№ 3 (106) 2015
391
көңіл-күй басты, адамдар одан шығудың жолын діннен, діни ерліктерден іздеді...» [1,80] және осы
сыңайлы басқа да көзқарастар басым болып келді. Тек соңғы уақытта ғана бірқатар зерттеушілер,
керісінше, Шығыс елдеріне мұндай ірі жорықтарды ұйымдастыру үшін Батыста айтарлықтай база
болғандығын көрсете бастады [2,56]. Әсіресе еуропалық зерттеуші Дэвид Николь: «ХІ ғасыр Еуро-
па елдерінде орын алған ірі экономикалық өсумен сипатталды. Бірінші крест жорығын жоқшылық
пен шарасыздықтан туындаған діни қозғалыс деп біржақты көрсетуге болмайды» [3, 20], - дейді.
Шынында да мұндай ауқымды халықаралық шараны іске асыру үшін айтарлықтай материалдық
база қажет екендігі түсінікті. Сонымен бірге діни қоздырғыштың болғандығын да жоққа шығаруға
болмайды. Қасиетті соғыс идеясы (мұсылмандық джихадқа ұқсас) христиан дінінде қашан да
болған, және оны көрнекті христиан теологтары қалыптастырған болатын. Әулие Августин өз
шығармаларында, атап айтқанда атақты «Құдай қаласы туралы» («О граде божьем») еңбегінде бұл
мәселені тәкпіштеп қарастырады. Оның ойынша «Адамды зорлықшыл жаулаушыдан қорғау үшін
жүргізілген соғыс әділетті болады», «әдетте әділетті соғыс деп қорлағаны үшін кек алу жолындағы,
бір халықтың екінші халықтан шеккен зорлық-зомбылығына қарсы жүргізілген соғысты айтады»
[3, 244].
Крест жорықтары басталған ХІ ғасырда Шығыстағы жағдай қандай еді?
ХІ ғасырда Палестинада фатимидтер мен селжүктер, немесе исламның шииттік және суниттік
бағыттары арасында өзара қырқыс соғыстар жүріп жатты. Селжүктер жеңіске жетіп, Таяу Шығыста
тұратын христиандарды қысымға ала бастайды. Христиан бауырлары зардап шегіп, ауыр халге ду-
шар болған осы кезеңде еуропалықтар арасында әлі де ұмытыла қоймаған пұтқа табынушылық
уақытынан қалған қанды кек алу дәстүрі христиандық «әділетті соғыс» концепциясына ұласа оты-
рып, жапа шектірушілерден тез арада кек қайтаруды талап етті. Оның үстіне христиандар үшін
қасиетті жер болып табылатын Құдай табыты жатқан Иерусалимді жаулары «заңсыз» басып
алған деп есептелді. Осы кезде Византия императоры Алексей Комнин еуропалық билеушілерден
түріктерге қарсы тікелей көмек сұрайды. Крест жорықтарына ықпал еткен тағы бір қосымша фак-
тор – осы кезде венгрлер тарапынан болып келген үздіксіз шапқыншылықтар басылып қалған бо-
латын. Ал Еуропада кәсібі жауынгерлердің үлкен топтары бірлесіп күресетін ортақ жау болмаған
жағдайда өз агрессиясын бір-біріне қарсы қолданушы еді. Осы кезде олардың Шығысқа назар ауда-
руы Батыстың шаруашылық және мәдени өмірі үшін де аса қажетті де пайдалы еді.
Қарастырылып отырған дәуірде шығыс христиандығының, яғни православие шіркеуі үстем
болған Византия империясы айтарлықтай әлсіреген болатын. ХІ ғасырдың аяғына қарай Визан-
тия империясы Африка мен Азиядағы барлық дерлік иеліктерінен айырылып қалды, бұған Визан-
тия қоғамының іштей дағдарысқа түсуі және бірте-бірте ыдырауы ықпал еткен болатын Сондай-ақ
ұлы мұсылман империясы – Халифат та үш бөлікке бөліп кетеді: Испанияда Кордова халифаты,
Солтүстік Африкада – Египет, Азияда – Бағдад халифаты орнықты. Соңғының өзі де көп ұзамай
көптеген ұсақ иеліктерге бөлініп, олар Бағдад халифіне тек номиналды түрде бағынды. Дамаск
сұлтандығына қараған Иерусалим және бүкіл Палестина жері осы уақытта селжүктердің қолына
көшеді.
Бірін бірі алмастырып жатқан және жаңадан қалыптасып жатқан мұсылман мемлекеттерінің
үздіксіз қырқыстары және Египет билеушілерінің Бағдад халифінің қолынан Сирияны тартып алуға
тырысқан әрекеттері жағдайында бұл бөліске христиан билеушілері де араласып қалғысы келді.
Оның үстіне бұл өзара қырқысып жатқан еуропа билеушілерін топтастыратын ортақ мақсат та
болған еді. Сондықтан да Византия империясының Батыс христиандарынан көмек сұрауы «құнарлы
топыраққа түскен дәнектей» болған еді.
Папа ІІ Урбан христиандар арасындағы өзінің зор беделімен діни күреске шақыруға қолайлы
уақыт туғанын қапысыз көре білді. Ол 1095 жылы өткен Пиаченца және Клермон соборларында Па-
лестинаны азат етуге шақырып үндеу тастады. Жорыққа қатысқандарға күнәларын кешіруге уәде
бере отырып, сонымен бірге соборға жиналғандарға Шығыста ертегідегідей байлық пен қазынаның
жатқандығын тұспалдап жеткізеді. Бұл үндеу рухани да, материалдық та қажеттіліктерін өтеуге
мүмкіндік туғызып тұрғандықтан халықтың барлық топтары аса бір құлшыныспен жорыққа
дайындала бастайды.
Халықтың басым көпшілігі бұл істің шынында да қасиетті екендігіне, Құдайға жағымды іс
екендігіне бар болмысымен сенген болатын, жорыққа қатысуға бел байлағандар йықтарына қызыл
крест тағып алып жатты, жорықтың «крест жорығы» деп аталуына осы жағдай себеп болады. Алай-
да, іс жүзінде бұл атау ресми түрде бұдан көп кейін берілді. Ал жорықтың басталуы уақытында
|