Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
330
Ол айтты: Хишам ибн Абдул-Малик оларды ислам дініне шақыру үшін Түрік билеушісіне елші
жібереді. Елші былай дейді: “Отауына кірген кезімде (билеуші) қолына ат әбзелдерін ұстап тұр
екен. Тілмашқа «бұл кім?» деп айтты. Ол “Араб билеушісінің елшісі” деп айтты. Ол айтты; «ия»
- деп жауап берді. Маған еті көп, наны аз дастарқан жайылған үйге баруыма әмір етті. Бірнеше
күннен кейін әрқайсының қолында туы бар 10 адамды ертіп атқа қонды. Маған атқа мінуге
әмір етті. Ол айналасына ағаш өскен төбеге көтерілгенше біз оған еріп жүрдік. Күн шыққан соң
қасындағы 10 кісінің біріне туын жайып, бұлғауды бұйырды. Ол туды бұлғады. Осыдан кейін, сол
замат «жаһ, жаһ» деп барлығы 10 000 қарулы атты әскер келіп, төбенің етегіне жиналды. Әскердің
қолбасшылары төбеге шығып, патша алдында олардың (әскердің) дінсіздер екендігін мәлімдеді.
Ал ол біртіндеп туды жаюға және оны бұлғауға бұйрық беруді жалғастыра берді. (Олардың біреуі)
осыны орындағанда басынан аяғына дейін қаруланған 10 мың жауынгер келді, осылайша он ту
желбіреп болғанша (олар) төбенің етегіне келіп тұрды. Төбенің етегіне 100 000 бақайшығына дейін
қаруланған әскер жиналды. Сосын тілмашқа, мына елшіге айт, билеушісіне айтсын: «Мыналардың
ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес. Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Егер олар
мұсылман болып исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көрмек” деп айтты.
Бұл мәселеге байланысты Л.Н.Гумилев «Арабтар өз тарапынан түркештерді өздерінің
одақтастары етуге әрекеттенді. Бірақ олардың осы орайдағы тәсілі басқа, яғни исламды насихаттау
болды. Халифа Хишам (724-743) Сұлуға мұсылман дінін қабылдауды ұсынып, оған осы дінді
уағыздаушысын жібереді. Бұл қадам барлық мұсылмандардың рухани әрі шынайы басшысы
халифаға оның саяси бағыныштылықта болуымен байланыстырылды [6, 356-357 бб] дейді.
Түркеш ханы діни бірлік халифке не үшін қажет болып отырғанын өзінің өте жақсы білетінін
аңғартты. Арабтар ол кездері дінге жаңадан тартылғандардан салық алмау жеңілдігін жойған
болатын, яғни мұсылмандар бостылғанымен, дінге жаңадан тартылғандардан харадж алынып
тұратын, сондай-ақ олар өз әскерлерінің қатарын толықтыру үшін пайдаланылатын. Оның есесіне
империямен достық және соғдылық диқандарға қызмет ету түркештерге жібек матамен әрі алтынмен
төленетін. Сондықтан Сұлу халифа әскерлеріне қарсы күресін бүкіл күш жігерін сала жүргізіп,
олардың ілгері жылжуын тоқтатқан-ды.
Келесі сөйлем «Кимек патшаларының және оның қол астындағылары барлығы көшпенділер,
жаңбырмен суландыратын жайылым жер іздеп көшіп-қонып жүреді».
Түріктерде әлде бір адам ұлды болса ол оны балиғатқа толғанша асырап, тәрбиелеп, қамқорлық
жасайды. Сосын оған садақ пен жебе беріп “Өз күніңді өзің көр” деп жібереді. Осыдан кейін ол
бұлармен бөтен адамдар сияқты араласады. Балаларымен осылай қарым қатынас жасау олардың
дәстүрлері, сондай-ақ олардың балалары мен қыздары да солай жасайды.
Олардың үйленуі осылай: қыздар орамалсыз (жүреді), егер еркек үйленгісі келсе өзіне ұнаған
қызға қарап оның басына орамал жабады: егер ол осылай істесе (қыз) оның әйелі болады және оған
әкесі қарсы бола алмайды (қызды тартып ала алмайды).
Тамим ибн Бахр әл-Мутаууа‘йдің айтуынша, олардың елінде (ауа-райы) өте суық және онда
жылдың тек 6 айында ғана көшіп қонуға болады.
Ол тоғызғұз қағанының еліне қағанның өзіне жіберген пошта (байланысына пайдаланатын)
аттарымен сапар шекті. Ол үш пошта бекетін қиындығына төзіп, күндіз-түні жүріп өтті. Ол
бұлақтары мен жайылымдары (бар), бірақ киіз үйде тұратын пошта бекеті басқарушыларынан басқа
ауыл да, қала да жоқ даламен жиырма күн жүрді, соңында киіз үйлерге тоқтады. Ол жерден өзімен
бірге жиырма күнге жететін азық-түлік алып шықты. Осыдан кейін де ол ауылдар мен көптеген
ғимараттардың арасымен жиырма күн жүрді. Олардың тұрғындарының басым көпшілігі мажуси
мазхабын ұстанатын отқа табынушылар. Олардың арасында Мани ілімін қабылдаған зиндиктер де
бар. Осынша күндерден соң ол патшаның қаласына келіп жетті. Ол төңірегінде ауылдар мен елді
мекендер тұрғындары (бар) үлкен, мықты бекінген қала екендігін айтады. Оның (қаланың) көлемі
өте үлкен, он екі темір қақпасы бар. Ол онда (қалада) көптеген тұрғындары, диірмен, базар, сауда
(нүктелері) бар деп айтады. Оның тұрғындарының көпшілігі зиндиктер дінін ұстанады. Ол айтады,
оның пайымдауынша осы (аймақтан) кейін үш жүз фарсах қашықтықта Қытай елі орналасқан. Ол
“Менің ойымша одан да көп” деп қосып қояды. Ол айтты: “тоғызгұз елінің оң жағында басқалармен
араласпайтын түрік елі, тоғызғұздардың сол жағында қимақтар, ал олардың алдында Қытай
(орналасқан) деп хабарлайды. Ол осы қалаға келгенге дейін патшаның алтын шатырын және оның
сарайында тоғыз жүз адамды көргендігін айтады».
|