн Хордадбех, Кудама ибн Джафар, Йақұт және олардың ішіндегі толық нұсқсы Ибн әл-Факихтың
мешхедтік қолжазбасында сақталып, ол одан кейінгі авторларға дереккөзі қызметін атқарды деп
көрсетеді. Авторлардың пайдалануына қарағанда ол саяхат ІХ ғасырға дейін, нақтырақ айтқанда
В.Ф.Минорскийдің көрсетуі бойынша ІХ ғ. 20-жылдары іске асқан болуы керек.
Қорыта келе, орта ғасырларда қазақ жеріндегі этносаяси процестердің даму бағыттары мен
қарқынына елеулі ықпал жасаған араб-ислам өркениетінің маңызы ерекше деп бағалауға болады.
Жаулаушылық, сауда-экономикалық мақсаттармен қазақ жеріне келген араб тарихшы, саяхатшы
ғалымдарының соңында қалдырған аутентивті, компилятивті деректерінің төл тарихымыздың
мазмұнына айқындық берудегі үлкен. Біз мол жазба деректердің арасынан бір ғана авторға
тоқталдық.
Достарыңызбен бөлісу: |