Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет598/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

362


есептейтін зерттеушілердің көзқарастары шындыққа жанасады. Мұндай жауынгерлер халифаның 

жеке өзімен байланыста болып, соған ғана адал болып қала алатын, алайда, бұл жауынгерлер елдің 

заңымен  қорғалатын  қандай  да  бір  материалдық  мүддеге  қол  жеткізе  салысымен,  басшылары 

үшін  сенімді  тірек  болудан  қалатын.  Мұндай  пікірлерді  әл-Муғтасимнің  гвардияшыларды 

жергілікті тұрғындардан оқшаулау үшін қолданған шаралары туралы әл-Йакубидің деректерінен 

де кездестіруге болады. Тағы бір жағы бар, яғни, қарамағындағы әскерді оқшаулау мақсатына қол 

жеткізу үшін жат жұрттықтар мен құлдардың халифа тұсында жоғарғы дәрежеге ие болып, өзге 

тұрғындардың  табыстарынан  ерекше  жоғары  жалақы  алуы  жергілікті  тұрғындар  арасында  жек 

көрушілік, жақтырмаушылықтың орын алуына да себеп болды.

Бұдан  өзге,  мемлекеттік  табыстарды  бір  деңгейде  ұстап  тұру  халифаттың  экономикалық 

саясатының мақсаты болды. Бұл мақсатқа түрлі жолдармен қол жеткізілді, атап айтқанда мемлекет 

астығына алыпсатарлық жасау, диванға кіргендердің санын қысқарту, қатардағы шенеуніктер мен 

әскердің жалақысын қысқарту мақсатындағы түрлі шаралар. Алайда, ең басты құрал салық режимін 

қатаңдату болатын. Жалпы араб халифатында диван – негізгі әкімшілік мекеме болды. Оған кеңсе, 

қаржы және әскерді басқару бөлімдері қарады. Салық төлеушілердің наразылығын тудырған бұл 

шараларды іске асыру үшін жергілікті тұрғындармен ешқандай да байланысы жоқ, олардан мүлдем 

оқшауланған,  кәсіби  адамдардан  құрылған  күшті  әскер  қажет  болды.  Түрік  гвардиясы  бастапқы 

уақытта бұл талаптардың барлығына да сай келетін.



Түрік гвардиясының саны туралы тарихшы әрі географ әл-Йакубидің (ІХ ғ.) айтуынша, әл-

Мамун билік құрған уақытта әл-Муғтасим Самарқандтағы Нух ибн Асадқа түрік құлдарын сатып 

алу  үшін  өз  адамын  жіберген,  жыл  сайын  барлық  саны  шамамен  3  мыңға  жетпейінше  жылына 

белгілі  бір  мөлшерде  келіп  тұрған.  Әл-Муғтасим  ел  ішінде  де  құлдарды  сатып  ала  бастаған: 

осылайша оның қол астына Ашинас, мамлүк Нуайма ибн Хазима, Итах, Уасиф, Фадл ибн Сахладан 

сатып алынған Сима ад-Димашқи келді.

Әл-Мас›удидің  айтуынша,  Самараның  құрылысы  кезінде  әл-Муғтасимнің  4  мың  түрік 

жасақшылары  болған 

[28,  928],

  анағұрлым  кейінірек  жазылған  деректерде  әл-Муʻтасимнің 

гвардияшыларының саны 70 мыңға дейін жеткен делінеді. Әл-Муʻтасимнің замандасы ақын Әли 

ибн Жахма халифаны былай сипаттаған: «Қарамағында жиырма мың түркі бар, садақты жылдам 

ататын имам» 

[16, 22 б.]

.  

Халифаттың әскер құрамының негізі түркі жауынгерлерінен болу себебі сол бір тарихи дәуірдің 



сұранысы  еді.  IX  ғасырдың  соңы  —  X  ғасырдың  бас  кезінде  Аббасидтердің  түрік  гвардиясы  5 

бөлімшеден тұрған, жалпы саны – 20-25 мың жауынгер болған.

VIII  ғасырда  араб  қолбасшысы  Кутайба  ибн  Муслимнің  Түркістанның  оңтүстігіндегі 

жерлерді, арабша Мауаранахрды жаулап алған заманында түркі құлдары мұсылман билеушілерінің 

сарайларының маңында пайда болды. 751 жылғы Қытайдың Тан империясы мен араб империясы 

арасындағы  Атлах  шайқасы  Орта  Азиядағы  әлемдік  империялардың  күш  тепе-теңдігін  өзгертті. 

Жергілікті  түркі  халықтары  арасында  ислам  діні  мен  араб  империясының  жаулаушылығына  де-

ген мойынсалдық ендігі жерде діни бауырластық сезіміне ұласты. Сол себепті, арабтар түркілерді 

бөтенсінбейтін  болды.  Тарихшылардың  көрсетуі  бойынша  сол  кезде  түркілер  «сенімділігіне, 

батырлығына, тұрқының әдемілігіне» байланысты үлкен сұранысқа ие болған. Аббасид халифалары 

кезінде  түркілер,  өздерінің  санының  аздығына,  құл  ретінде  әкелінгендіктеріне  қарамастан, 

мұсылман қоғамындағы маңызды діни-этникалық топтардың қатарына жатқызылды. Сондықтан, 

түркілерден  құралған  әскерлер  мен  түркілерден  тұратын  әскербасылар  халифат  иерархиясында 

өздеріне лайық орын алды. Халифа оларды араб империясының түрлі ықлымдарындағы тәуелсіздік 

бағыттағы қозғалыстарды басуға да пайдаланды. Осыған байланысты олардың мемлекетті басқару 

ісіндегі рөлі артып, олардан әскербасылар, уәзірлер, уәлилер және тағы басқа да жоғары лауазым 

иелері шықты. Халифат ыдырағанда одан бөлініп шыққан әмірліктердің басында негізінен түркілер 

тұрды және басқа да түркі емес иеліктердегі әскерлер де негізінен түркілерден тұрған.

Қорыта айтқанда, Араб халифаты мен аббасидтер билігі кезінде түркі аттыларының империя 

құрамында  қызмет  етуі  олардың  көне  түркі  дәуірінен  келе  жатқан  жауынгерлік  дәстүрін  сақтап 

қалғандығының  белгісі.  Бұл  кезде  түркі  жауынгерлері  бұрынғыдай  өздерінің  төл  қағанаты  үшін 

күреспегенімен, олар үшін бұрынғы түркілік құндылықтардан көрі, исламдық құндылықтар алға 

шыққан болатын. Сол себептен, олар халифат үшін адал қызмет атқарды және түркі жауынгерлері 

деген атпен тарихта қалды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет